24. Агрегаттар мен жабдықтарды алдын ала байқау және жөндеу
297. Жалпы талаптар:
1) жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету Комитеттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері бекіткен технологиялық жабдықты техникалық пайдаланудың салалық ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсіздік ережесінің талаптары міндетті болып табылады.
Болат құю цехтарының агрегаттары мен жабдықтары кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кестелерда қарастырылған мерзімде байқалып жөнделеді.
Негізгі агрегаттар күрделі жөндеуден кейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелердегі өкілінің қатысуымен техникалық басшысы тағайындаған комиссиясы оларды қабылдағаннан кейін ғана пайдалануға беріледі. Жабдықты қабылдау актпен ресімделеді.
Болат құю цехтарындғы негізгі металлургия жабдығын күрделі жөндеу мерзімін ауыстыруға бекітілген жөндеу кестесіндегі инстанция рұқсаты, оны одан қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындысы бар жабдықтың техникалық куәландыру актісі болған жағдайда жол беріледі.
Осы талаптан ауытқушылықтары бар агрегаттар мен жабдықтарды пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
Қолданыстағы болат құю цехтарында орындалатын жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстары қауіптілігі жоғары жұмыстарға жатады және рұқсат наряды бойынша жүргізіледі;
2) болат құю цехтарында сырғалы жүйелерді, рұқсат нарядтарды пайдалана отырып немесе жұмысты ұйымдастыру жобасын ресімдей отыра, жөндеу жұмыстары жүргізілетін объектілер мен жабдықтардың тізбесі құрылады.
Жұмысты ұйымдастыру жобаларында жөндеу жұмыстарына жауапты тұлғалар, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындау тәртібі мен реті және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар көрсетіледі.
3) сырғалы жүйеде іске қосу жұмыстарын жүргізу және тетіктерді қарау жүргізіледі;
4) пештер мен конверторларды жөндеу алдында қажетті жерлерге қауіпсіз өткелдер орнатылады;
5) тіреуіштермен қоршалмаған алаңдар мен жабындардағы жұмысшылар өтетін люктер ілмекті қақпақтармен жабылады;
6) жөндеу жүргізу кезінде құрылымдарды, жабдықтарды, бөлшектерді, құрылыс материалдары мен тағы басқаларын көтеру және орындарын ауыстыру механизацияланады және олардың түсуін болдырмайтын әдіспен жүргізіледі.
Жүктерді көтеру үшін тіреуіш ретінде газ өткізгіштер мен олардың тасығыш бағандарын пайдалануға жол берілмейді;
7) пештердің металл құрылымдарын монтаждау және демонтаждау кезінде оларды сыртта және тұрақсыз күйде қалдыруға рұқсат етілмейді.
Демонтаждалатын құрылымдар мен жабдықтар қажетті өткелдерді сақтай отырып берік төселеді;
8) құрал-саймандар мен ұсақ бөлшектерді тасымалдау үшін жоғарыда жұмыс істеген жағдайда жұмысшылар арнайы сөмкені пайдаланады.
9) цехтарда қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сақтау үшін жүк көтергіш тетіктермен және өту жолдарымен жабдықталған қоймалар қарастырылады;
10) пештердің түтін жолдарының, конверторлардың, миксерлердің жай-күйін тексеру осы агрегаттардың кезекті жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде жүргізіледі;
11) болат балқыту пештері, конверторлар мен миксерлері футерлерінің сыну реті технологиялық регламентпен анықталады;
12) болат құю пештері, конверторлар мен миксерлер жөндеуден кейін кептіріледі және қыздырылады. Оларды кептіру және қыздыру технологиялық регламентке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Кептіру режимін бақылау бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен жүзеге асырылады;
13) жөнделетін пештерді, конверторларды және миксерлерді ішкі жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттан аспайтын тасымал шамдарды пайдалануға жол беріледі.
298. Электр пештерін жөндеу:
1) жеңіл жөндеуді бастар алдында пеш өшіріліп, қоректендіргіш шағын электр станциясында электр сызбасы әзірленеді.
Электроұстағыштар нығыз бекітіледі;
2) жөндеу жүргізілетін пештің маңы қоршалады. Пеш пен жұмыс алаңы арасындағы ойықтар жабылып қоршалады;
3) пештердің футерлерін ауыстыру және жинау жұмыстары механизацияланады;
4) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пештің кейбір бөліктеріне қауіпсіз қол жеткізу үшін олардың құлап түсуін болдырмайтын бұйымдармен жарақталған жеңіл металл баспалдақтар пайдаланылады;
5) электродтарды көтеру тетігінің контржүктері астында жұмысшылардың болуы қажет болған жағдайда контржүктер олардың төмен түсуін болдырмайтындай етіп бекітіледі;
6) жеңіл жөндеу кезінде пештің төбесі алыну немесе жұмысшылардың төбенің астында болуына жол бермейтін қоршау орнатылады.
299. Конверторларды жөндеу:
1) футерлерді жөндеу үшін конверторларды тоқтату оның жұмыс қабаты тозып, арматуралық қабат пайда болған кезде жүргізіледі;
2) конвертор футерінің сүймендері механизацияланады;
3) конвертор футерлерін жөндеу алдында газжүргіштің (қазандықтың) көтергіш бөлігінің үстінгі беті төседерден тазаланады;
4) газжүргіштің (қазандықтың) көтергіш бөлігін төсемдерден тазарту бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі;
5) газжүргіш конверторын жөндеу кезінде оның мойнына жұмысшыларды газжүргіштен жүретін газдың түсуінен қорғау үшін жабындар орнатылады;
6) конвертор футерін салу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;
7) конверторлардың футерлерін жөндеу кезінде жағдайларға байланысты тарту немесе сору желдеткіші орнатылады;
8) конверторларды кептіру олар тігінен орналасқан кезде жүргізіледі;
9) түптерін ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде конвертордың жұмыс алаңындағы ойықтардағы барлық басқа жұмыстар тоқтатылады;
10) түптерді алып салу және орнату үшін арнайы домкрат арбалар қолданылады;
11) әуе кемесінің қақпағын бөлу және жеткізу үшін механизацияланған бұйым орнатылады;
12) жаңа фурмалардың жарылмауы үшін олардың түбін бекіту эластикалық жалғамалар арқылы жүргізіледі;
13) футерленген массамен түптерді жалғауға арналған стенд түптерді орнату ұяшықтарымен және тығыздағыштарды қыздыруға арналған тасымал мойынмен жабдықталады;
14) түптерді жалғау механизацияланады;
15) түптерді күйдіру жану өнімдерін атмосфераға шығаратын арнайы пештерде жүргізіледі. Түптерді күйдіру кезіндегі пештердің есіктері герметкалық түрде жабылады;
16) фурма түсірілген кезде конверторда жұмыс істеуге рұқсат наряды болған жағдайда және оттегі өткізгіш өшірілген кезде ғана жол беріледі.
300. Болат құю және шойын тасығыш ожауларды жөндеу:
1) ожауларды жөндеу арнайы бөлінген орындарда, алаңдармен және сүйеніші бар баспалдақтармен жабдықталған стендтерде немесе биіктігі кемінде 0,8 м ернеулермен жабдықталған жөндеу шұңқырларында жүргізіледі.
Шұңқырлардың қабырғалары мен ожаудың аралығы алаңдармен жабылады; осы мақсатта шұңқырлардың ернеулеріне төселетін тақталарды қолдануға рұқсат етілмейді;
2) жөндеу алдында скрап, «тазаланбаған қалдықтар» мен қоқыстар ожаудан шығарылады. Олардан тазарту механизацияланады және ожаулар салқындатылғаннан кейін жүргізіледі.
Футерлеуді толықтай ауыстырмаған кезде ожауларды салқындатуды жылдамдату үшін желдеткіштің көмегімен олардың ауа ағынын үрлеуге жол беріледі;
3) ожауларды тек стендтарға орнатуға жол беріледі, ожауларды түптеріне немесе қырынан қоюға жол берілмейді;
4) футерлеуді өзгерту немесе оларды ожаулардан алу механизацияланады;
5) ожауды жөндеу үшін кірпішті беру механизацияланады. Қораптағы немесе қауғадағы кірпішті беру кезінде жұмысшылар алдын ала ожаудан шығарылады;
6) тек ақаусыз қаптамасы, шетмойындары мен көмкергіші бар ожауларды футерлеуге рұқсат етіледі.
Жөндеу жүргізілетін ожауларды футерлеу осы Талаптың 196 тармағы 4) тармақшасын сақтай отыра жүргізіледі;
7) сыйымдылығы 40 тоннадан астам ожауларды жөндеу кезінде механизациялаған көтергіш үстелдер қолданылады.
Кейбір жағдайларда ожауларды жөндеуді қармақ баулардан бастап жүргізуге жол беріледі;
8) футерлеуді ожауға салу кезінде қысқы уақытта қыздырылатын ауа беріледі.
Сыйымдылығы шағын (10 тоннаға дейін) ожаулардың футерлеуін салу кезінде инфрақызыл сәулелендіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі;
9) жөндеуден кейін ожаулар төсемнің барлық қалыңдығы бойынша мұқият кептіріледі.
Ожауларды кептіру газ шығу қауіпі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру талаптарына сәйкес соратын құрылғылармен жабдықталған арнайы орындарда кокс немесе табиғи газбен немесе мазутпен жүргізіледі.
Кептіру ұзақтығы және оның аяқталуының сыртқы белгілері технологиялық регламентпен белгіленеді. Кептіру кезінде газдың жануы бақыланады.
Футерлеуді толық ауыстыру кезінде ожауларды салқындату оларға су құю арқылы жүргізіледі;
10) ожауларды тек стендтарға орнату керек, ожауларды түбіне немесе қырынан қоюға жол берілмейді.
25. Санитарлық талаптар
301. Болат балқыту цехтарының санитарлық-тұрмыстық бөлмелерін жобалау және салу ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес болады.
302. Болат балқыту цехтарының бас ғимараттары санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес орнатылған тұрмыстық бөлмелердің өткелдерімен қосылады.
303. Жуынатын орындар электр қондырғыларын орнату талабына сәйкес жарықтандырылады.
304. Газдың жуынатын бөлмелерге, киіну бөлмесіне және ауыз суды, су, бу жеткізуді өңдеу бекеттері мен аталған құрылғылардың канализациялары дербес болады.
305. Болат балқыту цехтарында жұмыс істейтіндердің ауыз су қабылдау тәртібі санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
306. Барлық бөлімшелерде алғашқы (дәрігерге дейінгі) жедел жәрдем көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен таңу материалдары бар сөмке болады. Дәрі-дәрмектердің болуын және олардың жинағын қадағалауды цехтың және денсаулық сақтау бекетінің басшылығы жүзеге асырады.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |