Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
«Ертегілер әлемінде»
Өткізген: «Қыран» тобы
Топ жетекшісі: Бекмұханова.Н.Ә
Маусым. 2024 жыл
Сабақ тақырыбы: «Біз арманшыл баламыз»
Сабақ мақсаттары:
Туристік экскурсиялар, экспидициялар арқылы оқушының
мамандығына және туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту. Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Тарихы мен дамуы
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті.
Қазақ халқының қол өнер туындылары тұрмыстық туындылары тұрмыстық заттар, батырлардың ер тұрмандары мен сауыт саймандары, хандардың билік белгісі асатаяқ, ханша Фатиманың камзолының көшірмесі, кіші жүз хандарының портреттері бар.
Музейде археология, орта ғасырлық Алтын Орда кезеңінің және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облыстық білім мен ғылым өнерімен мәдениет салаларының даму тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республиаксының тәуелсіздігіне арналған залдар бар. Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне өз үлесін үнемі қосып отырады. Социологиялық зерттеулердің ұлттық мұраларға жастардың қызығушылығын арттыра түскендігін ескере отырып, музейдің ғылым қызметкерлері мектеп, лицей, гимназия мен колледждердің оқушыларына арнап музейлік педагогикалық бағдарламалар жасайды. Бағдарламалар музейдің түрлі жұмыстарын біріктіреді. Бұл экскурсиялар, лекциялар, музейлік сағаттар, әңгіме кештері өткізіліп тұрады.
1. "Мұражай" сөзі қай тілден аударылады, қандай мағына береді?
2. Мұражайдың атқаратын ролі?
3. Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы қашан, кімнің бастамасымен ашылды?
4. Мұражай экспонаттары?
5. Мұражай залдары?
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!
Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.
Оқушыларды топтарға бөлу
Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу
Әрбір оқушыны жекелей қадағалау
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
Технологиялық процестің орындалуын бақылау
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |