Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі»



бет3/11
Дата09.05.2023
өлшемі188.68 Kb.
#473428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бөлме өсімдіктері

Өсімдіктерді орналастыру: Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, жұмыс столына бекітілген ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлап өсіру аз орын алады, оларды баптап күту қолайлы. Сондықтан шоғырлап отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды – тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр- түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әртүрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді ( пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сөрелерде және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді.
Бөлме өсімдіктерінің топырағы: Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және күлгін құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өімдіктердің қалдықтарынан: шөптен,қурап түскен жапырақтардан т.б.дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабын су, көң бөкпесін құяды. Тез шіруі үшін қорданы күрекпен әлсін-әлсін (3-5рет) араластырып отырады. 2-3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтың құнарлығын арттыру үшін қосады.
Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурап түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2-3 рет күрекпен қопарыстырады. 2-3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. Шымтезек топырағын ми батпақты саз қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет