Бөлімі: «Технология» Курстық жұмыс Тақырыбы



бет12/13
Дата12.01.2024
өлшемі73.12 Kb.
#488986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Азижан Адилжан

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау- еңбек процессіндегі адамның қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қоғамдық­-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының сәйкестігін және заң актілерінің жүйесін қарастырады.


Қауіпсіздік техникасы - бұл жұмысшыларға қауіпті өндіріс факторларының әсерін тоқтататын ұйымдастыру және техникалық шаралар жүйесі.
Өндірістік санитария жұмысшыларға қауіпті өндіріс факторларының әсерін тоқтататын ұйымдастыру және гигиеналық, санитарлы – техникалық шаралардың жиыны.
Еңбекті қорғаудың мақсатына жоғары өнімділік кезінде белгіленген МЕМСТ – дың, стандарттардың (ССБТ – еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі ) үздіксіз бақылауын орнату кезіндегі максималды еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.
Жобаланатын өнеркәсіп МЕМСТ 12.00.03-04 ССБТ пен белгіленген барлық төрт классификациялық топтардың қауіпті және зиянды өндіріс факторларының бар болумен сипатталады.
Қауіпсіздік ережелерін бұзу эксплуатация және аталған құрал – жабдықтардың конструктивтік кемшіліктері механикалық, жылулық, электірлік, химиялық және басқа зақым түрлеріне жиі әкеледі.Олар басқа өндіріс салаларындағыдай шығу тегіне байланысты аналогиялық болады.
Қауіпті және зиянды өндіріс факторлары жұмысшыларға жалпы өндірістік құрал – жабдықтарды эксплуатациялау кезінде де әсер етеді.
Негізгі зиянды өндіріс факторлары болып: жағымсыз микроклимат, шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі, өндіріс операцияларының қатарындағы еңбек біркелкілігі болып табылады.
Тамақ өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі жұмысын ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, травматизм және профессионалды аурулар ликвидациясымен, улану профилактикасымен және жұмысшыларға өнеркәсіп ортасы факторларының зиянды әсерімен, өрт қауіпсіздігімен байланысты проблеммаларды шешу арнайы техникалық пәнде және еңбек қауіпсіздігі сияқты комплексті пәнде көрсетілген білім негіздерін меңгермесе мәнсіз болып табылады.Еңбек қауіпсіздігі негіздерін оқу және қатаң меңгеру әрбір болашақ инженер үшін міндет.

Еңбекті қорғау мәселелерін шешуге арналған заң негіздері


Еңбек қорғауды дамытудың құқықтық негіздері құқықтық стандарттардың бірлік жүйесінде негізделеді.Еңбек қорғау облысындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңы Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы № 1914 – 12 28.02.04 тегі заңы және 2006.05.06 енгізілген толықтыруларболып табылады.


2004 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі екінші пунктінде “Қазақстан Республикасының заң және басқа да нормативтік актілер қабылданғанша оның территориясында бұрынғы КСРО заң нормаларын қолдануға және халықаралық құқық нормаларын қабылдауға болады, себебі олар бұл заңға қайшы келмейді” деп көрсетілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бостандығы туралы” Қазақстан Республикасының конституциялық заңын іске асыру жөнінде құжат қабылдады. Еңбек қорғау туралы салалардағы жүзеге асырылатын барлық нормативтік құжаттарды ұйымдастыру – құқық формалары мен өзіндік түріне байланыссыз Қазақстан Республикасының өнеркәсіптеріне қатыса алады.
Осылайша қазіргі кезде заң формалары мен нормативтік сұрақтар ҚР қабылдаған заң, қойылымдар, актілер қалай негізделсе, түзілмеген КСРО нормативтік құжаттары да қолдануда солай негізделеді.
Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңы еңбек қорғауда жұмысшылар құқығын қамтамасыз етуге осы облыстағы ұлттық саясат принциптерін қамтамасыз ету, олардың негізгісі болып өнеркәсіп өндірісінің нәтижелеріне қатысты жұмысшылар өмірі мен денсаулығы приоритет принципі және жұмыс берушінің толық жауапкершілігі мен еңбек қорғау талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау болып табылатын мәселелерге бағытталған.

Қорытынды


Қорыта келе, консерві сапасын өнімнің құрамы мен қасиетіне, сыртқы қабына қарап бағалайды. Өйткені олар стандартпен техникалық талаптарға сай болу керек.Консервілердің сапасы нормативтік талаптар мен химиялық құрамының органолептикалық көрсеткішіне сай болуы керек.


Өнімнің сыртқы түрі консерві өнімдерінің түріне сәйкес болуы керек. Ет кесектері құрғақ, жіпше тәрізді, қатты қайнатылған болмауы керек. Өнімде сіңір, сүйек болуы жіберілмейді. Құрамындағы рецептура компонененттері өнімнің өн бойына біркелкі таралған болуы керек. Консервіленген ет өнімдері (ветчина, шұжық) банкіден алған соң да, өз пішіні мен түсін консервіленбеген өнімге сақтауы керек.
Өсімдіктекті толықтырғыштар (жеміс-жидекті т.б) да өздерінің алғашқы түрін сақтап, стандартқа сай болуы керек. Өнімнің дәмі мен иісі өнім түрі мен құрамындағы хош иістендіргіштер мен дәмдеуіштерге сай болуы керек. Ал дайын өнімде металл иісінің болуы жіберілмеійді.Консервіленген ет өнімдерінің түсі өнім түріне байланысты: алдын – ала технологиялық өңдеуінде тұздықталса, (фарш,ветчина, шұжық т .б) түстері табиғи ет түстес, ашық қызылдан, қою қызылға дейін; ал кесекті ет үшін сұр түстес, яғни өнімнің түсі қолданылатын тұздық немесе құйма түріне байланысты болады, ал шпик ешқандай түс өзгеріссіз яғни, сары немесе сұр түсті емес ақ түсті ғана болуы керек. Ет сорпалары (желе) қыздырған соң сәл қоюлығы бар мөлдір, сары немесе ақшыл қоңыр түсті болады. Ет сорпасының ақ, сүт сияқты қою болуы жіберілмейді. Консервілер консистенциясы консервіленген өнім түріне байланысты, етті бөлігі сулы жұмсақ болса, өсімдіктекті толықтырғыштар- тығыз болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет