№
р\н
|
Жүргізу қадамдары
|
1
|
Берілген жұмыстарды жүргізуге арналған жабдықтарды тексеру
І.а. спирті бар спирт шамы (спиртовка)
І.б. зерттеуге қажетті материал (науқастың нәжісі)
І.в. Плоскирев ортасы
І.г. бактериологиялық ілмек
І.д. сіріңкелер
І.е. стеклограф
|
2
|
Висмут – сульфитті агар ортасы бар табақшаның астыңғы жағының сыртынан, стеклографпен ортасынан сызып, екі жартыға бөледі.
|
3
|
Спиртшамды жағады.
|
4
|
Бактериологиялық ілмекті спиртшамның от жалынында алдымен тігінен, сосын көлденеңінен қыздырады.
|
5
|
Сол қолдың 1 және 2-саусақтарымен аурудың нәжісі бар пробирканы алып, оң қолдың 4 және 5-саусақтарымен, алақанға қыса отырып, от жалынының үстінде стерильді жағдайда пробирканын тығынын ашады.
|
6
|
Нәжісі бар пробиркаға ілмекті асықпай, пробирканың қабырғасына тигізіп суыта отырып, зерттелетін материалды алады.
|
7
|
Нәжісі бар пробирканы тығынмен жауып, штативке орналастырады.
|
8
|
Столда төңкеріліп тұрған Плоскирев ортасы бар табақшаны сол қолымен ұстап қақпағын жоғары қарайтындай етіп аударып қояды.
|
9
|
Табақшадағы Плоскирев ортасына зерттеу материалын ілмектің көмегімен штрихтап, егу жүргізеді.
|