Бөрлі ауылдық кітапханасы



Дата18.07.2016
өлшемі92.07 Kb.
#206496
Бөрлі ауылдық кітапханасы

Бөрлі ОКЖ-де алғашқы кітапханалардың бірі болып 1930 жылдарда Бөрлі кентінде оқу үйі түрінде кітапхана негізі қаланып, ол кішкене жертөле үйде орналасты. Кеңес үкіметі кезінде коммунистер мен комсомолдармен бірлесіп, қолдауымен қызыл бұрыш бөлмесі өзгеріп, бертін келе ауылдық кітапхана болып ашылды. Алғашқы кітап қоры 1324 дана құрап, оқырмандар саны 300-ге жуық болды. Ауыл кітапханасы соғыстан кейінгі жылдарда ауыл тарихында ерекше орны бар мәдениет ошақтарының біріне айнала отырып түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрды. 1976 жылы кітапханаларды орталықтандыру аяқталды, соның негізінде аудан кітапханасы болып келген Бөрлі кітапханасы №29 филиалы болып қайта бекітілді. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі Журавлева Валентина Сергеевна болды. Валентина Сергеевна басқарған кітапхана аудандағы ең жоғары дәрежедегі кітапхана болып келді. Кітапханада өлкетану жұмыстары үнемі белсенді түрде жүргізіліп отырды. 1970-1980 жылдары «Озат жұмысты кітапханашы» атағын ие болды. Валентина Сергеевна кітапханада 40 жылдай жұмыс істеді. Ауданда көптеген кітапханашыларды: М.Н.Алтаева, Г.Т.Калинина, И.Г. Буянкина, Т.К.Жандосова т.б.тәрбиелеп, өз ісінің жетік маманы болуына баулыды. Валентина Сергеевна КСРО мәдениет министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 1966-1987жж. аралығында 32 Құрмет грамоталары және «Еңбек ардагері» медалімен мараппаталған. Бүгінгі таңда кітапхана меңгерушісі И.Г.Буянкина. Кітапхана негізінен ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыра отырып, өлкетану, қазақстандық әдебиеттерді насихаттау бағытында әр алуан жұмыстар істелінуде.c:\users\7\desktop\2013-10-18 1\1 001.jpg

(оңнан солға қарай) аудандық кітапхана директоры Павлова В.И., Бөрлі кітапханасының меңгерушісі Журавлева В.С., кітапханашы Қанатова Б. 1970ж.

c:\users\7\desktop\2013-10-18 333\333 001.jpg

Кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. Ұлы Отан соғысының ардагері П.С.Белыймен кездесу кеш өткізуде. c:\users\7\desktop\2013-10-18 52\52 001.jpg


Бөрлі кітапханасының алғашқы меңгерушісі

Журавлева Валентина Сергеевна

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет