Бөж тақырыбы: юнеско бүкіл әлемдік мәдени байлықтары тізіміне енген ҚР аумағындағы мәдени және тарихи ескерткіштер



бет4/4
Дата14.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470775
1   2   3   4
казак тылы софия

Қорытынды Қорыта айтқанда ЮНЕСКО мәдени мұраларды қорғауға алып, тізімге енгізіп қана қоймай, арнайы мамандарды да даярлайды. Жыл сайын Корей Республикасында арнайы курс ұйымдастырылып, эксперттер оқытылады. Бүгінгі таңда еліміздегі санаулы эксперттің бірі Назым Малибаеваның тақырыпқа қатысты пікірін білген едік. «Әр мемлекет әлемдік материалды емес мәдени мұра тізімінен бөлек, өз ішінде де жеке тізім жасап, жыл сайын толықтырып отыруы керек. Өкінішке қарай, біз қазір бұрын жасалған тізіммен ғана отырмыз. Өзгерістер мен толықтырулар жоқ. Сонымен қатар, орталықтандырылған мекеме де жоқ. Түрлі федерациялар өз бетінше жұмыс жасап жүр. Жүйелі түрде жұмыс жасалмағандықтан, нәтиже де аз. Мысалға, Оңтүстік Кореяны алайық. Олар алдымен провинция, кейін республикалық дейгейде тізім жасаған. Сол тізімге сай жұмыстанады. Материалды емес мәдени мұрамен айналысатын мекемелері де бір жүйемен қызмет жасайды. Бір ғана мысал айтайын. Жонжу деген қала бар. Осы қалада орналасқан барлық мекемелер аталған мұрамен ғана айталысады. Бұл сақтау, дәріптеу, насихаттау. Керек десеңіз өзге қалалардан мектеп оқушылары арнайы келіп, білім алады. Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеу ісі бір жолға қойылған. «Ұстаз – шәкірт» дейді бұл үрдісті. Бізге де осы өте-мөте қажет. Кәрістермен қатар, Қытай мен Вьетнам да өздерінің мәдени мұраларын сақтауда көп жұмыс істеп жатыр. Сол жақтың білім мен мәдениет министрлігі мектеп жасындағы балаларға құнды мұралар жөнінде оқыту үшін сабақтан тыс қосымша білім беру дәрістерін ұйымдастырады. Бұның бәрін Қазақстанда да жасауға болады. Бірақ материалды емес мәдени мұра туралы арнайы заң керек. Десек де біздің басты міндет өз мұрамызды ЮНЕСКО-ның тізіміне көптеп қосу емес. Қазіргі басты мақсат – мұраны сақтап, келер ұрпаққа аманаттап тапсыру. Иә, мәдени мұраларымызды қастерлеу, оны кейінгі ұрпаққа аман жеткізу – баршамызға ортақ міндет. Ұлттық болмыспен үндескен ұлы құндылықтарымыз жаңа дәуір тоғысында жаңа биікке көтерілуге тиіс. Рухани мұраларды сақтау – гуманитарлық саясат пен мемлекет тұтастығының негізі.

Қолданылған әдебиеттер: Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я., Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути, А., 2001. К. Байпақов Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999. Евдокимов В. Казахстан в древности. Қарағанды, 1991 Әбдіров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией. Астана, 2000. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах XVIII в. – Алматы, 1948

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет