Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары



бет2/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Тарау 1 Жұмыс цилкдері


1.1 Автомобиль құрылысынан жалпы мәліметтер

Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш.


Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомо-бильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын, жүктерді және жолаушыларды (борттық платформа болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады.
Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (1.1 сурет).
Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамына ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді.
Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10, аспалар 2 және 8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді.



Сурет 1. Автомобильдің негізгі механизмдерінің орналасуы:


1 — басқарылатын доңғалақ; 2 — алдыңғы аспа; 3 — ілінісу муфтасы; 4 —
б еріліс қорабы; 5 — карданды беріліс; 6 — бас беріл іс; 7 — дифференциал;
8 — артқы аспа; 9 — жетекші доңғалақ; 10 — рама; 11 — тізгінді басқару;
12 — қозғалтқыш

Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқару 11 жатады. Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуге әрі толық тоқтатуға арналған. Тізгінді басқару автомобильдің қозғалу бағытын өзгерту үшін қажет.


Қозғалтқыш 12 — жылу энергиясын мехникалық жұмысқа айналдыратын күш қондырғысы.
Автомобильдерде іштен жанатын қозғалтқыш деп аталатын піспекті қозғалтқыштар қолданылады. Мұндай қозғалтқыштарда жанармай жанғанда бөлінетін жылу механикалық жұмысқа түрленеді.
Іштен жанатын автомобиль қозғалтқыштары келесі қасиеттер бойынша бөлінеді:
• міндеті бойынша — көліктік және стационарлық. Көліктік қозғалтқыштар автомобильдерге, сондай-ақ, өздігінен жүретін машиналарда орнатылады. Стационарлық қозғалтқыштар стационарлық күш қондырғыларында жұмыс істеуге арналған;
• жұмыс кезеңін жүзеге асыру әдісі бойынша — төрт тактілі және екі тактілі. Барлық заманауи автомобильдерде төрт тактілі қозғалтқыштар орнатылады. Екі тактілі қозғалтқыштарды әдетте қуаты төмен көлік құралдарында (мотоцикл мен мотоарбашаларда) қолданылады;
• қоспаның түзілу әдісі бойынша — ішкі (карбюраторлық) және сыртқы (дизельдер) қоспа түзілуі бар. Карбюраторлық қозғалтқыштарда жанармай қоспасы карбюратор деп аталатын арнайы құралда бензин буы немесе жанармай газдары және ауадан пайда болады, дайын күйінде қозғалтқыш цилиндріне жіберіледі. Дизельде сұйық жанармай үлкен қысыммен цилиндрге бүркіп, ол жерде бүрку, булану мен тұтану болады;
• жұмыс қоспасының тұтану әдісі бойынша — электр ұшқыннан тұтану (карбюраторлық және газ) және ауаны (дизельді) қатты сығу кезінде пайда болатын жоғары температура әсерінен тұтану;
• қолданылатын жанармай түрлеріне байланысты қозғалтқыштарды екі негізгі топқа бөледі: сұйық жанармаймен және сығылған әрі сұйытылған газбен жұмыс жасайтындар. Бұдан бөлек, бірінші топта сұйық отынның жеңіл сұрыппен (бензин, бензол, керосин, лигроин және спирт) және сұйық отынның ауыр сұрыптарымен (дизельді отын) жұмыс істейтін қозғалтқыштарды атап өтуге болады;
• цилиндр саны бойынша;
• цилиндрлердің орналасуы бойынша: бір қатарлы — цилиндрлердің тік орналасуымен; V-тәрізді — цилиндрлердің 90° бұрышта орналасуымен; оппозитті — цилиндрлердің 180° бұрышта орналасуымен;
• цилиндрлерді жаңа зарядпен толтыру әдісі бойынша: үрлемелі және үрлемесіз қозғалтқыштар;
• салқындату әдісі бойынша — артық жылуды бұру салқындатқыш сұйық көмегімен немесе цилиндрді ауамен үрлеу әдісімен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет