Бойынша әдістемелік ұсыным Астана, 2023



бет7/22
Дата16.01.2024
өлшемі87.45 Kb.
#489230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
04.01.24 ж Қазақ тілі ӘҰ

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссенің құрылымы мен даму желісін сақтамайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда қиналады, өз ойын дәлелдеп (аргументативті эссе) жаза алмайды. 7-8 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда, өз ойын дәлелдеп жазуда 4-5 қателіктер жібереді (аргументативті эссе).

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе).

Әдеби тіл нормалары

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін толық меңгермеген, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда толық қолдана алмайды, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен.

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда 1-2 қателіктер кездеседі, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (3-4) жіберіледі

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда қолданады, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.



10-сынып ҚГБ








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет