Әнұран орындалады.
Тұңғыш Президент.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір фонда киіз үйдің шаңырағы бейнеленген, одан күн сәулелері тәрізденіп ертегідегідей арғымақтардың қанаттарымен безендірілген уықтар тарайды. Мемлекеттік Елтаңбаның негізіне алынған шаңырақ ошақты, дүниенің біртұтастығын білдіреді. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар.
Тұғырлы туымыз
Ту – ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. Алғаш рет ту осыдан бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста пайда болды. Бұл құстардың, аңдардың, құдайлардың бейнелері салынған ту болатын.
Ең көне ту Иран елінің аумағында табылған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Бұл ту – төртбұрышты металдан жасалған.
Қазіргі қолданылып жүрген тулардың алғашқысы болып Чжод деген Қытай императорының туы саналады. Оның түсі ақ болған. Бұл түс көштің, биліктің белгісі болып есептелген. Сондай-ақ осыған ұқсас тулар Үнді елінде және Таяу Шығыста пайда болған. Біздің заманымыздың бірінші мың жылдығында олар Еуропаға келген.
ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика – латын тілінен алынған сөз. Ол “елтаңба тану” дегенді білдіреді. Геральдика ілімінің негізін салушы ХVII ғ. француз ғалымы Менестре болған.
Әр елдің ұлттық туларында әртүрлі түстер қолданылады. Соның ішінде жиі кездесетіні – үш рең, яғни үш түрлі түстен тұратын тулар.
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс – аспанның белгісі. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Алғашқы геральдистердің бірі Аксельм жасаған кесте бойынша, көк түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Сенімділік, үміт сияқты адам қасиеттеріне жақын келеді.
Біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне шетелдік мамандар жоғары баға берген. Мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық бейнесі. Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |