Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы



бет4/12
Дата13.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#131469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 08.08.2016 ж. дейін), жұмыс орны: Атырау қаласы.

Функционалды міндеттері: зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы, жәрдемақылардың төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған іс-құжаттардың дұрыстығын тексеріп, тағайындау және уақытылы төлемге жіберілуін бақылау. Қазақстан Республикасының зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің заңдылықтарында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды халық арасында түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы білім (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік қызмет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақттау және әлеуметтік даму Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы департаменті РММ, 080000, Тараз қаласы, Бөлтірік-Шешен көшесі, 7 а. Анықтама тел/факс 54 -60-21, B.Akhmetova@mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдістемелік және бақылау бөлімінің бас маманына, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Тараз қаласы.

Функционалды міндеттері: медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің шешімдеріне шағымдану бойынша тұлғаны қайта куәландыру. Медициналық әлеуметтік сараптау бөлімдерінің мамандарына сараптау шешімі мәселелері бойынша кеңес береді. Департамент басшылығының белгілеуімен өзге де өкілеттікті жүзеге асыру. Мүгедектік себебін, тобын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалту дұрыстығына бақылау. Ауру-мүгедектерді куәландыру актілерін ресімдеудің дұрыстығына бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім: емдеу ісі немесе педиатрия (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

2. №-3 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманына, С-О-5 санаты, жұмыс орны: Тараз қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектіктің тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім: емдеу ісі немесе педиатрия (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

3. № 7 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-0-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Тараз қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектіктің тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім: емдеу ісі немесе педиатрия (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

4. № 8 Арнайы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-0-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Тараз қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектіктің тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім: емдеу ісі немесе педиатрия (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, 110000 Қостанай қаласы, Қасымқанов к-сі, 34, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 50-29-83, электронды адресі: a.aituarova@mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. №6 медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Арқалық қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiктiң тобын, себептерi белгiлеу үшiн қызмет ететін Аманкелді мен Жанкелді аудандарында және Арқалық қаласындағы аурулар мен мүгедектерді куәландыруды жүргiзу, медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету, МӘС жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және МӘС мәселелері жөнінде түсiндiрме жұмыстарын өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесінің болуы; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

2. №1 медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Қостанай қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiктiң тобын, себептерiн белгiлеу үшiн, аурулар мен мүгедектерге куәландыруды жүргiзу, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде түсiндiрме жұмыстарын өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі медициналық (медбике, фельдшер) рұқсат етіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

3. №4 медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Қостанай қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiктiң тобын, себептерiн белгiлеу үшiн, аурулар мен мүгедектерге куәландыруды жүргiзу, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде түсiндiрме жұмыстарын өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі медициналық (медбике, фельдшер) рұқсат етіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

4. №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Қостанай қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiктiң тобын, себептерiн белгiлеу үшiн туберкулез және психикалық ауруларымен ауыратын мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі ауру балалар мен мүгедектерді куәландыруды жүргiзу, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәелелері жөнінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлеріне әдістемелік, консультациялық көмек көрсету, туберкулез және психикалық аурулар бойынша мүгедектерді оңалту, МӘС жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде түсiндiрме жұмыстарын өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі медициналық (медбике, фельдшер) рұқсат етіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

5. №6 медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Арқалық қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiктiң тобын, себептерi белгiлеу үшiн қызмет ететін Аманкелді мен Жанкелді аудандарында және Арқалық қаласындағы аурулар мен мүгедектерді куәландыруды жүргiзу, медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету, МӘС жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және МӘС мәселелері жөнінде түсiндiрме жұмыстарын өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі медициналық (медбике, фельдшер) рұқсат тіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

6. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы бақылау және әдiстемелiк бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Қостанай қаласы.

Функционалды міндеттері: медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде аурулар мен мүгедектерді қабылдауды және куәландыруды ұйымдастыру; бөлімде іс-қағаздарын жүргізу; МӘС бастапқы қорытындысына шағымданған тұлғаларды куәландыру; мүгедектіктің себебін, тобын және жалпы, кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейін анықтаудың нақтылығын, дүрыстығын бақылауды жүзеге асыру; жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу; МӘС бөлімдерінде іс қағаздарын жүргізу, МӘС бастапқы бөлiмдерi шешімдерінің дұрыстығын анықтау мақсатында мүгедектерді бақылау тәртібінде куәландыру; мүгедектердің орталықтанған дерек қорын сапалы құру бойынша жұмыстар жүргізу; МӘС бөлiмдерiнiң жиынтық есептерін әзiрлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі медициналық (медбике, фельдшер) рұқсат етіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

7. Ұйымдық-бақылауды қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік жұмыс орны: Қостанай қаласы.

Функционалды міндеттері: ақпараттық жүйелердің бағдарламамен қамтамасыз етудің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етеді. Операциялық жүйелердің, мәтін редакторларының, инструменталды бағдарламалардың инсталляциясын жүзеге асырады; дербес компьютерлердің және оргтехниканың барлық құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; дербес компьютердің құрылғыларын сатып алу және оларды айырбастау бойынша ұсыныстар енгізеді; департаменттің бөлімдеріне бекітілген дербес компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмыс істейді; дербес компьютермен жұмыс істеу барысында стандартты емес (істен шығу) жағдайларын тууы барысында тәжірибелік көмек көрсетеді: бөлімдерде локальді жүйеге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықты әзірлейді, қажетті техникалық құжаттаманы рәсімдейді. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технология (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) рұқсат етіледі; осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 59, анықтама телефоны: 8(7182)32-47-43, факс:8 (7182) 32-29-28, электронды пошта: deppavlodar@mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2017 жылғы 20 ақпанға дейін) жұмыс орны: Павлодар қаласы.

Функционалды міндеттері: әдіснама және бақылау бөлімі басшысының қатысуымен тікелей медициналык-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларына шағымданған тұлғалардың қайта куәландіруін жүргізеді, МӘС бөлімдері шешімдерінің дұрыстығын бақылайды және шешім қабылдау үшін өз ұсыныстарын енгізеді. МӘС бөлімдерімен мүгедектік себептерінің, топтарының және еңбек қабілетінен айырылу дәрежелерінің белгіленуін, мүгедектердің оңалтылуын, мүгедектерді куәландыру актілерінің ресімделуін, жеке оңалту бағдарламаларының, статистикалық талондардың, хаттамалар журналдарының және басқа құжаттардың толтырылуының және мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған банкісі қалыптастырылуының дұрыстығын тексереді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: медициналық білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтары бойынша жоғары білім: жалпы медицина, педиатрия. мамандықтары бойынша, осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді, компьютерде жұмыс істей білу.

2. № 3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, Павлодар қаласы.

Функционалды міндеттері: мүгедектіктің себептерін, тобын, еңбекке қабілеттігін жоғалту дәрежесін анықтау үшін, мүгедектіктің басталу уақыты мен мерзімін белгілеу үшін науқастар мен мүгедектердің куәландыруын жүргізу, медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту мәселелері жөнінде консультативтік көмек көрсету, МӘС-ті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу, медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту, мүгедектіктің алдын алу мәселелері жөнінде халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: медициналық білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтары бойынша жоғары білім: жалпы медицина, педиатрия. мамандықтары бойынша, осы лауазымдағы функционалды міндеттерге тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді, компьютерде жұмыс істей білу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, 120015, Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 47, анықтама телефондары: 8 (7242) 27-01-26, факс: 27-28-15, электронды пошта: zh.eralieva@mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы, (С-О-6 санаты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін), жұмыс орны: Қызылорда қаласы

Функционалды міндеттері: зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің заңдылығын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету; зейнетақылық төлемдерді тағайындауды, мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, бала туылуына байланысты бір дүркін өтемақыларды және міндетті сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың заңдылығын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық саласындағы білімі (құқықтану, халықаралық құқық,) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы білімі (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, әлеуметтік жұмыс) немесе білім саласындағы білімі (құқық және экономика негіздері, физика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы білімі (ақпараттық жүйелер) немесе ортадан кейінгі құқықтану саласындағы білімі (құқықтану) немесе қызмет көрсету, экономика және басқару саласындағы білімі (экономика, қаржы, есеп және аудит, қаржы және несие, әлеуметтік жұмыс) немесе білім саласындағы білімі (құқық және экономика негіздері, физика,математика) барларға рұқсат етіледі, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу, мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті РММ 020000, Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 60, анықтама үшін телефондар: 8(7162) 250987 , факс 25-10-26, электронды пошта: ba.kusainova@mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қаржы және ұйымдық- бақылауды қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, С-О- 5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Департаменттің қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, сондай-ақ оны заңнамаға сәйкес кәртішкелеріне аудару. Қызметкерлердің табыстарынан барлық міндетті әлеуметтік аударымдарды және зейнетақы жарналарын бюджетке ұстап қалу. Табыс, әлеуметтік салықтар бойынша, зейнетақы жарналары, әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар жөнінде есеп жасау. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын, департаменттің жұмыс регламентімен, ішкі тәртіп ережесімен қамсыздандыру, кіріс және шығыс хат-хабарлардың өңделуі және тіркелуі бойынша департаменттегі іс-қағаздардың жүргізілуін сақтау, аппараттық жиналыстардың хатталық шешімдерін жүргізу, Комитетке, Министрлікке және тілдерді дамыту басқармасына тоқсандық, жылдық есептерді жинақтау және жіберілуін қамсыздандыру. Департамент жоспарының орындалуына бақылау, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын уақытылы орындау, департаменттің әр түрлі ақпараттарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық және әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім облысында жоғарғы білім немесе ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Қаржы және ұйымдық- бақылауды қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы, С-О- 6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар бойынша құжаттамаларды жүргізу. Сатып алулар бойынша хабарландыруларды “wep sait» электрондық мекен-жайына уақытылы жариялау; Жеткізушілердің төлем шоттарын шарттық міндеттемелерге сәйкес орындау. Бөлімге қатысты өзге де мәселелер бойынша тоқсандық, жылдық есептерді жинақтау және комитетке жіберу. Құжаттардың қабылдануын, тіркелуін, есепке алуын және сақталуын жүзеге асыру. Құжаттармен жұмысқа талдау жүргізу, құжат айналымы бойынша есептерді құрастыру, депаратменттегі іс-қағаздардың жүргізілуін іске асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамаға сәйкес есепке алу, жүргізу және бақылау. Жұртшылықты депаратмент қызметі туралы хабардар ету, БАҚ-пен байланыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық және әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім салаларда жоғарғы білім немесе ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

XV. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 2-қабат, блок В, 203-кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, 74-05-07, электронды адрес: u.karimova@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет