Тапсырма атауы: Зерттеу жұмысы
Тапсырма түрі: топпен жұмыс (G)
Тапсырма мақсаты: қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсінеді;
|
Тапсырма сипаты:
Оқушылар қышқыл жаңбырлардың түзілу сызбанұсқасын жасайды;
Құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жану кезінде күкірт диоксидінің түзілетіндігін сипаттайды;
Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын түсіндіреді;
Күкірт қышқылының өсімдіктерге, мәрмәр бөлшегіне әсері көрсетілімін көреді;
Қоршаған ортаға қышқыл жаңбырлардың әсері туралы қорытынды жасап, постер қорғайды;
Бағалау критерийлері:
Білу және түсіну, қолдану.
Қышқыл жаңбырлар туралы сызбанұсқаны мазмұнды құрайды;
Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын сипаттайды;
Қышқыл жаңбырлардың әсерін түсіндіреді;
Дескрипторлар:
Қышқыл жаңбырлардың түзілуіне әсер ететін қосылыстарды нақты сипаттайды;
Қышқыл жаңбырлардың түзілуінің сызбасын толық сипаттайды;
Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсерін сипаттауда мысалдар келтіру арқылы қорытындылайды;
Постердің эстетикалық талғамға сай безендіріледі;
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|