4. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
ҒЗЖ-мен жұмыс жасау барысында алынатын нәтижелер (таңдалған тақырып бойынша ғылыми форумдар мен конференциялар шеңберінде мақалалар мен баяндамалар дайындау) шетелдік және отандық журналдарда жарияланады: "Жас ғалым", "Болашақ" университетінің хабаршысы", "Қазақстанның ғылымы мен өмірі", "Шоқан тағлымы" және т. б.
Күтілетін ғылыми және техникалық нәтиже:
- ҒЗЖ тақырыбына сәйкес тиісті теоремаларды дәлелдеуді (ережелер, әдістер және т. б.) талдау;
- зерттелетін объектілердің басқалармен тікелей/жанама себеп-салдарлық қатынастарын, соның ішінде қойылған мәселені шешу үшін қажетті қолданыстағы алгоритмдерді жаңғыртуды зерттеу;
- білім беру технологияларын әзірлеу/енгізу (басқа объектілермен өзара іс-қимылдың инновациялық әдістемелері және т. б.);
- білім беру процесінде практикалық оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар/ұсыныстар беру.
Алынған ғылыми нәтижелерді қолдану: ЖОО, кәсіптік, жоғары колледждер мен орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінде ғылыми нәтижелер қолдану.
Оқу процесіне ғылыми нәтижелерді енгізу:
- студенттерді оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарға тарту үшін дәріс және практикалық сабақтарда әдістемелік материалдар, оқулықтарды жазу барысында әзірлемелердің нәтижелерін пайдалану;
- оқу процесіне курстық және дипломдық жұмыстар, диссертациялар, жобалар, семинарлар мен конференциялар түріндегі ғылыми зерттеулердің элементтерін енгізу;
- оқу, оқу-әдістемелік және әдістемелік құралдар мен оқулықтарға ғылыми жобаның зерттеу материалдарын енгізу;
- ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білім беру жүйесіне зерттеу нәтижелерін енгізу;
- білім алушыларды ғылыми жобаларға баулу пәндерді оқу кезінде практикалық дағдыларды алуға, білім деңгейін арттыруға, кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал етеді, білім алушыларды зерттелетін саладағы жаңа жетістіктермен таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |