- Аналық жасуша бірнеше үлкенді-кішілі бірдей кіші жасушаларға ыдырайды.
Бинарлы бөліну - Екі бірдей жаңа кіші жасуша түзілетін бөліну түрі.
Фрагментация - Түрдің бір немес бірнеше бөліктерге бөлініп, ол бөліктерден әрі қарай жаңа түрдің түзілуі. Мұның негізінде регенерация қасиеті жатады.
Споруляция - Споралар – саңырауқұлақ және өсімдіктердің арнайы жасушалары арқылы көбею.
Вегетативті көбею - Вегетативті көбею кезінде жаңа түр не анасының бөлігінен, не ерекше құрылымдардан дамиды (бадана, түйнек, т.б.)
Тамырлары арқылы көбею - Таңқурай мен сливада кездеседі.
Бүршіктену арқылы көбею Жапырақ арқылы көбею Полиэмбриония - Эмбриональді даму барысында бір зиготадан бірнеше егіз ұрық дамиды. Ұрпақ әрқашан бір жыныстан болады.
Клондау - Жыныссыз көбеюдің жасанды түрі.
- Клон-генетикалық ұқсас ұрпақ, бір түрді жыныссыз көбеюдің белгілі бір түрін қолдану арқылы алынады. Ең алғаш 1997 жылы клондау арқылы Долли қойын алған.
Жынысты көбеюдің ерекшеліктері - 1. Көбеюге екі ата-аналық түр қатысады.
- 2. Ұрпақ генотипі екі гаметаның қосылуы нәтижесінде ата-ананың екеуіне де тән гендердің комбинациясы арқылы қалыптасады.
- 3. Ұрпақтың генетикалық әртүрлілігі ұлғаяды.
- 4. Ата-анасымен салыстырғанда тіршілікке қабілеттілігі жоғарылайды.
- КОНЬЮГАЦИЯ-
- бір түр арасындағы даралардың генетикалық ақпаратпен алмасуы.
Гаметалардың қосылуы - Жыныс жасушалары – гаметалар жануарлардың жыныс бездерінде дамиды. Аталықтардың жыныс безінде сперматозоидтар, ал аналықтарда жұмыртқа жасушалары түзіледі. Жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі, одан жаңа организм пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |