БолашақТЫҢ іргесін бірге қалаймыз! қазақстан. 2017 мақсаттары ұлттық іс-қимыл жоспары



бет2/3
Дата28.06.2016
өлшемі483.13 Kb.
#163554
1   2   3

орта білім беруде:

Ақпарат көлемі әрбір 9 айда еселеніп отырған жедел өзгерісті әлем жағдайында баланы академиялық білімге ғана емес, қажетті ақпаратты дербес іздеуге, талдау мен тиімді қолдануға үйрету маңызды. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орта білім беру жас қазақстандықтарға ақпараттық ағында тез бағдарлануға және заманға сай табысты және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бұл үшін біз:



  • оқушыларды бұдан арғы өмірі мен кәсіби қызметі үшін қажетті ептілік пен дағдыларды дамытуға бағдарлай отырып, орта білім беретін мектептерді 2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне көшіру үшін жағдай жасауға;

  • еліміздің барлық өңірінде басқа мектептерге оқыту сапасын өсірудің жаңа деңгейін ұсынатын, орта білім берудің ту ұстаушысы болатын «Назарбаев интеллектуалдық мектептерін» ашуға;

  • сапалы білімге тең жағдайлар мен қолжетімділік жасауға ниет білдіріп отырмыз. Бұл үшін біз үш ауысымды оқытуды және авариялық оқу орындарын жоямыз, барлық мектептердің 30%-ында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға тең қолжетімділік үшін жағдай жасаймыз, білім беру ұйымдарының 90%-дан астамын кең жолақты Интернетке қосамыз және олардың 60%-ына электрондық оқыту жүйесін енгіземіз;

  • республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен кемінде 400 мектеп салуға;

  • мұғалімдердің орташа жалақысының мөлшерін жеке сектордағы орташа жалақының деңгейіне дейін жеткізуге;

  • жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесін 50%-ға дейін арттыруға;

  • Педагогикалық шеберлік орталықтарында және «Өркен» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге жалақыны 30-дан 100 пайызға дейін ұлғайтуға;

кәсіптік-техникалық және жоғары білім беруде:

  • бизнес пен жұмыс берушілерді кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі мен ұйымдарын басқаруға, олардың қызметіне жәрдемдесуге, кәсіби стандарттарды әзірлеуге, оқитындарды практикалық даярлауға, түлектерді сертификаттауға және жұмысқа орналастыруға кеңінен тартуды қамтамасыз етуге;

  • жеке сектормен бірлесіп, еліміздің әрбір өңірінде еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіптік-техникалық колледждер ашуға;

  • жұмыс берушілермен бірлесіп және алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес «Кәсіпқор» холдингінде кәсіби кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы тәжірибесін тиімді пысықтауды қамтамасыз етуге және оны техникалық және кәсіптік білім беретін басқа да ұйымдарға таратуға;

  • Қазақстанның жоғары мектебінің сапалы өсуінің көшбасшысы ретінде «Назарбаев Университетін» жан-жақты дамытуды қамтамасыз етуге, оның атқарған маңызды істерін елдің жетекші университеттеріне жүйелі көрсетуге;

  • елдің жоғары мектебінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуын қарқындатуға, оқушылар мен кәсіби оқытушылар құрамының академиялық және ғылыми ұтқырлығын дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге;

  • жоғары оқу орындарының 65%-ында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге;

  • білім беру сапасының халықаралық стандарттары, жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу және олардың желісін жетілдіру негізінде жоғары білімі бар мамандар даярлаудың жаңа сапасын қалыптастыруға;

ғылым саласында:

  • ғылымға мемлекеттік шығыстардың көлемін ЖІӨ-нің 1%-ына дейін жеткізуге;

  • университеттер мен ғылыми ұйымдарда, базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруда және тәуелсіз мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамада және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруда ғылыми зерттеулерді басым дамытуға негізделген ғылыми-инновациялық жүйені қалыптастыруға;

  • ғалымдар мен өндірушілерді өнеркәсіптен ғылымға тікелей тапсырыстар жасау арқылы біріктіруге;

  • бизнесті университеттермен ықпалдастыруға, онда «Назарбаев Унирвеститеті» негізгі рөлді атқарып, болашақтың инновациялық экономикасының бесігі, елдің жүйе құраушы инновациялық-зияткерлік орталығы болуына;

  • зерттеушілердің негізгі күш-жігерін ғылымның
    5 басымдығын: энергетика, шикізат пен өнімді тереңдетілген өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, өмір туралы ғылымды, елдің зияткерлік әлеуетін іске асыруға бағыттауға;

  • инновациялық үдеріске және ғылыми жетістіктерді практикаға нақты енгізуге бағдарланған зерттеу университеттері мен жоғары оқу орындарын қалыптастыруға ниет білдіріп отырмыз.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ ҚУАТЫ

Болашақтағы жоғары білімді қазақстандық жеке табысқа қол жеткізіп, тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады. Сондықтан партия таяудағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға бағдар ұстайтын болады. Біздің жұмысымыздың басты көрсеткішін біз жалпы өлімді кем дегенде 15%-ға азайтудан және өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіруден көреміз.



Бұл үшін партия мыналарға қол жеткізетін болады:

медициналық қызметтер сапасын арттыру саласында:

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру;

  • медициналық қызметтер көрсетудің бәсекелі ортасын, оның ішінде жеке меншік медицина ұйымдарының үлес салмағын 16%-ға дейін жеткізу есебінен қалыптастыру;

  • дәрігер мен медицина ұйымын еркін таңдау;

  • азаматтар қызметтер көрсету сапасын жақсартуға тікелей қатыса алуы үшін барлық республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында байқаушы кеңестер енгізу;

  • медицина қызметкерлерінің түпкі нәтижеге бағдарланған сараланған еңбекақы төлеу жүйесін толығымен енгізу;

медицина қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін:

  • республика азаматтары үшін медицина қызметтерін алуда тең жағдайлар жасау, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тұрғылықты жеріне қарамастан дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

  • халықтың денсаулық сақтауға жеке бейресми төлемдерінің деңгейін азайту;

  • жоғары технологиялық медицинаны дамыту. Ұлттық медициналық орталық және «Назарбаев Университеті» Өмір туралы ғылым орталығының базасында регенеративтік медицина, молекулярлық биология және жасушалы технологиялар бойынша зерттеулер жүргізілетін болады. Органдар мен тіндерді трансплантациялау орталығы және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін радиологиялық кластер құрылатын болады;

  • «Денсаулық» медициналық поездар желісін дамыту, олардың арқасында жоғары технологиялық медициналық көмек Қазақстанның ең шалғай аудандарының тұрғындарына көрсетілетін болады;

  • әрбір облыста кемінде бір-бірден тікұшақтың болуын қамтамасыз ететін медицина авиациясын дамыту;

  • медицина ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстыруды жалғастыру есебінен және денсаулық сақтау ұйымдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізу есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының автономдығы мен дербестігін арттыру;

  • кемінде 350 денсаулық сақтау объектісін, оның ішінде 300 дәрігерлік амбулатория, 43 емхана мен 7 фельдшерлік-акушерлік пункт салу.

қажетті өмір сүру жағдайын жасау үшін:

  • халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ізінше шылым шегуді, нашақорлықты және алкоголді шектен тыс пайдалануды 15%-ға азайту;

  • азаматтарды 25%-ға дейін, балалар мен жасөспірімдерді 12%-ға дейін қамтуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдану;

  • оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарай отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру;

  • жалпыға бірдей экологиялық білім беру жүйесін құру жолымен азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту. Экологиялық ағарту білім беру үдерісінің барлық деңгейінде оқу жоспарларына енгізілетін болады;

  • энергия үнемдеудің дәйекті саясатын бір мезгілде енгізе отырып, энергияның балама көздерін дамыту;

  • ірі қалалардың «жасыл белдігін» қорғау, таза тұщы су көздерін қорғау, тамақ өнімдерін сертификаттауға қойылатын қосымша талаптарды алға тарту; өзендер мен су қоймаларының су қорғау аймақтарында заңсыз құрылыс салуға, олардың тұрмыстық ағындармен және қоқыспен ластануына қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық бастамаларды қолдау;

  • қоқыс қалдықтарын тереңдетілген кәдеге жарату жүйесін дамыту, дайын бұйымдарды пайдаланғаннан кейін кәдеге жарату үшін өндірушілердің жауапкершілік шараларын күшейту.

* * *

Білімді және дені сау-саламатты ұлт мықты экономиканы құрудың діңгегі болады, ол өз кезегінде барлық қазақстандықтарды жоғары табыс деңгейімен қамтамасыз етеді.



ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ

Алдағы бес жылда біз экономикамыз, бір жағынан, ықтимал әлемдік дағдарыстың алдында тұра алатындай, ал, екінші жағынан, жоспарлы, үдемелі алға жылжу жалғасатындай жұмыс істейтін боламыз. Нәтижесінде біздің экономикамыз әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болады, бұл, өз кезегінде, ұлттың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.



Партияның қағидатты міндеті – ұлттық экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл – ішкі және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы ахуалды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді экономикалық өсу үшін іргетас.

Партиялық үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің қатаң саясатын жалғыстырады. Жаңа парламенттік мерзімде біз орташа жылдық инфляция деңгейі 6 – 8% шегінде болуына қол жеткізетін боламыз.

Ұлттық қорда қаржы ресурстарының жинақталу саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері жақын арадағы бес жылда ЖІӨ-ге 30% деңгейіне дейін жеткізілетін болады. Бұл әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы конъюнктураның кезеңінде бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді және дағдарыс жағдайында сенімді «қауіпсіздік жастығы» болады.

Инновациялық экономика – білім экономикасына көшу

Жаңа парламенттік мерзімде біз Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бастамасын іске асыру міндетін алға қоямыз. Ел экономикасының жаңа қағидаттарға көшуі Қазақстанға әлемнің дамыған елдері тобына кіруіне мүмкіндік береді.

Дамыған экономикалардың кіріс деңгейіне қуып жету үшін біз экономика өсуінің жоғары қарқынын қолдауға ниет білдіріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 6 – 8% деңгейінде қамтамасыз ету.

Осы мақсаттарда біз «болашақтың инновациялары» серпінді нүктелерін дамытуға, осы негізде Қазақстанның индустриялық кластерлерін жаңғыртуға және оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға ұмтылатын боламыз.

Біз инновациялық индустрияландырудың басым секторларын жеделдетіп дамыту міндетін алға қоямыз.

2017 жылға қарай біз мыналарға қол жеткізетін боламыз:



  • металлургия өнімінің өндірісі мен экспортын 2,2 есеге ұлғайту;

  • машина жасау саласына жалпы қосылған құнды 2,3 есеге ұлғайту және жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштар жасауды оқшаулаудың 30 пайыздық деңгейіне жету;

  • химия өнеркәсібінде өнім өндіру көлемін 2,2 есеге ұлғайту және минералдық тыңайтқыштарды жыл сайынғы өндіруді 3 млн. тоннаға дейін жеткізу;

  • фармацевтикалық өнеркәсіпте тұтынудың жартысын отандық өндірістегі дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

  • ел ішінде құрылыс материалдарының 50%-ын шығару;

  • ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін 30% деңгейінде қанағаттандыру;

  • елдің отандық зауыттарда өндірілген отынға қажеттілігін 100% қанағаттандыру.

Жаңа инновациялық экономика құруға еңбек өнімділігін түбегейлі арттырусыз қол жеткізу мүмкін емес.

Біз еңбек өнімділігін 2017 жылға қарай:



  • өңдеу өнеркәсібінде кемінде 1,7 есеге;

  • машина жасауда – 2 есеге;

  • құрылыста бір адамға 63 мың долларға дейін;

  • жеңіл өнеркәсіпте – 1,5 есеге – бір адамға 33 мың долларға дейін арттыру міндетін қоямыз.

Инновациялық индустрияландырудың маңызды шарты – бұл инфрақұрылымды дамыту. Біз жақын арадағы бес жылда халықаралық әуе қатынастарының санын 2 есеге ұлғайтуға ниет білдіріп отырмыз. Біз, сондай-ақ 2017 жылға қарай 453 км жаңа темір жол салуды жоспарлап отырмыз.

Үдемелі индустрияландыруды жүргізу көп инвестицияны талап етеді. Сондықтан біз экономиканың шикізатқа жатпайтын секторларына отандық және шетелдік инвестициялардың кемінде 15%-ға өсуі үшін жағдай жасаймыз.

Нәтижесінде 2017 жылға қарай:


  • өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 12,5%-ға дейін;

  • шикізатқа жатпайтын экспорттың үлесі экспорттың жалпы көлемінде 40%-ға дейін ұлғаяды.

Қолайлы инвестициялық ахуал құру

Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау, отандық кәсіпкерлер үшін жағдай жасау, заңнаманың тұрақтылығы мен болжамдылығы, инвестицияларды мемлекеттік қолдау және оның транспаренттілігі, келісімшарттардың тұрақтылығы – Қазақстанда қалыптасатын қолайлы іскер және инвестициялық ахуалдың негізгі факторлары.

Біз бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі реформаларды жалғастыратын боламыз және нормативтік құқықтық базаны жақсартамыз. Біздің мақсатымыз –
2017 жылға қарай бизнес үшін өз ісін тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығасыларды 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайту.

Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграцияны тереңдету бізге өткізу нарығын кеңейтуге, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біз ДСҰ-ға Қазақстан үшін пайдалы жағдайда кіру мәселесінде жәрдемдесетін боламыз. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін ДСҰ елдерімен сауда қатынастарын дамытудың болжамдылығы мен тұрақтылығы негізінде тауарлар мен қызметтер көрсетудің әлемдік нарықтарға қолжетімділігінің неғұрлым қолайлы жағдайын қамтамасыз етеді және шетелдік инвестициялар тартуға ықпал етеді.



Отандық бизнесті қолдау

«Нұр Отан» партиясы елде күшті кәсіпкерлік кластың қалыптасуын қолдайды. Біз «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыруға жәрдемдесетін боламыз. Бағдарламаны іске асыру экономиканың шикізатқа жатпайтын секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледі.

Жаңа парламенттік мерзімде біз жұмысты мынадай бағыттар бойынша жүргізетін боламыз:


  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

  • тиісті бизнес-жобаларға жеке-дара да, сол сияқты индустриялық аймақтарды ұйымдастыру шеңберінде де қолдау көрсету есебінен өндірістік инфрақұрылымды дамыту;

  • валюта түсімін иеленетін кәсіпкерлерге кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін ұлттық және/немесе шетелдік валютада субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту;

  • жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау, жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, шағын және орта бизнес менеджментін оқыту және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірістерді жаңғырту есебінен кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Біз 2017 жылға қарай кредиттерді жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандатуға қол жеткізу міндетін қоямыз.

Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие, қазіргі заманғы жалақысы көп төленетін кәсіптерді игеруге бағытталған өзінің еңбек саясатын жалғастыратын болады.

Біз Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін боламыз, оның басты мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен, жұмыссыз және аз қамтылған халықты орнықты және жемісті жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың кірісін арттыру болып табылады.

Біз жұмысты мынадай бағыттар бойынша жүргізетін боламыз:



  • халықты жұмыспен қамту проблемасын біліктілікті арттырудың тегін курстарымен қамтамасыз ету, стипендиялар төлей және жалақыны ішінара субсидиялай отырып, кәсіптік даярлау және қайта даярлау арқылы шешу;

  • сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшуді субсидиялау жолымен жұмысты және тұрғылықты жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Микрокредиттер халыққа жеке меншік істі қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге және 3 млн. теңгеге дейін барынша көп сомада ұйымдастыру немесе кеңейту үшін берілетін болады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру нәтижесінде біз 1,5 млн. дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендердің үлесін экономикалық белсенді халықтың жалпы санында 33,3%-дан 26%-ға дейін азайтамыз. Әрбір қазақстандық еңбек нарығындағы өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және лайықты жалақы ала отырып, өз отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алатын болады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БАСТЫ НӘТИЖЕСІ – ТАБЫСТЫҢ ӨСУІ

Инновациялық-индустриялық саясатты табысты және үдемелі іске асыру бізге табыс деңгейі жоғары елдердің тобына кіруге, ел халқының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Біз жақын арадағы бес жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін 15 мың АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қоямыз.

Осы кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,4%, ал кедейлік 6,1% шегінде қамтамасыз етілетін болады.

Біз халықтың орташа айлық табысының деңгейін кем дегенде экономика өсуінің деңгейіне арттыруды қамтамасыз етеміз.

Бюджет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысының мөлшері экономикадағы орташа республикалық жалақының деңгейіне жетеді.

«Халықтық IPO» бағдарламасы халықтың елдің ірі компанияларының, оның ішінде жаңа индустрияландыру шеңберінде құрылған жаңа компаниялардың акцияларын иеленуіне мүмкіндік береді.

Партия ЖІӨ-нің өсуін экономика ғана емес, елдің барлық азаматтары сезінуі тиіс екендігіне сенімді.

Халықтың табысының өсуі әрбір қазақстандыққа өзіне, ертеңгі күніне және өз балаларының болашағына сенімділік сезімін ұялатады.

Біздің басты мақсатымыз – адамдарды табыс табуға үйрету және жеке басының және кәсіби өсуі үшін барлық қажетті жағдай жасау. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты жоғары болған сайын – Қазақстанның қуаты артады.

АДАМ. ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Елдің дамыған экономикасы бізге жаңа әлеуметтік саясатты бастауға мүмкіндік береді. Ол қазақстандықтардың өмірлік маңызды мүдделерін қанағаттандыруға – балалы болуға, лайықты қарттыққа сенімді болуға, жайлы жағдайда тұруға, дербес жауапкершілігін іске асыруға ұмтылуға негізделетін болады. Осы басымдықтарды басшылыққа ала отырып, Нұр Отан алдағы бес жылда партиялық үкіметтің жұмысын мынадай бағыттарға арнауға ниет білдіріп отыр.



Ана мен баланы қолдау

Біз бай қоғамның балаға да бай болуына ұмтыламыз. Қазақстандықтардың өзінің балалы болуға ықыласын іске асыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Ол үшін біз 2017 жылға қарай ана мен бала өлімін 1,5 есеге азайтуға қол жеткізу міндетін алға қоямыз.

Біздің іс-қимылымыз қазақстандық балалардың күшті де табысты адам болып өсуіне бағытталған. Баланың ерте дамуы мен мектепке дейінгі біліміне салымдар ұзақ мерзімді әлеуметтік және білім беру әсерлерінің тұрғысынан неғұрлым нәтижелі болып табылады. 3-6 жастан бастап креативтік және білімді ізденуге қабілеттілік сияқты түйінді сапалар қалыптасады.

Сондықтан алдағы бес жылда партия балалардың мектепке дайындығының жоғары болуын қамтамасыз етумен қатар олардың ертерек оң әлеуметтануы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың кемінде 70%-ының балабақшаларға баруына қол жеткізуге ниет білдіруде.

Бақытты балалық шақ – бұл салауатты дамып келе жатқан қоғам қалыптастырудың сөзсіз шарты. Сондықтан біз әйел-анаға қоғамда лайықты орынды қамтамасыз етуге ұмтылатын, баланы тәрибелеу үшін барлық жағдай жасайтын боламыз.

Мұқтаж адамдарға қамқорлық

Біз барлық ниет білдіргендерді және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етуге ниет білдіреміз. Бірақ белгілі бір жағдайларға орай мемлекет қамқорлығына алуға тиіс адамдар да бар.

Партиялық үкімет елдің барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мен сапасын жақсартуға, халықтың әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуын нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясатты іске асыруды жалғастырады.

Аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмекке және орнықты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың кіріс деңгейін арттыруға негізделетін болады. Алдағы бес жылда біз мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін дәйекті көтеретін, ал атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс деңгейінің шамасынан 60%-ға дейін ұлғайтуға ниет білдіріп отырмыз.

Бірақ партияның қағидатты ұстанымы мынау – мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдарды асырандылар және жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Партия көмектің сандық мөлшерде ғана емес, жеке жауапкершілікті іске асыру үшін жағдай жасаудан және оны кеңейтуден көрінуі тиіс екендігіне сенімді. Бұл үшін алдағы парламенттік мерзімде біз атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек етуге қабілетті азаматтардың санын 30%-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Ал өзінің құрамында еңбек етуге қабілетті адамдары бар аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек олар жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан жағдайда ғана берілетін болады.



Зейнеткерлерге лайықты өмір

Әрбір зейнеткер лайықты өмір сүру деңгейіне ие болуға тиіс. Бұл үшін біз:



  • базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін күнкөріс деңгейі шамасының 60% деңгейіне дейін жеткізуге;

  • Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдіруге және қазіргі сәтте қолданыстағы ортақ, аралас және жинақтаушы жүйеге біріктіретін зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуге ниет білдіріп отырмыз. Бұл бізге зейнетақы жүйесінің барлық деңгейінде зейнетақының барабар және әлеуметтік-әділ деңгейіне көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жастар жетістігі – ел жетістігі

Жастар – бұл Қазақстанның ертеңгі жетістіктерін жасаушылар. Еліміз жас қазақстандықтардың өзін-өзі танытып, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін толықтай ашуға мүмкіндік алуына мүдделі.

Алдағы парламенттік мерзімде партия жастарды Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бастамасын іске асыруға белсенді түрде тартуға ниет білдіріп отыр. Біз «Жастар саясаты» бағдарламасын іске асыру арқылы, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қажетті практикалық білім мен бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін бере отырып, ел жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін боламыз. Сонымен біз жастар арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермейміз, жас қазақстандықтарды ел экономикасын жаңғыртуға тартамыз.

Партия жастардың мемлекеттік және өкілді билік органдарының қызметіне қатысу нысандары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесетін болады.



Жайлы өмір сүру жағдайы

Өмір сүру сапасы сандық көрсеткіштерден ғана емес, күнделікті өмір сүру үшін жайлы – басыңда баспанаңның, үйде су мен жарықтың, жылу мен байланыстың болуымен, сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану жағдайымен де өлшенеді.

Әрбір қазақстандық өзінің өмір сүру сапасына қанағаттану үшін біз алдағы бес жылда кемінде 24,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз етуге ниет білдіріп отырмыз. Ал құрылыс сапасына партиялық бақылауды күшейту арқылы салынған тұрғын үйді онда тұру үшін жайлы ету.

Үйлерді күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі техникалық функциялардың бір бөлігін ПИК-ден кәсіби сервистік компанияларға беру арқылы мүлікті тиімді басқарудың жаңа тетігін енгізу түпкілікті тұтынушыға қызметтер көрсету сапасының жақсарғандығын байқауға және олардың құнын бәсекелі орта құру есебінен азайтуға мүмкіндік береді.

Біз отандастардың жеке меншік тұрғын үйін өз бетінше салуына ұмтылысын көтермелеуді жалғастыратын боламыз. Біз жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесін пайдалана отырып, сондай-ақ мемлекеттің нысаналы депозиттерді ЕДБ-ға тұрғын үй салу және сатудың басталуы кезеңіне орналастыру арқылы сату үшін қымбат емес тұрғын үй салуын қолдаймыз.

Біз аз қамтылған азаматтарға жөндеуге арналған шығыстарға және қаражат жинақтауға жарналарға ақы төлеу үшін атаулы қолдау көрсететін боламыз.

2017 жылға қарай біз 90% қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болуына қол жеткізуге ұмтылатын боламыз. Алдағы бес жылда 31 мың коммуналдық желі реконструкцияланатын болады. Жылу энергиясының нормативтік шығынын 20%-ға дейін, суды
19%-ға дейін, электр энергиясын 15%-ға дейін азайту арқылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің энергия тиімділігі артатын болады.

* * *


Біз мемлекет пен қоғамның көмегіне мұқтаж адамдардың барлығын өз проблемаларымен бетпе-бет қалдырмаймыз. Біз әрбір қазақстандық сенімді де жайлы тұратын қоғам құрамыз. Әл-ауқат барлығында болуға тиіс – бұл біздің іс-қимылымыздың басты қағидаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет