Бөкетов, Қ. Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. 2006. 21 наурыз (№4)



Дата25.02.2016
өлшемі37.11 Kb.
#21174
Бөкетов, Қ.

Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. - 2006. - 21 наурыз (№4)
1931 жылдың жазы. Қуаңшылық, жаппай ашаршылық жайлаған уақ. Сол жылы тағдыр тауқыметімен Челябі облысы Мокроусов ауданына (қазіргі Қорған облысы) көшіп кеттік. Кіші Кизак деревнясында Иван ағайдың бөренеден салынған үйіне орналастық. Ағам, алты жасар бала Ебней орысша білмесе де, орыс мектебіне оқуға барды. Алғашқы мұғалимасы Августа Иустиновна Тарасованың табандылықпен үйретуімен жəне ерекше ынта-жігері арқасында бір жылда барлық пəнді жете меңгеріп, көктемде екінші класқа көшірілді. Орысша жақсы сөйлейтін дəрежеге жетті. Сөйтіп, əке-шеше, туысқандарына сүйеніш болған сүйкімді Ебней «тілмəш бала» атанды.

Ебней өмірінің соңғы күніне дейін ұстазын, алтын ұя мектебін ыстық сағынышты сезіммен есіне алып жүрді 1981 жылы сол елді мекенге арнайы барып та қайтқан болатын. Бірақ мектепті де, Августаның туысқандарын да таба алмапты. Тек Мокроусова селосындағы өлкетану мұражайынан ол кісінің ұлы, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Герман Федоровичпен қатар түскен сүретін көреді. Сонда ғана Ебней сүйікті ұстазының аты-жөнін толық оқыған, əйтпесе Аугустина Устеновна болып қана есінде қалыпты. Ал тегін білмейді екен. Сөйтсе, Малый Кизак селосының тұрғыны Аугустина Иустиновна Тарасованың ұлты поляк болып шыққан. Патша өкіметі өмірбақи жер аударған революционерлер əулетінің қылы екен.

Ебней екінші класты сол маңда Купино селосындағы бастауыш мектепте (Макушин ауданы, Қорған облысы) жалғастырады. Үшінші класты Чаглин бастауыш мектебінде оқиды. Нағашысы жұмыс бабымен басқа жаққа көшкенде, Ебнейді Петропавл қаласындағы таныстарының үйіне орна-ластырып, үшінші класты аяқтатады. Тек төртінші кластың екінші тоқсанынан бастап, аттестат алғанына шейін осы Марьевск орта мектебінде (қазіргі Сергеев ауданы Солтүстік Қазақстан облысы) оқыған Бұл аймақ - (қашаннан екені беймəлім) біздің арғы ата тек - үрім-бұтағымыздың өсіп-өнген жері.

Ебней төртінші класқа өткенде, мен біріншіге бардым. Халықтық дəстүр бойынша ағам атамның атымен Бөкетов (Букетов), ал мен əкемнің есімімен Арыстанов болып жазылдық. Екеуімізді апалы-сіңілілі мұғалімдер оқытты. Ебнейді - Анна Ивановна, мені - Мария Ивановна. Сірə, Ебней ұстазы Анна Ивановнаға мен туралы айтса керек. Бірде Мария Ивановна кезекті сабақ басталмас бұрын фамилиямды сұрады.

- Арыстанов,- дедім.

- Ал төртінші класта ағаң оқи ма?

- Иə.

- Оның фамилиясы?



- Бөкетов.

- Сонда қалай?

Мария Ивановна маған таңдана қарады. Біздің əңгімеміз осымен тəмам болды. Өйткені орыс тілін жетік білмейтіндігімнен, мен ол кісіге бар жағдайдың мəнісін ашып түсіндіре алмаған едім. Мария үн-түнсіз дəптерімді алды да, сыртындагы фамилиямды Бөкетов (Букетов) деп жөндеді. Сөйтіп мен де Бөкетов атандым.

Сол жылы алғашқы қар түсісімен Ыбырай аға Ебнейді елге оқуға алып кетіп, екеуміз жазғы, қысқы демалыста ғана кездесіп жүрдік. Қуанышты қауышулар əлі күнге есімде!.. Алғашқы екі-үш күнде Ебней əкеме үй шаруасына көмектесетін, онан соң колхоз бригадирі Михаил Козловқа барып жұмысқа орналастыруын өтінетін, Ол кісі қуана келісіп, ағамды селодан бірнеше шақырым жердегі егіс алқабына алып кететін. Ебней қос пар егіз жеккен қос тісті соқамен жер жыртады Өгіздерді жас қыздар айдайтын Күндік мөлшер (1,2 гектар) орындалмайынша өгіздерді доғармайтын.

Көктемгі жер жыртудан соң шөп шабу басталады Оған бүкіл колхоз болып ат салысамыз. Мектеп оқушылары, яғни біздер шөп шабатын косилкаларға жегілген өгіздердің алдында жайдақ аттармен жүріп отырамыз. Егер «Красная планета" колхозының құжаттары (Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауланы Двойники селосы) күні бүгінге шейін сақталған болса, Женя - Евней Бөкетовтың (деревняда оны осылай атайтын) 1939-40 жылдардағы жазғы демалыста қанша еңбек күні болғанын анықтауға болар еді. Ол кезде колхозшылар ертеден қара кешке дейін жұмыс істейтін. Евней ара-арасында кітап оқуға да уақыт табатын. Жауынды күндерде көркем шығарма оқитын еді. Əлі есімде, ағамның бірінші класты тəмамдап елге оралғаны. Орысша тілін сындырған Евней сол кездері маған керемет зорайып кеткендей əсер еткен-ді. Əсіресе, мектептен жалтылдаған темір түйреуіш қадап, мойнына галстук тағып оралғанда, туған-туысқан алдында абыройы онан да асқақтай түскентін. Кейін өзім де осындай галстукті мақтанышпен тағып жүрдім. Арамыз үш-ақ жас болса да, мен оны үлкен санап, «Бапа» (аға) деп атағаным бар. Бұл құрметті атпен кейін іні-қарындастарым, балалары да атап кетті.

Ебней өте жақсы оқыды Қоғамдық істерге белсенділігі, оқудағы үлгерімі үшін үнемі ынталандыру сыйлықтарын алып жүрді. 7 класты аяқтағанда Алтай өңірі бойынша тегін туристік жолдаманы жеңіп алды. 15 оқушыдан құралған топтың кішкентайы Евнейтін.



Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінде А.С.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, тағы басқа ақын-жазушылардың шығармаларын нақышына келтіре жатқа айтатын. Мектеп сахнасындағы спектакльде өзі ре-жиссер, өзі кейіпкер ролін сомдаған Евнейді кластастары, достары тамсана айтып отыратын. 7-8 класта оқып жүріп А.С.Пушкиннің «Тас мейман» драмасын сахнаға шығарып, басты кейіпкер Дон Гуанның бейнесін өзі жасаған Бұл дəстүрді кейін академик, профессор болған кезінде де жалғастырды. Өз балаларын, жиендерін де осы рухта тəрбиеледі. Мұндай мерекелік сəттерді міндетті түрде жаңа жыл қарсаңында ұйымдастыратын.

Жаңа жылды бүкіл туған-туысқан, бала-шаға боп Евнейдің үйінде қарсы алатынбыз. Сондай көңілді болатын. Балаларымыз өз өнерлерін көрсететін. Онан соң Евнейдің басшылығымен олар қабырға газетін шығарады. Солардың бірі - 1977 жыл қарсаңында шыққан қабырға газет өзінің мұражайынан орын алды. Біз Евнейді əзілдеп «бас редактор» атайтынбыз. Газетке балалармен қоса бəріміздің жетістік-кемшілігімізге қатысты əзіл шумақтар жазылатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет