6.10 Газобалонды автомобильдерге арналған отын. Газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштың жұмысы
Ауамен араласқан қоспада жанармаймен немесе дизельді отынмен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқыш газды ауа қоспасымен де жұмыс істей алады. Бұл ретте газды отынды пайдаланатын кез келген жүйе автомобильдің жанармаймен немесе дизельді отынмен жұмыс істеуін жоққа шығармайды. Қиындығы негізінен осы жүйелердің жұмысын келісуде болып отыр. Құны жағынан газды отынды пайдалану жанармайға қарағанда шамамен 2 — 3 есе арзанға түседі, дегенмен газдың шығындалуы 10... 15% артық болады. Сондықтан іштен жанатын қозғалтқыштар үшін сұйық отынды үнемдеу проблемасын тиімді шешу жолдарының бірі оны газ тәрізді отынмен (сұйытылған немесе сығылған табиғи газбен) алмастыру болып табылады.
Сығылған газ деп 15. 20 °С температурада және 20 МПа қысымда газ тәрізді кҥйін сақтап қалатын газды атайды.
Сұйытылған газ деп 50 °С дейінгі температурада 1,6 Мпа қысымда сұйық күйге өтетін газды атайды.
Газдың ауамен жақсы араласуының арқасында газды-ауа қоспасы ауаның сұйық отынмен қоспасына қарағанда аса біркелкі болып келеді. Газды-ауа қоспасы жану кезінде едәуір аз көміртек оксидін және атмосфераны ластайтын басқа да заттар түзе отырып, аса жоғары жану тығыздығына ие. Газды қозғалтқыштарды пайдалану тәжірибесі қозғалтқыш жұмыс істеген кезде күйік түзілу азаяды, конденсация болмайды және, сәйкесінше, майлау сұйытылмайды, соның нәтижесінде қозғалтқыштың тозуы қысқарады.
Сұйық жанармай және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жұмыс процестері негізінен біркелкі өтетінін атап өткен жөн. Айырмашылығы газды-ауа қоспасының жану жылдамдығының төмен болуында, соның нәтижесінде оталдырудың озу бұрышын үлкен шамаға ұлғайту қажет, сондай-ақ қоспа құрамының сипатында және оны сыртқы қоспа түзілетін қозғалтқыштар үшін дайындау тәсілінде. Газды қозғалтқыштарды қолданған кезде ерте оталдыру қозғалтқыш бөлшектерінің қызып кетуіне, поршеньдер мен клапандар түбінің күйіп кетуіне әкеп соғады. Газды отын компоненттерінде кедейленген қоспалардың жақсы тұтану мүмкіндігі болғандықтан, газды қозғалтқыштардың отын үнемділігі жоғары.
Қозғалтқыштарды қуаттау үшін газды отырның екі түрін пайдаланады: пропан мен бутанның сұйытылған қоспасы және табиғи газ метан. Ауада тұтану температурасы 470...530°С шегінде болатын жанармай отынымен салыстырғанда, метанның тұтану температурасы 700, 750°С; этанның — 500, 600 °С; пропанның — 510, 580 °С; бутанның — 475, 550 °С. Метанның, пропан мен этанның октандық саны (моторлы әдіс бойынша) — 100-ден асады, бутан мен жанармайда шамамен 90. Газды қозғалтқышы бар автомобильді пайдалану кезеңі мен жағдайларына қарай отандық газдың екі маркасы қарастырылған: қысқы ПА (автомобиль пропаны) және жазғы ПБА (пропан-бутанды) қоспа.
Достарыңызбен бөлісу: |