Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН


Іш сүзегіне бактериологиялық әдіспен диагноз қоюдың стандартты технологиясын орындауға арналған бағалау қағазы



бет22/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)

Іш сүзегіне бактериологиялық әдіспен диагноз қоюдың стандартты технологиясын орындауға арналған бағалау қағазы
ІІІ күн




р\н

Жүргізу қадамдары

1

Берілген жұмыстарды жүргізуге арналған құралдарды тексеру
І.а. спирті бар спиртшам (спиртовка)
І.б. бактериологиялық ілмек
І.в. физиологиялық ерітінді
І.г. агглютинирлеуші О249, VI сарысулары
І.д. заттық әйнекше
І.е. Рессель ортасы
І.ж. препаратты Грамм әдісімен бояуға арналған бояулар жиынтығы.

2

Рессель ортасы екі түрлі құрамды бөлімнен тұрады: төменгі бөлігі бағана түрінде және жоғарғы бөлігі қиғаш түрінде. Рессель ортасының құрамына ЕПА+лактоза+глюкоза, Мор тұзы және фенол-род индикаторы кіреді. Фенол-род бейтарап ортада қызыл, қышқылда- сары түсті береді. Лактоза ыдыраған кезде ортаның түсі үстіңгі жағында, глюкоза ыдыраған кезде-төменгі бөлігінде өзгереді. Күкірттісутек бөлінген кезінде ортаның бір бөлігі қараяды. Көмірсулардың қышқылға дейін ферментациялануы кезінде ортаның түсі сары түске өзгереді, ал егер, ферментациялану қышқылға және газға дейін жүрсе, онда ортаның түсі сары түске өзгереді және газ көпіршіктері пайда болады.

3

S. typhi лактозаны ыдыратпайды, глюкозаны қышқылға (Қ) дейін ыдыратады, H2S түзеді;
S. paratyphi A лактозаны ыдырата алмайды, глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады, H2S түзбейді;
S. paratyphi B лактозаны ыдырата алмайды, глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады, H2S түзеді;

4

Грамм әдісі бойынша дайындалған жағындыдағы дақылдың тазалығын тексеру. Жағындыда грамм-теріс, орташа көлемді, екі шеті жұмырланған таяқшалар анықталуы керек.

5

О249, VI О- сарысуларымен болжамды агглютинациялық реакция қояды. Зат әйнекшесінің екінші басына физиологиялық ерітіндінің тамшысын тамызу (бақылау);

6

Заттық әйнекенің қалған бөлігіне 3 жерден жеке тамшылар агглютинациялық О249, VI сарысуларын тамызады.

7

1-ші О2 сарысуы тамшысына Рессель ортасынан ілмекпен бактерия дақылын салып араластырады, ілмекті спиртшамның от жалынында күйдіріп залалсыздандырады.

8

Содан кейін 2-ші О4 сарысу тамшысына Рессель ортасынан ілмекпен бактерия дақылын салып араластырады, ілмекті спиртшамның от жалынында күйдіріп залалсыздандырады.

9

3-ші О9 және VI сарысу тамшыларына Рессель ортасынан ілмекпен бактерия дақылын алып араластырады, ілмекті отқа қыздырып, штативке қояды .

10

Затты әйнекті ақырын шайқап, оң агглютинацияның пайда болуын бақылайды. Микроб сероварына сарысу түрі сәйкес келген тамшыда агглютинация пайда болады. Нәтижені тіркейді және қорытынды жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет