6.8 Катализаторлы бейтаратқыштардың құрылымы және жұмысы
Жарамсыз газдарды шығару жүйесі қабылдау құбырынан, қосымша және негізгі бәсеңдеткіштен тұрады. Жарамсыз газдарды тазарту жұйесі бар автомобильдерде қосымша бәсеңдеткіштің орнына катализаторлық бейтараптандырғыш орнатылған. Жүйенің барлық элементтері бөлшектенетін қосылыстарға ие және жеке-жеке алмастырылуы мҥмкін. Әрбір бәсеңдеткіштің корпусында қалқалары бар тесілген құбырлар орналастырылған. Шығару құбырынан үлкен жылдамдықпен шығатын жарамсыз газдар бәсеңдеткіштердің қабылдау құбырлары арқылы олардың корпустарына келіп түседі, кеңейеді және, корпустардың бірқатар тесілген құбырларының саңылаулары арқылы өткен кезде жылдамдығын жоғалтады, соның салдарынан газдар кейіннен құбырдан атмосфераға шыққан кезде шуыл азаяды.
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде жарамсыз газдардағы зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын азайту үшін шығару жүйесіне үш компонентті бейтараптандырғыш орнатады, ол бір қалпына келтіргіш (родий) және тасығышқа енгізілген екі тотықтырғыш (платина және палладий) катализатордан тұрады. Тотықтырғыш катализаторлар жанбаған көмірсутектерін (СН) су буына тотықтыруға мүмкіндік туғызады. Бейтараптандырғыш көмірсутектердің СН және көміртегі оксидінің СО жарамсыз газдарынан шығарындыларды төмендетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қосымша жарамсыз газдарды азот оксидтерінен NO шыққан жарамсыз газдарды тазартады. Катализаторлық бейтарап- тандырғыш болған кезде автомобильді этилденген спиртпен пайдалануға тыйым салынады, себебі бұл бейтараптандырғыштың тез істен шығуына әкеп соғады. Катализаторлық бейтараптандырғышты көміртнегі оксидін, альдегидтерді қосымша тотықтыру және көмірсутектерді қосымша жағу үшін де, азот оксидтерін: не NO және NO2 уытты емес NО3 дейін қосымша тотықтыру, не оларды азотқа дейін қалпына келтіру арқылы бейтараптандыру үшін де пайдаланады.
Дизельдердің жарамсыз газдар құрамында көміртегі бар уытты заттарды шамадан тыс артық ауаның болуына негізделген оларда әрдайым болатын оттегінің қатысуымен қосымша жағады. Камера алды және құйын тәрізді дизельдер шамалы уытты, алайда олардың үнемділігі тікелей бұркуі бар дизельдерден төмен.
Автомобильдерде катализаторларды қолдану жарамсыз газдар құрамындағы оттегі шоғырларуына қарай қоспа түзу процесін реттеуді қажет етеді. Сондықтан катализаторларды электронды басқарылатын карбюраторы немесе жанармайды бүрку жүйесі бар автомобильдерде қолданады. Катализаторлық бейтараптандырғыш ауа мен жанармай қоспасын 14,7:1 арақатысында берген кезде немесе бірге тең артық ауа коэффициентімен аса тиімді жұмыс істейді. Егер қоспада ауа аз болса (оттегінің азаюы), онда СН және СО толық тотықпайды, ал оттегі артық болса NOX азот пен оттегіне ыдырамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |