Клиникалық материалдарды жинау және зертханаға тасымалдау.
Аурулардың этиологиясы оларды тудыратын бактериялардың тіршілік ету ерекшелігіне тікелей байланысты болған жағдайда көптеген диагностикалау нәтижелері патологиялық материалдың түріне, уақытына және оларды зерттеуге алу ережелеріне байланысты болып келеді.
Зерттеуге кез – келген материалды алудың негізгі ережелері:
Зерттеу материалы инфекциялық процесс сипатына (инфекциялық процесстің ерекшеліктері ескеріледі, қоздырғыштың таралу орнының максимальды аймағын және оның қоршаған ортаға бөліну жолдары) сай болуы тиіс;
Зерттеу затын жинау барысында ластанудың алдын – алу мақсатында асептика ережелерін ұстана отырып, тек стерильденген құрал – жабдықтар мен ыдыстарды қолдану керек.
Жиналған материалдарын зертханаға уақытында жеткізу (1 -2 сағат);
Уақытында жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қаннан басқа материалдарды салқын режимде сақтау керек. Ал менингококқа зерттелетін материалды 35 – 37 ̊C жағдайда сақтау керек. Егер үлкен аудандарға қызмет көрсететін орталықтандырылған зертханалар болатын болса, осы мақсатта материалдарды арнайы 24- 28 сағат сақтауға болатын, тасымалдауға арналған орталарды (Стюарт және Амиеса орталары) қолданған дұрыс;
Зерттеуге қажетті зат мүмкіндігінше антибактериалды емдеу шараларын қолданғанға дейін алынуы қажет;
Микроорганизмдер қоршаған орта факторларына сезімтал болып келеді, осыған байланысты зерттеуге алынған материалдың тіршілігін жойып алуына мүмкіндік бермей, дұрыс сақтау қажет.
Зерттеу затын зерттеуге жіберу кезінде міндетті түрде құжаттама толтырылады. Құжатта науқастың аты жөні, жасы, бөлімі, болжамды диагнозы, материал түрі, алынған уақыты көрсетілуі шарт.
Зерттеуге қажетті зерттеу материалын дұрыс алу әдістері:
Сұйық зерттеу затын көлемді түрде және стерильді шприцтің көмегімен алады. Зерттеу затын тампонмен алу тек қана көлемді әдісті (әйелдің төменгі жыныс жолдарынан, құлақтан, көзден, ашық жаралардан) іске асыра алмаған жағдайда жасалынады.
Жабық қуыстарды аспирация жасағанда тесетін жердегі теріні 1 -2 минут бойына антисептиктермен дезинфекция жасайды.
Фустуланы және жыланкөз кезінде жараларды біріншілік бөлінділерден тазалап, зерттеу материалын тереңнен алады.
Дренаждан бөлінетін бөлінділерді де шприцпен алады және алынып тасталған дренаждық түтіктердің төменгі ұштарын қолданады.
Жара биоптаттарын жараның терең қабаттарындағы тіннің беткі бөлігін кесу арқылы алады және жараның беткі қабаттарындағы микрофлораны жою мақсатында, антисептикалық және антибактериалдық препараттармен өңделген жағдайда оларды жою мақсатында жараны физ. ерітіндімен және 70 градустық этил спиртімен мұқият өңдеп, тампон арқылы бөліндіні жинайды.
Қан.
Бактериологиялық зерттеуде кеңінен қолданылатын клиникалық материалдың бірі. Бактерияның қаннан анықталуы - өте қиын және үлкен жауапкершілікті талап ететін микробиологиялық талдаулардың бірі. Қанның бактериологиялық зерттелуін талап ететін басты көрсеткіштер – қызба (38̊ С-тан жоғ.), гипотермия (36̊ және одан төмен ), лейкоцитоз және гранулоцитопатия анықталады.
Қанды зерттеуге жоғарғы температура және діріл деңгейінде жергілікті теріні дезинфекция жасағаннан соң, вена тамырынан, шприцтің көмегімен, спиртшамның от жалыны аясында алады және төсектегі науқастың жанында себу жасалынады. Көп жағдайда жоғары дене қызбасын бактериялардың өзі ғана емес, олардың ыдырау өнімдері (мысалы: эндотоксиндер және т.б.) тудырады, сондықтан жоғарғы қызбасы бар науқастардан дене дірілдеуінің алдында немесе бастапқы кезеңінде зерттелетін қанды алу ұсынылады, себебі, осы кезеңдерде қоздырғыштың бөліну жиілігі жоғарылайды.
Өңделген терінің беті кебуі қажет, содан соң ған қан алуды іске асыруға болады.Талдауға тек вена тамырынан алынған қанды қолдануға болады. Венадан 12-15 мл. (20-30мл) қанды алып, көп бөлігін (5-10мл) инені ауыстырмастан 50-100 мл. байытылған қоректік ортаға 1:10 қатынасында себінді жасайды;
Себіндіні екі жағдайдағы ортаға жасайды, бір ортаға аэробты жағдайда зерттеуге, екіншісін анаэробты жағдайда зерттеуге 1-2 мл. қанды 1,0 мл. натрий цитраты бар пробиркаға енгізеді. Қанды (сепсис кезінде) зерттеуге 5-10 сағат сайын 2-3 рет алынып отыруы қажет.
Алынған қан үлгілерін мұздатқышта қатыруға болмайды. Ересек адамдардан дұрыс ережемен алынған қан барлық уақытта стерильді болып табылады. Қалыпты микрофлора өкілдері әр кезең сайын қанайналым салаларына түсіп отыруы мүмкін, бірақ олар тез арада қорғаныс жүйесінің көмегімен жойылып отырады. Егер қаннан микроорганизмдер анықталатын болса, ластанған қан үлгілерінен анықталған қате нәтижелерден ажырату үшін, тез арада шынайы оң нәтижесін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |