Бойынша әдістемелік ұсыным Астана, 2023



бет6/22
Дата16.01.2024
өлшемі87.45 Kb.
#489230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
04.01.24 ж Қазақ тілі ӘҰ

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.

Әдеби тіл нормалары

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдануда шатастырады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін толық түсінбейді, сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен.

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдануда 3-4 қателік жібереді, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін толық түсінбейді, сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен,
орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін түсінеді, мағыналық жағынан ажырата алады.



8-сынып






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет