Бөж тақырыбы


Физика Ғарыштық геодезия



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі4.01 Mb.
#479961
1   2   3   4
Автоматтандыру 4 нед. Айша

Физика
Ғарыштық геодезия
Электроника
Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады.
Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:
-арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б;
-бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б;
-вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады.
Геодезиялық өлшеулердің әртүріне лайықты арнайы есептеу схемалары таңдалынып алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша қүрал-жабдықтар: кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары, т.б. қолданылады.
Инженер-геодезист геодезиялық аспаптарды таңдау үшін және оларды оңтайлы қолданып, қажет болған жағдайда ақаулықтарын жоя білуі керек, сондықтан олардың құрылымын жетік меңгерулері шарт, сонымен қатар жаңа жоғары өнімді геодезиялық құралдардың өңдеуіне қатысулары шарт.
Қазiргi геодезиялық құралдарға қойылатын шарттар келесідей талаптармен анықталады:
- геодезиялық өлшемдердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылату қажеттiлiгімен және экономиканың даму қарқынымен;
- геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру өзектiлiгі және үлкен масштабтағы түсiрістер;
- құралдарды эксплуатациялау, тасымалдау және сақтау шарттарымен;
- зауыт-аспап жасап шығарушылардың техникалық және технологиялық мүмкiндiктермен;
- тұтынушылардың сұраныстарымен.
Заманауи геодезиялық құралдар еңбектiң жоғарғы өнiмдiлiгiн далалық жағдайларда тасымалдау және эксплуатациялаудың жоғары сенімділігін, сонымен қатар өлшеу опрецияларының оңай және ыңғайлылығын қамтамасыз етуi керек.
Қойылған талаптарды тек қана габариті және массасы аз, коорозияларға және басқа қоршаған орта күштеріне қарсы тұра алатын, ыңғайлы автоматтандыру элементтері бар құралдар қанағаттандыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет