Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы



бет11/12
Дата13.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#131469
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «қазақ филологиясы», «журналистика», «жұртшылықпен байланыс» мамандықтары бойынша білім немесе «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша педагогикалық немесе «құқық» мамандықтары бойынша (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық), бос лауазымның тиісті мамандандыру саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде жұмыс істей білуі.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Бұқар жырау ауданының Ішкі істер басқармасы, 100400, Қарағанды облысы, Ботақара кенті Бұқар жырау көшесі, 44, анықтама үшін телефон: (872154) 2-11-67, факс 2-12-41, электронды адрес krgdvd@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Көші-қон полициясы бөлімшесінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: халықты тіркеу және құжаттау бойынша құжаттардың, жоспарлы іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, іс жүргізуді және мекенжай-анықтамалық жұмысты және №1 нысан мұрағаттық картотеканы дұрыс және жедел жүргізу. Өтініштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Халықты құжаттау және тіркеу мәселелері бойынша, жоғары тұрған органдардың бақылаудағы тапсырмаларын, жоспарлы іс-шараларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» мамандықтары бойынша білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық), бос лауазымның тиісті мамандандыру саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде жұмыс жасай білу.



XXXIV. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, 010000, Астана қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2-үй, анықтама телефондары: факс (8-717-2) 72-30-64, 72-30-62, электронды мекенжайы: ukr_kuis@nur.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: редакциялық сараптамаға келіп түскен мемлекеттік тілдегі құжаттарды тіркейді және есебін жүргізеді. Бөлімнің құпия және құпиясыз іс жүргізуіне жауапты, өзара ауыстыру есебімен бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және олардың тапсырманы орындауын бақылайды. Өткізілген іс-шаралар нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарымен таралуын қамтамасыз етеді. БАҚ-қа өзінің шығармашылық материалдарын дайындайды. ҚАЖК қызметтерімен, республикалық басылымдар-мен, радиомен, телевизиялық каналдармен бірігіп хабар берілімін және жарияланатын басылым тақырыптарының келелігін анықтайды. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: педагогикалық, гуманитарлық. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымдардың тиісті мамандықтарының салаларындағы қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық реттейтін актілерін білу. Практикалық тәжірибесі - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

2. Тылдық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс бөлімінің бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс тобының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Басқарма бастығына, оның орынбасарына тікелей бағынады. ҚАЖ ведомстволық бағынысты бөліністерінің құрылыс, қалпына келтіру және күрделі жөндеу мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жаңа объектілерді салуға, қалпына келтіруге, ҚАЖ объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге бөлінетін күрделі салымдарының тиімді пайдаланылуын бақылайды. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына, сондай-ақ жобалау және құрылыс ұйымдарын таңдау жөніндегі сараптау комиссияның мүшесі ретінде тендерлер өткізуге қатысады. Мердігерлік ұйымның құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады. ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөліністері бойынша құрылыс, қалпына келтіру, күрделі және ағымды жөндеу мәселелері жөніндегі жиынтық бюджеттік өтінімді қалыптастырады. Өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады. ҚАЖ объектілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексеру мақсатында қызметтік іссапарларға шығады. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық (құрылыс). Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес келетін салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

3. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің сарапшысы, (бала күту демалысы кезеңінде) С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай ұстаным, еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, іссапарлық шығыстарды, ерекше шығындар мен басқа да төлемдерді төлеу үшін Қазынашылықтың атаулы чегі бойынша және (немесе) корпоративтік төлеу карточкасы бойынша екінші деңгейдегі банктен күн сайын ақшалай қаражат алады. Күн сайын жұмыс күні соңында бір күнгі операциялардың қорытындыларын санайды, келесі күнге кассада қалған ақшаның қалдығын шығарады. Нақты қолда бар ақшамен кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын күн сайын салыстыра тексереді. Кассалық кітапты жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша азаматтардан алынған кассада сақталатын бағалы заттар мен ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізеді. Қолма-қол ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын есепке алу кітабын жүргізеді. 120 «Касса», 177 «Депозиттелген еңбекақы бойынша есеп айырысулар» көмекші шоттарын аналитикалық есепке алуды жүргізеді. «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі» (№ 381 нысан) № 1 мемориалдық ордерін құрастырады. Күн сайын нысанды мақсаттар бойынша кассадан ақшалай қаражат беруді жүргізеді. Еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, өтемақыларды, демалыс және басқа да төлемдерді, алименттерді төлеуге (төлеуге есептерді) ақшалай қаражат есептеуге құжаттар дайындауды жүргізеді. Министрліктің орталық аппаратында қалааралық сөйлесулердің лимиттерін бақылауды жүзеге асырады, министрліктің қызметтерімен осы мәселе бойынша хат алмасуды жүргізеді. Қатаң есептегі бланкілерді сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. ҚАЖК қолма-қол ақшаны бақылау есептері бойынша көшірмелер мен олардың тиісті құжаттарын Қазынашылық органдарынан алады. Басқарма бастығының нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. Бухгалтерлік құжаттарды тігуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, оларды мұрағатқа дайындауды және тапсыруды, сақтау мерзімі өткен соң жоюды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: экономикалық. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымдардың тиісті мамандықтарының салаларындағы қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық реттейтін актілерін білу. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

4. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы экономикалық талдау және қаржыландыру бөлімінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІМ-нің мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржылық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Қылмыстық-атқару жүйесінiң мемлекеттiк мекемелерi бойынша шығындардың экономикалық жіктемесіне сәйкес 040 «Сотталғандарды, күдіктілерді және айыпталушы адамдарды үстау» бюджеттiк бағдарлама бойынша шығындардың жоспарлауын жүзеге асырады. Министрлiктiң Стратегиялық бағыттар және мақсаттарымен сәйкес республикалық бюджеттi құрастыру бойынша iшкi iстер органдарының бюджеттiк комиссиясының қарастыруына қажеттіліктер және берілген лимиттер бойынша ұсыныстар әзiрлейді және енгiзеді. Республикалық бюджеттiк комиссияның мәжiлiсiне материалдар дайындайды. Қаржылық қызметтiң мәселелері бойынша, тағы басқа ұйымдармен, қылмыстық-атқару жүйесінiң аумақтық бөлiністерiмен хат алысуды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық қызметтерінің мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметтерінің мәселелері бойынша шолуларды, анықтамаларды, бұйрықтарды, хаттамаларды және жедел кеңестердің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Есептесу және түсіндірме жазбасы арқылы міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер еңгізуге өтінім жасайды. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттiк мекемелерiнiң қаржыландыру жоспарларында енгiзiлген өзгерiстердiң мониторингін өткiзедi. Негізгі көрсеткіштер бойынша ақпаратты құрастыруын қамтамасыз етеді. Салалық бағдарлама бойынша қаржылық жылға сәйкес қарастырылған қаражаттың игерілуін бақылайды. Кешенді тексерістерге қатысады, ведомствалық бағынысты бөліністерінің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсетеді. Хат алмасу жүргізеді және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтері мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бекітілген есептерді ұсынады. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: экономикалық, заңгерлік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымдардың тиісті мамандықтарының салаларындағы қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық реттейтін актілерін білу. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

5. Тылдық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ҚАЖ комитеті үшін тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын жүзеге асырады. ҚАЖ комитеті үшін тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың келісімшарт жобаларын әзірлейді. Келісімшарттардың орындалуын электронды бақылау базасын, әлеуетті жеткізушілермен сотқа дейінгі қарсы талап жұмысын жүргізеді. ҚАЖ комитеті үшін сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер номенклатурасы мен көлемін құрастырады. Мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастырады және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: заңгерлік, техникалық, экономикалық. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымдардың тиісті мамандықтарының салаларындағы қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық реттейтін актілерін білу. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.



XXXV. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы, 030006, Ақтөбе қаласы, Смагулова көшесі, 11 А, анықтама үшін телефондар: 8(7132) 40-02-76 90-72-38, факс: 21-53-22, aktobe_d-otu@minagri.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысында болуына байланысты 28.04.2018 ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: банкілік операциялардың есебін жүргізу, №2 «Бюджеттік есептегі қаржылардың қозғалысы» ордерінің журналын толтыру. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру, инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбек ақыларын есептеу, әлеуметтік, жеке табыстық, қоршаған ортаны ластау жөніндегі, жылдық жиынтық салықтар жөнінде декларация толтыру, жинақтаушы зейнетақы қорымен есептесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: экономикалық (қаржы, аудит, бухгалтерлік) білім. Ортадан кейінгі экономикалық (қаржы, аудит, бухгалтерлік) біліммен де жіберіледі. Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестлеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын және «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.

2. Кадр, ұйымдастыру құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: мемлекеттік қызметке өтумен байланысты шешімдерді, жеке істердің, қызметтік тізімдердің, еңбек кітапшаларының сақталуы мен жүргізілуін рәсімдеу, оқу, қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке өту бойынша шектеулерді сақтауын бақылау, қызметтік тексеріс жүргізу.Психология негіздерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: заңгер, экономикалық білім. Ортадан кейінгі заңгер, экономикалық біліммен де жіберіледі. Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестлеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.

3. Алға аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қалыптасқан фитосанитарлық жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптерімен күрес шараларын ұйымдастыруда өсімдіктерді қорғау шараларының көлемі мен қорғаныс шараларын анықтау. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ауыл шаруашлығы дақылдарының зиянкестеріне, өсімдік ауруларына және арам шөптерге қарсы күрес шараларының сапалы өткізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктерді қорғау саласындғы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: агрономия, өсімдік қорғау білім. Ортадан кейінгі агрономия, өсімдік қорғау біліммен де жіберіледі. Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестлеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын және «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.

4. Хромтау аудандық аумақтық инпекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы бағдарламасын мал шаруашылығының құндылығы барысында жүзеге асыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен талаптарын орындауына бақылау, асылдандыру ісін қолдауға бөлінген қаржының мақсатты пайдалануына бақылау жасау; Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді, заңнамалық тәртіпте белгіленген олардың талаптарына сәйкестігін, өзінше немесе басқа да органдарды тарта отырып кешенді тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: зоотехния, зооинженер, ветеринариялық білім. Ортадан кейінгі зоотехния, зооинженер, ветеринариялық біліммен де жіберіледі.Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестлеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын және «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00, электронды мекенжайы: apkadm_otdel @mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Кадр, ұйымдастыру –құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі мерзіміне), С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: инспекция аппаратының мамандарын іріктеп алу мен орналастыру жөніндегі бөлім жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің орындалуын бақылау; кадрлармен жұмыс жасау жөніндегі есптердің уақытында берілуін қамтамасыз ету; инспекцияның берулуін қамтамасыз ету; инспекцияның ұйымдастыру жұмысын регламенттайтын құжаттарды әзірлеуге қатысу; аттестаттау, тәртіптік, конкурстық және комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе құқық немесе экономика және бизнес саласында. Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестлеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын және «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы 050002, Алматы қаласы, Макатаев көшесі, 15-үй, анықтама үшін телефон 8 (7273) 97-50-92, факс: 8 (7273) 97-50-36, электронды мекенжайы: atakulov.b@minagri.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 21.05.2018ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет