Болжам тұрғысынан қауіпті экстрасистолия: Жүрекшелер фибрилляциясына тән емес экг белгіні атаңыз



бет7/7
Дата01.11.2022
өлшемі113.19 Kb.
#463800
1   2   3   4   5   6   7
ПжІА ІАН емтихан тесттері жауапсыз 2022-2023 күз (1)

Түйінді периартерит

584.30 жасар әйелде - симметриялы полиартрит, Рейно синдромы, қою тамақты жұтудың қиындауы байқалады. ЭТЖ-15 мм/саг. Ең ықтимал диагноз қандай?


Жүйелі склеродермия

585.45 жастағы ер адам тұрақты түрде әлсіздікке, қызбаға, миалгияға, артралгияға, іштін ауырсынуына, қан қысымының жоғарылауына, қоныс аударатын мононевритке шағымданады.Қанның жалпы анализінде - лейкоциттер 16,7 х 109 / л, эозинофилдер - 15%, ЭТЖ 69 мм / саг. Зардін жалпы анализінде - акуыз 0,26 г / л, креатинин - 123 мкмоль / л, HBsAg он, ПТР HBV ДНК-он. Іш қуысының ангиографиясын жүргізу кезінде бірнеше микроаневризмалар, ұсақ және орта тамырлардың стеноздары мен окклюзиясы анықталды.


Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Түйінді периартериит

586.Әйел 38 жаста, кенеттен бұлшықеттердің әлсіздігіне, өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіздігіне, бет пен тұлға аймақтарына эритематикалық бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Проксимальді фалангааралық буындардың үстінде терінің экзематозы өзгерісі. Антинуклярлы антиденелер,КФК денгейінің қалыптыдан 80 есе жоғарылауы анықталды. Ең қолайлы емдеу тактикасы қандай?


Пульс-терапия метипредпен 1000 мг х 3 рет,көктамырға тамшылатып

587.27 жастағы әйел бүкіл дененің ісінуіне, қол саусақтарының ұсақ буындарындағы ауырсынуға, аздаған физикалық күштемеде ентігуге,жүрегінің шалыс соғуына,құрғақ жөтелге,шаштарының түсуіне, салмақ жоғалтуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.7 күн бұрын ауырған.Объективті: Өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіз везикулалык тыныс, ЖСЖ-120 рет мин.


Беттің ісінуі,қол саусақтарын пальпациялап көргенде ауырсыну байқалады.Жалпы кан анализінде - лейкоциттер - 2,8 х 109 / л, ЭТЖ - 62 мм / саг. Жалпы зәр анализінде - акуыз 3,4 г / л,
эритроциттер - көру аймағында - 7-8, лейкоциттер - 4-5 көру аймағында. Антинуклярлы фактор он мәнді. Ең ықтимал диагноз қандай?
Люпус-нефрит

588.40 жастағы ер адам қатты шөлдеуге (күніне 8 литрге дейін), көп зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде бір жыл бұрын жол апатына ұшырап, бас-мидың жабық жарақаты диагнозы қойылған. Объективті: тері жабындысы бозғылт, серпімділігі азайған. ЖСЖ 70 минутына, АҚ 110/60 мм.с.б. Гипофизді МРТ-да тексергенде көлемді түзілімдер анықталған жоқ. Глюкоза аш қарында деңгейі 4,9 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде: қант- жоқ, ақуыз – жоқ, тығыздығы 1001-1002, лейк. – 1-0-1, эритр. - жоқ. Қан анализі өзгеріссіз. Емдеу мақсатында қандай дәрі қолдану ЕҢ тиімді?


589.27 жастағы айел: Жайылмалы уытты жемсау, 2 ауырлық сатысы диагнозымен «Д» есепке тiркелген. 1,5 ай мерзімінде мерказолил 10 мг күніне 3 рет, обзидан 20 мг күніне 3 рет, фенозепам 1 мг 2 рет күніне ем қабылдауда. Жүргізілген терапия әсерінен жағдайы жақсарды, бірақ ЖҚА -де айқын лейкопения, тромбоцитопения дамыды.
Көрсетілген лабораториялық өзгерістерге қайсы препараттың әсері БАРЫНША мүмкін?
590.60 жастағы әйел, трофикалық жарамен ем қабылдаған, бірақ нәтижесі болмаған. Бір жылдан бері манинил қабылдайды. Терісі құрғақ, ісінулері жоқ. АҚ - 135/80 мм с.б.б. ЖЖЖ 82 рет мин.. Status localis: оң аяқ табаны гиперемияланған, сәл ісінген, сыртқы бетінде пішіні дұрыс емес, көлемі 4,5x6,1 см жара бар. Оң аяқтың шеткі тамырларының пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия 29 г/л. Емдеу тактикасы?
591.50 жастағы әйел, скрининг кезінде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 ммоль/л дейін жоғарылағаны байқалган. Тексергенде бойы 170см, салмағы 91 кг.
Төменде көрсетілген препараттардың тағайындауының ЕҢ тиімдісін белгілеңіз:
592.Гипогликемиялық комада жүргізілетін емдеу тактикасы:
593.24 жастағы ер кici, қатты арықтағанына (1 айда 9 кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Обьективті:терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңді, фурункулез бар.Тексергенде зәр анализінде қант анықталған - 2,9% және ацетонурия, қан анализінде глюкоза 11,7 ммоль/л.
Емдеу тактикасын қай препараттан бастаған тиімді?
594.Қант түсіруші сульфаниламидтік препараттардың әсер ету механизмі:
595.Науқас 35 жаста жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, дене салмағының күрделі азаюына, бет, мойын, алақан терісінде пайда болған сұрланған пигментацияларға шағымданады. Объективті: Бойы 178 см, салмағы 46 кг, АҚҚ -80/55 мм.с.б. Беті, табиғи қатпарлар қоңыр түсті. Анализдері: Na- 138 ммоль/л, К – 5,9 ммоль/л
Науқаста пайда болған гиперпигментацияның патогенезін анықтаңыз?
596.Емханаға 18 жастағы қыз үнемі шөлдеуге, тамаққа тоймауға, несепті жиі шығаруға шағым айтып келді. Өзі тұмаумен 10 күн бұрын ауырған. Зерттеулер нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі жоғарлағаны, абсолюттік инсулин жетіспеушілігі, ұйқы безінің β-жасушасының деструкциясы анықталды. Амбулаторлық деңгейде ем беріңіз:
597. Емханаға 16 жастағы бозбала ентігуге, тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға, іш ауырсынуына, ұйқышылдыққа шағым айтып келді. Қантты диабет тип 1 бойынша «Д» есепте тұрады. Объективті: тыныс алған ауада ацетон иісі сезіледі, санасы біртіндеп сомноленттік-сопороздық санаға өтті. Қандағы глюкоза 14 ммоль/л, кетон денелері 1,1 ммоль/л, кетонурия ++, рН 7,15 анықталды. Жағдайға баға беріңіз:
598.Қантты диабет тип 1 бойынша «Д» есепте тұратын 18 жастағы қыз емханада кезекті зерттеулерден өту барысында жүрек қағу, қалтырау, тер, дезориентация, құрысу пайда болды. Басқа адамның көмегін қажет ететін, санасы жоғалған. Жағдайға баға беріп, клиникалық хаттамаға сәйкес (2017) емі тағайындаңыз:
599.Емханаға 45 жастағы әйел тершендікке, жүрек соғуына, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне, диареяға шағым айтып келді. Анамнезі: жақын арада жіті респираторлық вирустық ауруын бастан өткізген. Объективті: тершендік, тітіргенгіштік, тахикардия, жүрек тондарының қатты естілуі, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, қалқан безі өлшемі күрт үлкейген. Қалқан безінің УДЗ – көлемі ұлғайған. Жағдайға баға беріп, амбулаторлық деңгейде тандау емін тағайындаңыз:
600. Емханаға Ж. 45 жаста, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне шағым айтып келді. Объективті: апатия, тежелген, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, шашы сыңғыш, брадикардия, диастолалық артериальдық гипертензия, тілде тіс іздері бар. ↑ ТТГ, ↓ бос Т4. Жағдайға баға беріңіз:
601.Емханаға 48 жастағы әйел әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне шағым айтып келді. Объективті: апатия, тежелген, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, шашы сыңғыш, брадикардия, диастолалық артериалдық гипертензия, тілде тіс іздері бар. Амбулаторлық деңгейде қолданылатын негізгі дәріні тағайындаңыз:
602.Емханаға 40 жастағы әйел скринг өту барысында қалқанша безінің орташа үлкеюі және пальпацияда тығыздалуы табылды. Зоб беткейі тегіс, екі бөліктің де ұлғаюына қарамастан, біреуі екіншісінен үлкендеу. Жүректің соғу жиілігі 55 рет/мин, АҚ 120/90 мм с.б.. Қан сарысуында протеинмен байланысқан йод (ПБЙ) деңгейі жоғары және Т3, Т4 қалыпты, тиреоглобулиндерге қарсы аутоантиденелер титрі 1:500. Биопсия жасалады, онда лимфоциттер, Ашкинази (Гюртля) жасушасы және плазмалық жасушалар көп мөлшерде анықталады. Жағдайға баға беріп, ем тағайындаңыз:
603.Емханаға 46 жастағы әйел дене салмағының артуына және сырт көрінісінің өзгеруіне, айқын жалпы әлсіздікке, қол мен аяқ бұлшықеттердігі әлсіздікке, жадының төмендеуіне, етек кірі айналымының бұзылысына, сүйектердегі ауырсынуына шағым айтып келді. Объективті: кушингоид тәрізді семіздік, ай тәрізді дөңгеленген бет, терісі құрғақ, жұқа, мәрмәр тәрізді, бұлшықеттің атрофиясы, жалпақ қызғылт стриялар. АҚ 180/100 мм.рт.сб. Үлкен дексаметазондық сынақ жасалды, онда кортизол бастапқы деңгейінен 50%-ға төмен болды. Жағдайға баға беріңіз:
604.Емханаға 55 жастағы әйел бас ауыруына, бас айналуына, көрудің нашарлауына, жүрек соғуының жиіленуіне, шалыс соғуына, тершендікке, қобалжу мен үрей сезіміне, ауыздың құрғауына, АГ кризі кезінде қол-аяқтардың треморына, жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті патологилық өзгерістер табылмады. Ұстама кезінде адреналин деңгейі 375 пг/мл және норадреналина 935 пг/мл. КТ-да бүйрекүстібезінде өлшемі 1,8 см тығыз, дөңгелек формалы, шегарасы анық түзілім анықталды. Жағдайға баға беріп, ем тактикасын анықтаңыз:
605.Емханаға 27 жастағы әйел кейін тәбеті жоғалып, тағамнан жирену, жүрек айну, тоқтаусыз құсуға шағым айтып келді. Жүйелі қызыл жегімен «Д» есепте тұрады, ГКС қабылдайды, кенеттен ГКС қабылдаудан бас тартқаннан. Объективті: ағзалар тез арада сусызданған, іштің ауырсынуы жиі спастикалық түрде, кейде «өткір іш» көрінісімен байқалды. Диагноз қоюдағы қателік және хирургиялық іс-әрекеттер науқас үшін қауіпті болуы мүмкін. Жағдайға баға беріңіз:
606.Қыз бала 12 жаста. Мойын өлшемінің ұлғаюына, жүрек соғуына, тершеңдікке, әлсіздікке, ашуланшақтыққа шағымданады. Айтылған шағымдар ЖРВИ-ден кейін екі айдан соң пайда болған. Қарап тексергенде терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі пальпацияда 2 дәрежелі, ауырмайды, біркелкі. Тамыр соғысы 110 рет мин, ырғақты.
Алдымен қандай препараттарды тағайындау қажет:
607.13 жасар жасөспірім, бір жыл аралықта жайылмалы уытты жемсаумен ауырады. Өзін науқаспын деп санамайды, емін тұрақты қабылдамайды. Қазір науқаста тиреотоксикоздың айқын көріністері байқалады.
Әрі қарай оңтайлы тактиканы көрсетіңіз:
608.Диабетті нефропатияның негізгі патоморфологиялық өзгерістері төменде көрсетілген себептерінің бірі болады:
609.1 жасар 3 айлық науқас 1 жүктіліктен мезгілінен ерте босанумен туылған. Туылған кездегі дене салмағы 3600,0, ұзындығы 50 см. 1-ші күні емген, бірақ әлсіз. Кіндік қалдығы 9-шы күні түскен, перзентханадан 11 күні 4 аптаға созылған сарғаюмен шығарылды. Анамнезінде анасында қалқанша безінің қызметінің бұзылуынсыз 2 дәрежелі түйінді жемсау бар екені анықталды. Жүктілік кезінде анасы емделмеген. Қыз бала 1 күннен әлсіз. Тыныс алуы шулы. Даусы төмен, терісі құрғақ, шаштары сирек, іш қату. Басын 6 айдан бастап ұстап тұра алады. 1 жасынан бастап отырады, тұра алмайды. Үлкен еңбегі 2х1,5 см, тістері жоқ. Жалпы қан анализінде гипохромды анемия. Биохимиялық анализде гиперхолестеринемия. Саусақ рентгенограммасында өсу аймағы 3 айлық нәрестеге сәйкес келеді. Диагнозды көрсетіңіз:
610.12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 - жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың. Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы БАРЫНША мүмкін?
611.60 - жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 104 г/л, ТК - 1,2, лейкоциттер - 2,7 мың, тромбоциттер -115 мың. ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты типті қан түзілу. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
612.68 - жастағы ер адамда, қанның келесі көрінісі анықталды: эритроциттер - 3,1 млн., Нв - 93 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 3,8 мың, тромбоциттер - 120 мың, ретикулоциттер – 0,4 %, ЭТЖ - 14 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің жартылай сегменттелуі. Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
613.18 - жастағы жас жігіт, тізе буынындағы өткір ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Бала кезінен ауырады. Объективті: буындары ісінген, тері жабындылары қызарған, ұстағанда ыстық, қозғалысы шектелген. Қанында: эритроциттер - 3,9 млн., Нв - 94 г/л, ТК - 0,7, ЭТЖ - 16 мм/сағ, АКТ - 29 мин., ұю уақыты - 25 мин. Буын рентгенографиясы: буыны деформацияланған, буынның беткей қабаты тегістелген, айқын остеопороз, тізеүсті аздап бұзылған, эпифиздер өрнектелген. Төмендегі дәрілер тобының қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:
614.32 - жастағы әйел, тіс экстракциясынан кейін ұзақ, бірақ қайталанбаған қан ағуға шағымданады. Анамнезінде: мұрыннан қан кету. Объективті: денесінің алдынғы жағында және аяқтарында петехиялар мен экхимоздар. Қанда: эритроциттер - 2,9 млн., Нв -77 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 4,2 мың, т/я – 3%, с/я – 70%, лимфоциттер – 26%, моноциттер – 1%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қан ағу ұзақтығы 24 минут, қан ұю уақыты 4 минут. Миелограммада: мегакариоциттер анықталмайды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
615.18 - жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
616.24 - жастағы әйелде, босанғаннан кейін кенеттен қызба, дірілдеп тоңу, қатты тершеңдік басталды. Анамнезінде қағанақ суы ерте кеткен және жағымсыз иісті. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жоғары, тромбоциттердің агрегациясы кенет жоғарлаған, этанол сынамасы оң. 4-ші тәулікте теріде петехиальді бөртпелер және жатырдан қан кету пайда болған. Қанда: тромбоцитопения, гипофибриногенемия, эфолық сынамада қанның ұюы ұзарған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
617.Өзін сау адаммын деп санайтын 55 жастағы науқас мойын мен қолтық аймағында кішкентай «ісік тәрізді» түзілістердің пайда болуын байқады және дәрігерге қаралды. Қан анализінде: лейкоциттер – 26х109/л (лимфоциттер – 50%), гемоглобин – 34 г/л, тромбоциттер – 290х109/л. Қан жағындысында лимфоциттердің жартылай жарылған ядролары (Гумпрехт көлеңкелері) анықталды. Болжамды диагноз:
618.28 - жастағы ер адам, 3 апта бойы күшейген әлсіздік, тершеңдік пен сипатталатын стоматитпен нәтижесіз емделді. Қарағанда: дене қызуы 38,8°С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некроздық стоматит. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімсіз. Қанында: эртроциттер - 3,0 млн., Нв - 95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер - 14,5 мың, бластар - 32%, таяқша - 1%, сегменттер - 39%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 8%, тромбоциттер - 90 мың. ЭТЖ - 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакция оң. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
619.19 - жастағы жас жігіт, қызыл иегінің қанауына, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39°С. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимоздар. Көмекейінде-өліеттенген жұғынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв - 75 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 29 мың, бластар - 98%, сегменттер - 2%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
620.53 - жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін ?
621.40 - жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
622.52 - жастағы ер адамда, анемия анықталды: Нв – 85 г/л, ТК – 0,8, сарысулық темір – 7,8 ммоль/л. Созылмалы қан жоғалту белгілері жоқ, 5 жыл бұрын аш және мықын ішектің түйілуіне байланысты, аталған ішектердің резекциясы жасалынған. Төменгі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
623.32 - жастағы ер адамның кенеттен дене қызуы жоғарылады. Қарап тексергенде тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы, спленомегалия байқалған. Қан анализінде: эр – 2,0 млн., Нв – 40 г/л, ТК – 0,9. лейк – 10,1 мың, тромб – 196 мың, ретикулоциттер - 9%, ЭТЖ – 23 мм/сағ, жалпы билирубин – 34 ммоль/л, тікелей емес – 17 ммоль/л. Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
624.Аутоиммунды тромбоцитопениялардың патогенетикалық терапиясын бірінші кезекте мынаны тағайындаудан бастаған БАРЫНША тиімді?
625.53 - жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ. Терінің қышуы келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
626.22 - жастағы науқас тамағының ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бойы фолликулярлы баспамен сырқаттанған, ем нәтиже бермеген. Объективті: дене қызуы – 37,8 С, тері жамылғысы бозарған, ылғалды. Жаралы-некрозды тонзиллит. Жақасты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімсіз. Қанда эр – 2,9 млн., Нв – 88 г/л, ТК – 0,9, лейк – 11,9 мың, бласттар – 17 %, т/я – 1 %, с/я – 28 %, лимф – 26 %, мон - 9 %, тромб – 100 мың, ЭТЖ – 37 мм/сағ. Цитохимиялық зертеу: миелопероксидазаға реакция – оң. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
627.57 - жастағы ер адам, жүргенде ентігу, жүрек қағу, дене температурасының 37 С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Объективті: бозғылт. Аңқасы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, борпылдақ. Тондар тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖЖЖ 98 рет минутына. Бауыр оң қабырға доғасынан 5 см төмен, ауыру сезімсіз. Көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз, ауыру сезімді. Қанда: эр – 3,1 млн., Нв – 92 г/л, ТК – 0,95, лейк – 100 мың, бласттар – 20 %, промиелоциттер – 5 %, миелоциттер – 12 %, метамиелоцитер – 7 %, таяқша - 4 %, сегмент – 27 %, эоз – 7 %, базоф – 9 %, лимф – 8 %-тромб-56 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
628.54 - жастағы ер адам, басының ауыруына, бетінің қызаруына, ыстық душқа түскенде саусақ ұштарының қышынуына шағымданады. Объективті: гепатоспленомегалия. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 188 г/л, лейк – 11,9 мың, тромб – 480 мың. ЭТЖ – 1 мм/сағ. Эритропоэтин деңгейі төмен, нитрофильдердің сілтілі фосфатаза белсенділігі жоғарылаған. Анықталған клинико-зертханалық көріністер мынған БАРЫНША тән:
629.Науқас 34 жаста балтыр-табан буынының ауырсынуын, оның ісінуін және буын айналасы мен балтырда ұсақ бөртпелердің пайда болуын айтады. Бауыр және талақ ұлғаймаған. Тромбоциттер – 180х10/л, қан кету – 4 минут, қанның қоюлығы өзгермеген, протромбин индексі – 90%, АЧТВ – 45 с, фибриноген – 5 г/л. Зәрде: белок – 0,1%, эр. – 50 көр.айм. . Қан кетудің механизмі қандай?
630.18 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/л.Болжам диагнозыңыз:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет