«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
|
Төмен көрсеткіш 1-2 балл
|
Орташа көрсеткіш 3-4 балл
|
Жоғары көрсеткіш 5 балл
|
Оқылым
|
Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.
|
Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады.
|
Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады.
|
Жазылым
|
Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.
|
Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.
|
Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.
|
Әдеби тіл нормалары
|
Сөйлемді дұрыс құрмайды, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.
|
Сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.
|
Сөйлемдер логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.
|
6-сынып
Достарыңызбен бөлісу: |