Бөрібаева Назерке Алматқызы 6В03103-Психология І курс студенті



Дата01.05.2024
өлшемі14.69 Kb.
#500269
Бөрібаева Назерке Алматқызы


Бөрібаева Назерке Алматқызы
6В03103-Психология І курс студенті
Əлеуметтік ғылымдар магистрі:Сапарова Г.Т
Астана халықаралық университеті
Абылайхан атындағы Қазақ халық аралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары М.С.Тилеубаева, Р.К.Адильбаева, Н.С.Төлегенова, Д.С.Слямгажиеваның «Баланың мектепке бейімделуінің психофизиологиялық аспектілері» тақырыбындағы мақаласына

Сын пікір


Мақала балалардың мектепке бейімделуінің психофизиологиялық аспектілері туралы қызықты зерттеуі болып табылады, ол балалар психологиясы мен даму диагностикасы тұрғысынан қарастырылды. Мақала авторлары бастауыш сыныптардағы балалардың оқу және бейімделу процесіне әсер ететін әртүрлі факторларды бағалады, мысалыдан ішкі және сыртқы ынталандыру, физиологиялық бейімделудің негізгі кезеңдері, психологиялық бейімделудің негізгі кезеңдері, әлеуметтік өзара әрекеттесу және дайындық пен бейімделуге жақындау.
Авторлар осы зерттелген белгілі әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға көп көңіл бөлді, бұл мақаланы тәрбиешілер, психологтар мен ата-аналар үшін құнды ақпарат көзі деп ойлаймын. Себебі, мектеп – бұл бала үшін жаңа әлеуметтік институт, мұнда ол үшін бәрі жаңа және басқаша. Мектепке бейімделуі әлемінің психофизиологиялық аспектілері баланың дамуына, мінез-құлқына және оқуына әсер етеді. Оқу жолының басында балалар барлық қиындықтарға кезігеді және стресстік жағдайларға түседі. Ал арнайы ұйымдастырылған сабақтар балалардың мектепке дайындалуына көмектеседі, бірақ ата-ананың балаға бөлген көңілі мен көмегінсіз мұндай дайындық сапалы болмайды. Оқуға дұрыс бейімделу болмаса, бала көп нәрсені жіберіп алуы мүмкін, күйзеліске ұшырап ары қарайда сол оның психологиялық жағдайына жаман әсер етіп, әлеуметтік дамуын баяулата алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет