Болашақтағы ауыл
Біздің партия әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы оның тұратын жеріне қарамастан бірдей жоғары болуға тиіс деген берік қағидатты ұстанады. Сондықтан келесі бес жылда партия өзінің барлық күш-жігерін ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға шоғырландырады. Ауылдағы өмір жайлы болуға тиіс.
Осы міндетті шешуді партия агроөнеркәсіптік кешенді дамытумен байланыстырады. Сұранысқа ие жаңа өндірістердің пайда болуы ауылдың, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарын және ауыл тұрғындары табысының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Біз жаңа технологияларды белсенді енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, экпорттық әлеуетті дамытуды және өнімділікті кемінде
2 есеге ұлғайтуды қамтамасыз етеміз.
Бұл ретте біз агроөнеркәсіптік кешеннің өзі – бұл ауылдың барлығы емес, ауылдықтардың өзі партия назарының басты объектісі болып табылады деп санаймыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әлеуметтік проблемалары біз үшін – бірінші кезекте.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін партия 3 миллион теңгеге дейін сомада 5 жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беру арқылы ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін болады. Ауыл тұрғындары жақсы табыс табуға қабілетті!
Партия 65%-ға дейін ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ауылды сумен жабдықтау проблемасын шешетін болады. Су – ауылды дамытудың кепілі!
Партия жергілікті жолдарды реконструкциялау саясатын, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және мәдени объектілерді жөндеу, көгалдандыру, кентішілік жолдарды қалпына келтіру бөлігінде абаттандыруды жалғастыратын болады.
Елбасы, партиямыздың Көшбасшысы бастамашы болған «Балапан» бағдарламасын іске асыра отырып, біз ауылдағы балабақшалар желісін дамытуды жалғастырамыз.
Сапалы білім беруді дамытуға күш-жігерді шоғырландыра отырып, партия шағын жинақты мектептер үшін ресурстық орталықтар құру – 160 «тірек мектептері» мен қашықтықтан және электрондық оқытуды енгізу арқылы олардың проблемасын шешетін болады.
Біз елдің бүкіл ауыл халқы қамтылатын ұтқыр көлік медицинасын дамытатын боламыз.
Партия ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл үшін біз жеке тұрғын үй құрылысы үшін үлкен мүмкіндіктер беруге жәрдемдесетін боламыз.
Болашақтағы Қазақстан ауылын біз ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу белсенді дамып жатқан, әрбір ауыл тұрғынында жақсы жалақы төленетін жұмысы бар және өмір сүру сапасы жоғары, ал ауыл жастары өзінің болашағын тек қана ауылмен байланыстыратын перспективалы және гүлденген бейнеде көреміз.
Сонымен бірге Қазақстанның бұдан әрі аумақтық дамуының перспективалары ірі серпінді дамып келе жатқан қалалардың негізінде өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын, қалған өңірлер үшін «локомотив» рөлінде болатын озық өсетін маңызды тораптарды немесе аймақтарды қалыптастыруға тікелей байланысты болады.
азаматтық құқықтарды мүлтіксіз сақтау және
заңның салтанат құруы
Біз қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен олардың азаматтық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды Қазақстанда адами капиталды сақтаудың және еселеудің түйінді факторларының бірі деп санаймыз.
Құқық тәртібі және қоғамдық қауіпсіздік
Елдің әрбір азаматының қауіпсіздігін біз, ең алдымен, құқық тәртібін қамтамасыз етуден көреміз. Бұл үшін партия алдағы бес жылда Парламенттегі фракция мен партиялық Үкімет арқылы құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалауды қамтамасыз етуге ниет білдіреді.
Реформаның негізгі бағыттары мыналар болады:
-
тиімді кадр саясатын жүргізу;
-
құқық қорғау жүйесіне тән емес функцияларды өзге құрылымдарға беру;
-
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін, кәсібилігін арттыру;
-
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен ақшалай қамтылуын арттыру;
-
құқық қорғау органдарының қызметін сырттан бағалау жөніндегі қоғамдық комиссиялар құру арқылы, қоғамдық институттарды, БАҚ-тарды және азаматтарды тарта отырып, олардың халық алдындағы ашықтығын, айқындылығын және бақылау жасайтындығын дамыту.
Жаңартылған құқық қорғау жүйесі негізінде біз мыналарды қамтамасыз етеміз:
-
құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі шараларды жетілдіру;
-
ұйымдасқан қылмыс нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, есірткі бизнесіне, терроризмнің көріністеріне және діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімділігін күшейту;
-
кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату;
-
елдің жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Бұл үшін біз республикалық, сол сияқты облыстық маңызы бар трассаларда жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық авиацияны дамытатын боламыз. Тікұшақтардың саны кем дегенде 16 бірлікке дейін өседі.
Тиімді мемлекеттік қызметтер
Негіз құраушы қағидаттардың бірін партия барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдардың азаматтың мүдделеріне, оның құқықтары мен бостандықтарына қызмет ету деп санайды. Біз Елбасының, партия Көшбасшысының ұстанымын толығымен қолдаймыз, ол экономика мен қоғамның орнықты даму шарттарының бірі ретінде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға аса мән береді. Сапалы мемлекеттік қызметтер әрбір адамға, оның отбасына, жұмысына, бизнесіне пайда әкелуге тиіс.
Біз:
-
атқарушы билік органдарының халық алдында неғұрлым ашықтығын, тиімділігін, құрылымдылығын және бақылау жасайтындығын қамтамасыз етуге;
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын мақсатқа бағытталған іске асыруға;
-
мемлекеттік қызмет жүйесінің әлеуметтік беделі мен кәсіпқойлығын ұлғайтуға және тамыр-таныстықты жоюға;
-
мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылаудың рөлін арттыруға;
-
тиісті бақылаушы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік қоғамдарды құру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға;
-
әлеуметтік және құқықтық қорғауды күшейту, салауатты мансаптық және кәсіптік өсуді ынталандыру, жалақы деңгейін ұлғайту жолымен мемлекеттік қызметшілердің уәждеу тетіктерін жетілдіруге қол жеткізетін боламыз.
Біз 2017 жылға қарай «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50%-ын электронды нысанға көшіруді қамтамасыз ету міндетін қоямыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өзінің жұмысындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде қарайды.
Сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресіп емес, мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен оны тудыратын жағдайлар мен себептерді азайту қажет.
Осы мақсатқа жету үшін «Нұр Отан» партиясы мынадай міндеттерді шешуге қол жеткізуге ұмтылатын болады:
-
азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;
-
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұртшылықты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша хабардар етудің жалпыға бірдей қолжетімді және тиімді рәсімдерін енгізу;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамау атмосферасын, қоғамның өмір сүруінің барлық салаларында құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу және ұлттық заңнаманы жетілдіру;
-
мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктерінің жұмыс істеуі;
-
мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін және әлеуметтік беделін арттыру және кадр жұмысын жетілдіру;
-
азаматтық қоғам институттарының және халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі рөлін арттыру;
-
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне парламенттік, қоғамдық және партиялық бақылауды күшейту;
-
корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың, мүдделер коллизиясы туындауының алдын алу және кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы шарттық қатынастарда адал коммерциялық практиканы көтермелеу.
«Нұр Отан» партиясы азаматтық қоғамға қатысушылардың жұмылуы, олардың елдің демократиялық дамуының индикаторы болып табылатын белсенділігі мен бастамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды іске қосушысы болады деп санайды.
Сот жүйесін жетілдіру
Заңды мүлтіксіз сақтау елдің ілгері дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады. Және осы тиімді әрі әділ сот жүйесі әрбір қазақстандықтың азаматтық құқықтарын: өмір сүруге, денсаулығына, меншігіне құқығын сақтаудың кепілі болып табылады. Партия сот жүйесін жетілдіруге жәрдемдесетін болады және ол үшін біз мыналарға қол жеткізетін боламыз:
-
халықаралық стандарттарға жауап беретін, халыққа неғұрлым қолжетімді және толық көлемде тиімді әділ сотты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сот жүйесінің ұйымдық құрылымын оңтайландыру;
-
сот билігінің тәуелсіздігін нығайту;
-
соттар қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
-
сот ісін жүргізуді одан әрі оңайлату, сөзбұйдалықты, соттар мен сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою;
-
татуласу, медиациялық рәсімдерді қолдануды дамыту;
-
соттарға адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын шектеуге байланысты іс жүргізу іс-қимылдары мен шешімдерді санкциялау құқығын бұдан әрі кезең-кезеңімен беру;
-
қылмыстық үдерістегі құқықтар мен іс жүргізу функцияларында қорғау мен кінәлау тараптарының теңдігін қамтамасыз ету;
-
сот ісін жүргізуге қатысушыларға сот инстанцияларына шағымдармен (өтініштермен) электрондық форматта жүгіну мүмкіндігін беру – электрондық сот ісін жүргізуді («е-сот») дамыту.
* * *
Біз демократиялық, құқықтық, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және қорғайтын, барлық азаматтардың және тұтастай қоғамның мүдделеріне қызмет ететін мықты тиімді мемлекетті одан әрі құруға бағыт ұстаймыз.
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН: халық бірлігі – ел бірлігі
Біз шынайы демократиялық мемлекет – бұл әркім басқаларды құрметтейтін, барлығы өз отандастарының мәдениетін, тілі мен дінін құрметтейтін мемлекет екендігіне сенімдіміз. Әрі Қазақстан шын мәнінде бейбітшілік, тұрақтылық және келісім қағидаттары әрбір азамат үшін түйінді құндылықтар болып табылатын мемлекеттің үлгісі бола алады.
Көптүрліліктегі бір тұтастық
Партия біздің басты жетістігіміз – халық бірлігін дамытуды көздеп отыр. Ол үшін біз:
-
рухани бірлікті, ұлтаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизм сезімін таратуға;
-
бір мезгілде Қазақстанның барлық этностарының тілдерін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамыту үшін жағдайды қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеудің тиімділігін арттыруға;
-
шетелде тұрып жатқан отандастарымызға ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, олардың тарихи отанымен байланысын нығайтуға қолдау көрсетуге жәрдемдесетін боламыз.
Рухани байлықты еселей отырып
Мәдениет мен руханият – бұл біздің құндылықтардың, менталитетіміздің негізі, бұл біздің ұлттық мінезіміздің негізі. Және партия осы салаға өзінің басты назарын аударатын болады. Біз:
-
мәдениетті адами капиталға инвестициялар – елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық өсуінің іргетасы ретінде қарай отырып, оған инвестициялар үшін барлық қажетті жағдай жасайтын;
-
шығармашылық қызметкерлерге әлеуметтік және өзге де кепілдіктерді қамтамасыз ететін тәуелсіз ұйымдар ретінде шығармашылық одақтарды қолдайтын;
-
қазіргі заманғы қазақстандық қалалардың мәдени бейнесін жаңарту, өлкетануды, халықтың кәсіпшілігін, қолөнерді, көркемөнерпаздықты дамыту үшін жағдай жасайтын;
-
азаматтар үшін қолжетімді болатын балаларға арналған музыка және көркемсурет мектептері мен клубтары, балалар шығармашылығы ұжымдары желісін қамтамасыз ететін боламыз. Әдебиет, музыка, театр және өнердің басқа түрлері саласында, оның ішінде мемлекеттік гранттар бағдарламасы арқылы жас таланттарды қолдайтын;
-
діни экстремизм мен радикализмді батыл тойтару идеологиясын тарататын, жаппай қоғамдық санада сенім төзімділігін, дінді ұстаушылардың сезімін құрметтеу және басқа да дін өкілдеріне игі тілектестік қарым-қатынас қағидатын нығайтатын боламыз.
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің факторы
Біз бұдан әрі де Қазақстан халқы тілінің, дәстүрлерінің, мәдениетінің көптүрлілігін сақтауға және дамытуға ұмтылатын боламыз. Партия өз Көшбасшысының, Елбасының ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің негізі әрбір қазақстандықтың үш: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі болатын ұстанымын толығымен қолдайды. Ол үшін біз алдымызға мынадай міндет қоямыз:
-
мемлекеттік тілді дамыту, оны елдің мемлекеттік және қоғамдық өмірінде қолдану аясын кеңейту;
-
мемлекеттік тілге оқыту және оқу орындарында оқыту әдістемесінің сапасын жақсарту;
-
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарынан аяқталатын білім берудің бүкіл жүйесінде тілді оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
-
орыс тілінің ресми және мәдениетаралық функцияларын сақтау қажеттігін түсіндіру және, бұл ретте барлық тілдердің теңдігін тұрақты түрде және барлық жерде көрсетіп, этностық диаспоралар тілдерін дамыту;
-
тіл білімінің өзекті проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген қазақстандықтардың үлесі шамамен 20%-ға жететіндей етіп, ағылшын тілін дамыту.
Қазақстандық демократия
Партия барлық қазақстандық құқықтары мен міндеттерінде тең болатын, ақпаратқа тең қолжетімді және барлық қоғамдық маңызды шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға құқығы бірдей қоғам құруға ұмтылады. Сондықтан біз теңдік пен өзара жауаптылық қағидаттарын жария ете отырып:
-
сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру, барлық деңгейдегі билік институттарының қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылау нысандары мен әдістерін дамыту;
-
азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау;
-
партиялық кадр резервінің тетігі арқылы билік институттарына әйелдерді әкелу, гендерлік теңдікті нығайту мақсатында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында әйелдердің рөлін арттыру;
-
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тиімді ұйымдастыру және олардың тиімді қызметі үшін оңтайлы құқықтық жағдай жасау қажет деп санаймыз.
Біз интернет пен цифрлық технологияларды дамыту ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санаймыз, сондықтан партия:
-
2017 жылға қарай халықтың байланыс қызметтерімен 100% қамтылуына және кең жолақты Интернетке қолжетімділіке жету;
-
таяудағы бес жылда жергілікті телефон байланысын 100% цифрландыруға қол жеткізу қажет деп санайды. Тұрғындар саны 1000 және одан астам болатын елді мекендердің 100% ұтқыр байланыс қызметтеріне қосылатын болады;
-
ел халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейін
40%-ға дейін арттыру қажет деп санаймыз.
* * *
Біздің мақсатымыз – бейбітшілік пен келісімнің, біртұтастық пен тұрақтылықтың ұлттық демократиялық құндылықтарын нығайту және дамыту. Олардың арқасында біз табысты мемлекет құра алдық және олардың арқасында Қазақстанды гүлденген ел ете аламыз.
Қазақстан: жаҺандық стратегия
Табысты даму қолайлы жағдайларды талап етеді. Ол үшін елдің шекарасы өзінің қол сұғылмаушылығын сақтауға, ал ұлттық мүдделер әлемде сенімді қорғалуға және ілгерілеуге тиіс. Сондықтан алдағы парламенттік мерзімде біз партиялық үкіметтің жұмысын мынадай басымдықтар бойынша шоғырландырамыз.
Тиімді сыртқы саясат
Табысты ел әлемдік саясатта да табысты болуға тиіс. Алдағы бес жылда біз:
-
елдің негізгі стратегиялық әріптестері – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, ТМД мемлекеттерімен қатынастарды бір мезгілде нығайта отырып, көпвекторлық саясатты жалғастыруға;
-
Кеден одағының нәтижелі қызметіне және Беларустың, Қазақстанның және Ресейдің бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етуге;
-
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі белсенді келіссөздерді жалғастыруға;
-
Елбасының қауіпсіздік жүйесін ықпалдастыру, қалыптастыру, әлемдік валюталық жүйені реттеу, ядролық қауіпсіздік деңгейін азайту жөніндегі бастамасын белсенді түрде ілгерілетуге және іске асыруға;
-
жаппай қырып жою қаруының таралуы, халықаралық терроризм мен экстремизм, есірткі трафигі, заңсыз көші-қон, экология проблемаларын шешуге белсенді түрде қатысуға;
-
Қазақстанның шетелдегі азаматтарының құқықтарын тиімді қорғауға ниет білдіріп отырмыз.
Отанды қорғау
Армия мықты болуға тиіс. Егер мемлекет бұл үшін барлық жағдайды жасайтын болса әскери қызметшілер ел қауіпсіздігін қорғауда нық әрі сенімді болады. Сондықтан алдағы бес жылда партия:
-
Отан қорғаушылар мен олардың отбасы мүшелерін лайықты әлеуметтік қамтуға ниет білдіріп отыр. Біз әскерилердің тұрғын үй мәселелерін дәйекті түрде шешуді, медициналық қамтамасыз ету және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жақсартуды жалғастырамыз. Запасқа шыққан әскери қызметшілерді әлеуметтік бейімдеу жетілдірілетін болады;
-
қазақстандық армияны қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен дәйекті жарақтандыруды жалғастыруға ниет білдіріп отыр. Қазақстан сарбазы қазіргі заманғы ең соңғы қарумен қаруланатын болады;
-
қарулы күштерде құқық тәртібін, еңбек және әскери тәртіпті нығайтуға жәрдемдесуге ниет білдіріп отыр.
Отанды қорғау – беделді болуға тиіс. Ол үшін алдағы парламенттік мерзімде біз әскери қызметке шақырылғандар мен мерзімді қызметшілердің әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етілуіне және запасқа шыққаннан кейін бейімделу үшін мүмкіндігінің болуына бағыт ұстайтын боламыз.
Біз жастарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіруді жалғастыруға ниет білдіріп отырмыз. Жастарды әскердегі қызметке даярлайтын ардагер, әскери-патриоттық, әскери-спорттық, жастар мен балалар бірлестіктері мен клубтарына мемлекет қажетті қолдау көрсететін болады.
* * *
Ұлттық мүдделерге және армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға негізделген сыртқы саясатты жүргізу Қазақстанның алдағы бес жылдағы табысының маңызды элементтері болады.
V. 2017 КОНСЕНСУС НҮКТЕСІ
Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Және бізде бөлетін ештеме жоқ. Әрқайсымыздың іс-әрекетіміз саяси көзқарастарымызға, тілімізге және діни сенімдерімізге қарамастан, біздің еліміздің және оның азаматтарының игілігіне бағытталуға тиіс.
Алдымызда күрделі де қиын міндеттер тұр. Оларға қол жеткізуде елдің барлық негізгі саяси күштерінің келісімі маңызды.
Біз барлық саяси күштерді алдағы парламенттік мерзімнің басты мақсаттарына қол жеткізуге жұмылуға шақырамыз. Ал басты мақсаттар – бұл азаматтық бейбітшілік пен тұрақтылық, экономикалық өсу және әл-ауқаттың өсуі, сау-саламатты және білімді ұлт.
Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – бұл әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін борыш пен абырой.
Біз, «Нұр Отан» партиясы, барлық саяси және қоғамдық күштерді ел мен қоғамның мүдделерін жеке басының амбициясынан және жекелеген топтардың мүдделерінен жоғары қоюға шақырамыз.
Біз консенсус нүктесін тауып, халқымыздың игілігі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамыз және біз диалог үшін ашықпыз.
Біз тек бірге әрекет етіп қана, бірлескен күш-жігермен ортақ мақсатқа – Отанымыздың гүлденуі мен игілігіне қол жеткізе алатындығымызға сенімдіміз.
Біздің Отанымыз біреу, тағдырымыз да бір!
VІ. НҰР ОТАН – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІЛІК
Ұлттың бірлігі мен тұтастығы – дамудың жаңа кезеңінің міндеттерін табысты іске асырудың басты шарты.
Дамудың жаңа белестеріне жету үшін «Нұр Отан» партиясында қажетті барлық ұйымдастыру, кадр және зияткерлік ресурстар бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы ұсынған стратегия ынтымағымыздың негізі болуға тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа бағыттың идеялық дем берушісі ғана емес, алға қойылған міндеттерді шешу үшін қоғамды жұмылдырудың шынайы діңгегі болып табылады. Елбасы – халық бірлігінің нышаны мен кепілі ғана емес, елдің болашақтағы дамуының түйінді факторы.
Өз күшімізге сенім бізге ертеңгі күнге нық сенімділік береді.
АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!
Достарыңызбен бөлісу: |