Бөж тақырыбы: юнеско бүкіл әлемдік мәдени байлықтары тізіміне енген ҚР аумағындағы мәдени және тарихи ескерткіштер



бет2/4
Дата14.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470775
1   2   3   4
казак тылы софия

Таңбалы петроглифтері
Таңбалы петроглифтері тас немесе арнайы металл құралдармен пикетаж техникасымен қашап салынған. Құжаттау жұмыстары барысында олардың барлығы 48 жеке кешендерге бөлінген. Билеп және жалбарынып жатқан адамдар тізбегінің үстінен қашалып салынған «күн басты» алты құдайдың бейнесі өзінің өлшемі мен керемет композициясы жағынан жартасқа салынған сурет өнерінің жауһары болып есептеледі. Таңбалыдағы ерте дәуірге жататын петроглифтердің үлкен көлемі, бірегей бейнелену мазмұны мен иконографиясы жағынан Орталық Азияның аса құнды жартас суреттері қатарына қоюға болады. Көпшілік петроглифтер басты шатқалдың орта және төменгі бөлігінде, Таңбалы тауына жалғасатын негізі шатқалдан солтүстік-батыстағы сайда орналасқан. Алты негізгі топқа кіретін суреттердің жалпы саны – 3200. Таңбалыдағы ЮНЕСКО-ға кіретін ескерткіштерден басқа қалған аумағынан тағы да 2000 петроглиф анықталды. Олардың ішінде 30 «күн басты» құдайларнемесе абыздар, киініп жасанғандар, шоқпар ұстаған жауынгерлер, некелі жұбайлар және жас босанған әйелдердің бейнелері, сондай-ақ адамдар мен жануарлар бейнеленген көп мәнерлі композиялар, аң аулау сәті мен құрбан шалу көріністері, торланған бұқалардың, жылқылардың бейнелері бар. Арба бейнелері мен «құдай табанының» іздері сирек кездеседі, бірақ күнге байланысты белгілер өте көп. Петроглифтердің көпшілік бөлігі қола дәуіріне жатады. Сақ дәуіріндегі «аң стилінде» орындалған суреттер негізінен біршама ежелгі петроглифтерден бөлек орналасқан, бірақ кейбір жағдайларда олармен аралас немесе олардың үстіне салынған. Орта ғасырға жататын жартас суреттері жақын маңдағы шатқалдарда, тұмсықтарда және іргелес жатқан сайлардағы тастарға қашалып салынған. Орталық кешен петроглифтердің өте тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Алтарьлар құрбан шалатын салтанатты шаралар өткізуге арналған орын болуы мүмкін деп жорамалданады. Жартастарға жазулар да қашалған, яғни орталық шатқалда көне түрік руналық және ойрат жазулары бар. Шошқалыға өтетін шатқалдан жақында екі тибет және бірнеше анықталмаған жазулар табылды. 2004 ж.Таңбалы археологиялық ладшафты петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіл Әлемдік мұралар тізіміне енгізіледі. Таңбалы төмендегі өлшемдер бойынша аталды: «Қасиетті бейнелері, алтарьлар мен құрбандық орындары бар петроглифтер тобының көптігі және өзара үйлесімділігі, олармен бірге қоныстар мен жерлеу орындарының байланысы Орта Азия даласындағы көшпелілерінің қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі материалдық өмірі мен наным-сенімдерін куәландыруды қамтамасыз етеді. Таңбалының табиғи ландшафты өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жергілікті түрі бойынша да бірегей болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет