«Арзан» мультиформаттық дүкені («Оптовый клуб» ЖШС) қызметінің қайта жалғастырды, 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. 100-ден аса тауар өндірушілер қатысатын болады. Бүгінгі күндегі даралап сату жүйелерінің шынайы жағдайын айта отырып, халықты төмен бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін көтерме-даралап сату орталықтарының ашылып, қызмет етуінің қажеттілігін айтылмауы мүмкін емес.
Осының көрнекті айғағы ретінде жеке тұрақ аймағы, үшжақты подъездік трафигі бар және кезек күттірмеу үшін тұтынушыларға қызмет көрсететін он төрт жедел-кассалар қызмет ететін, яғни барлық мемлекеттік және қазіргі заманға сай стандарттарға сәйкес келетін «Арзан» мультиформаттық дүкенінің қызметінің қайта жалғасатынын айтуға болады.
«Арзан» дүкендер желісінің негізгі мақсаты – тұрғындардың аз қамтылған бөлігін қолдау болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға қосындысы 0-ден 1 пайызды құраса, негізгі тауарларға бағаөосындысы 5-7 пайызды құрайды, яғни нарықтағы бағадан 20 пайызға төмен.
Дүкен әкімшілігі 2012 жылдың басынан тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар ғана сатылатын «Өндірушілер бағасымен» атты арнайы орын ашуды жоспарлап отыр.
Аудан аумағының кеңеюіне байланысты (Наваи көшесінің жоғарғы жағының қосылуы), 2012 жылы тауар айналымы көлемінің, бюджетке түсетін салық төлемдерінің түсімінің көбеюі, сондай-ақ жаңа ашылатын жұмыс орындарының санының артуы күтілуде.
Сонымен қатар «Мега центр Алма-Ата» сауда – ойын-сауық орталығының және «Атакент» ІӘО-ның аумағында орналасқан мейманхананы кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл нысандардың ашылуы келесі жылға жоспарланып отыр.
Алматы кәсіпкерлер Ассоциациясы өкілдерінің, аудандық прокуратураның, қызмет орындарының, салық басқармасының, Алматы қаласының мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының қатысуымен «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында -5 жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» туралы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен» бірлесе отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге арналған екі күндік қысқа мерзімді «Бизнес-Кеңесші» курсы өткізілді.
2011жыл басынан бері ауданда 143-ден аса ұсақ тауарлардың заңсыз сауда орындары жойылды (дүңгіршектер,автобөлшек сауда орындары, аялдама кешендері мен вулканизациялар).
Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімі Алматы облысы Іле ауданының өкілдерімен бірлесе отырып, күз-қыс мезгілдерінде азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.Онда ет, сүт, көкөніс өнімдері аудан тұрғындар ішінде үлкен сұранысқа ие болды. Бұл іс- шаралар БАҚ да жарық көрді.
Ауылшаруашылық өнімдерін сатудан түскен тауар айналымы орта есеппен 2,5 - 3,0 млн. теңгені құрады.
5. Әлеуметтік сала
«Жол қартасы» бағдарламасы
Жастар тәжірібесін өту үшін 95 жоғары және орташа арнайы білім мекемелерінің түлектері орта және кіші кәсіп орындарындарға «2020 Бизнес Жол картасы » бағдарламасына сәйкес тәжірибие алуға жолдама алды, еңбек ақы 26,0мың теңге құрайды. Есептік мерзім ішінде игерілген сомма – 6 408,64 мың тенге қаражат игерілді.
Аудан әкімі аппараты жұмысының бастпқы бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау, ауданның күн көрісі төмен азаматтарына нақты әлеуметтік көмек көрсету, әр отбасының жағдайына жеке көңіл бөлу.
Жыл басынан бастап ауданның жұмыспен қамту бөліміне 1226 адам өтініш беріп, оның 652 жұмыспен қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарға 774 адам жіберілді. Ағымдағы жылда жалпы сомасы 21,4 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 194 отбасына тағайындалды
Күн көрісі төмен отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмектің бір түрі- тұрғын үй жәрдемақысы. Тұрғын үй жәрдемақысын ай сайын орта есеппен 397 адам алады.Тұрғын үй жәрдемақысының жалпы сомасы 19,0 млн. теңге құрады.
2011 жылы 549 зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар мен тұрмысы төмен азаматтарға 3,4 млн. теңге көлемінде бір жолғы материалды көмек берілді.
Нанотехнологиялар және компьютерлендіру дәуірінде, 2011 жылдың қараша айында Бостандық ауданның мүгедектері мен жалғыз басты зейнеткерлердің компьютер сауаттылығын ашу әлеуметтік жобасы басталды. Компьютер сауаттылығын ашуға ниет білдіргендердің арасында жасы 80-ге келген қарттар да бар. Осындай маңызды оқиғаға Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті орасан үлес қосты. Аталмыш университет студенттерінің 30–дан астам волонтерлері бірнеше ай бойы, әр сенбі сайын 2 сағаттан егде адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйретіп келеді. Осы сияқты жобалар, жастарды қарт адамға деген ықылас, жауапкершілік және қамқорлық сезімдерге тәрбиелейді.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі» Ережесіне сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында 118 отбасына 4,1 млн.теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Бостандық ауданының жаңа әлеуметтік бағдарламасының барысында, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін де бүкіләлемдік желі ғаламторға қолжетімді болды. Аптасына бір рет 2 сағат бойы, балалар ауданның ғаламтор клубтарынд, ақысыз, өздері сияқты балалармен қарым-қатынас жасай отыра, дүние танымдарын ұлғайтады.
Осы жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділіктерін арттырып және ішкі жан дүниелерін жетілдіру болып табылады.
Көп балалы отбасыларын «Күміс алқа», «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттауға құжаттарын қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде. 2011 жылы «Алтын алқа» 17 және «Күміс алқа» 10 көп балалы аналар мелекеттік наградасымен марапатталды.
Өткен жылда қоғамдық жұмыстардың маңыздылығы айрықша өсті, жұмыспен қамту саясатының төңірегінде түбегейлі өзгерістері куәландырады, әсіресе жұмыссыздардың әлеуметтік қорғауының енжарлы шараларынан белсендісіне өтуін атауға болады.
Жұмыссыздардың әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларының еңгізу мақсатында, 230 адам кәсіптік оқыту және қайта даярлауға бағытталған.
Ауданда жұмыс берушілерге, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдеріне ҚР «Әлеуметтік әріптестік туралы» және «Ұжымдық келісімдер туралы» Заңдарын түсіндіру мәселелері бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.Жыл сайын Алматы қаласы әкімдігі, Алматы кәсіподағы және Өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілердің қалалық одағының үшжақты Келісімі бойынша семинарлар өткізілді.
Жазғы мерзімде мектеп жасындағы балаларға жазғы демалыстар ұйымдастырылған. Отбасы жағдайы төмен балалар,жетім балалармен қамқорға алынған балаларға және оқу озаттарына «Спутник» және «Улан» жазғы - сауықтыру демалыс лагерлеріне 450 жолдама бөлінген.Мектепке қарасыт лагерлерде 1800 бала демалды.
6. Денсаулық сақтау
Аудан аумағында 27 мемлекеттік медициналық мекеме жұмыс жасайды, оның 20 аудандық медициналық бірлестік құрамына кіреді қалған 7 республикалық және облыстық маңызы бар мекемелер.Ауданда медицина қызметін пайдаланатын 102 мың ер адамдар, ал 171 мың әйел адамдар және 54 мың балалар.
Аудан медицинаның барлық профильдік салаларымен қамтылған. 10 000 адамға 54,7 дәрігерден, 90 орта медициналық қызметшіден келеді.
Аудан тұрғындарының денсаулығы аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің тұрақты назарында.
150 орынды балалар хирургиясы және перинаталды орталығы пайдалануға еңгізілген. Журек ақауы бар 29 емдеушілерге хирургиялық көмек көрсетілді
Тұрғындардың денсаулығы аудан денсаулық сақтау қызметінің әрдайм назарында.
7. Білім беру
Ауданда 2010-2011 оқу жылында 1147 оқушы ҰБТ тапсырды. ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 88,86 құрады , өткен жылмен салыстырғанда білім беру сапасы үш есе өскен, «Алтын белгі» төс белгісін 29 оқушы растады, 17 оқушы үздік атестаын алды, 303 оқушы 100 жоғары балл жинады.
Бүгінгі таңда ауданның 28 мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде және 14 жеке мектептерде 24270 оқушы білім алуда.
Ауданның жалпы білім беру ошақтарында сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстар жүйесі жақсы дамыған. Мектепте спорттық шаралар, мектеп оқушылары мен педагогтар спартакиадасы, денсаулық күндері өткізіліп тұрады. Мектептерде үйірмелер мен секциялар тұрақты жұмыс жасайды.
Білім беру ошақтарында балалар өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесіне баса назар аударылады. Барлық мектептерде 1-4 сынып балаларына жергілікті бюджет есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда 8164 бала тегін тамақтанады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 6243 бала санымен 27 мемлекеттік коммуналды қазыналы мекеме жұмыс жасайды. Сонымен қоса 1103 баламен - 5 мамандырылған бала –бақшалар (есту қабілеті нашар балаларға арналған бала бақша,санитарлы типтес бала – бақша т.б.), сонымен қатар ауданда 13 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейіді, балалар саны – 1311.
Наурыздың 15-16 күндері өткен оқушылардың қалалық пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша, аудан мектептерінен қатысқан 155 оқушының 70-і жүлделі орынды иеленіп, республикалық олимпияданың және барлық жеңімпаздары -12, халықаралық олимпияданың жарыстардың жеңімпаздары – 45.
№165 мамандандырылған мектеп-лицейінде 8-9 сынып оқушылары арасында математика пәнінен ұйымдастырылған Халықаралық олимпиадасы мен Халықаралық Менделеев олимпиадасы шеңберінде химия пәнінен аудандық олимпиада ұйымдастырылды.
8. Жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындары
Ауданда барлығы 14 жоғары оқу орны бар, оның 2-уі ұлттық. Профессорлық ұстаздар құрамы 5628 адам, студенттердің жалпы саны 73548 адам, жатақхана саны барлығы 22, онда 9670 студент тұрады.
Орта арнайы оқу орындары саны аудан бойынша 11, оның 7 – мемлекеттік, студенттердің жалпы саны 7550 адам, ал профессорлық ұстаздар құрамы -912 адам.
2011 жылы Қ.И.Сатбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде Республикада «Siemens»-КазНТУ» бірінші автоматтандырудың ғылыми-зерттеу және оқыту орталығының ашылуы өтті.
Орталықтың негізгі міндеті республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инженер мамандарының кадырлардын және қайта даярлау, «Siemens» - комапниясының технологиялық автоматтандырудың жаңа жүйесі құрау және өндірісте жаңа техникалық құралдар пайдалану.
«Siemens» Қазақстан нарығында өндірістік өнімдердің алға басуына, сонымен бірге еліміздегі инженерлік кадырларын дайындаудың сапасын арттырудағы үлесін қосады.
9. Идеологиялық жұмыстар
2012 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, халық арасында тәуелсіздіктің мән-маңызын насихаттауға бағытталған кең көлемді шаралар атқарылды. Жыл басынан республикалық ғана емес, халықаралық деңгейдегі шаралар (Азиада, мемлекеттік рәміздер күні, Конституция күні) басталды.
Сондай-ақ 2011 жылдың наурыз және қыркүйек айларында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» халыққа Жолдауын түсіндіру, насихаттау, осы бағытта ауданның ақпараттық-насихат тобының мүшелерін жұмылдыру қамтамасыз етілді.
Ауданда сыртқы әлеуметтік жарнаманың келбеті мен мағынасы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарттарға сәйкес болуын қадағалау ұдайы қолға алынған.
2011 жылы 515 астам ақпараттық-насихатты шаралар ұйымдастырылған. Бұл шараларда "НұрОтан" ХДП мүшелерінің белсенділігін атап өту керек.
«НұрОтан» ХДП аудандық филиалының мүшелері 14 727 адамды құрайды. Оның ішінде 5391 «ЖасОтан» жастар қанатының мүшелері, жалпы саны 37 % құрайды; 1 794- зейнетақы жасында мүшелері (12%), 4 680-бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері (32 %), 1 900- өнеркәсіптік және құрылымдық кәсіпкерлер қызметкерлер (13%), 962- жұмысшы табының өкілдері (6%),Ауданда 39 діни бірлестік тіркелген.
10. Мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда республикалық 2 мәдени ошағы орын тепкен.Қазақ ұлттық циркі және А.Кастеев атындағы мемлекеттік мұражай.
Осыдан басқа ауданда төрт ірі кітапхана, жалпы кітапхана қоры 6 млн. дана кітап.
Аудандағы балалар шығармашылығын дамыту бағытында 2000 бала кружокқа қатысатын балалар шығармашылық үйлері жұмыс жасайды.
Сонымен қатар ауданда «Байқоңыр», «Мега Орталық», «Променад» т.б. кинотеатрлары жұмыс жасайды.
Бостандық ауданы аймағында 15 тарихи ескерткіштер орналасқан.
Сонымен қатар ауданда республикалық мағынасы бар мәдени тарихи ескерткіштер орын алған. Мысалы: ҚР Ұлттық кітапханасы, А.Кастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы.
VII қысқы Азия ойындары қарсаңында және өткізілуі барысында Бостандық ауданы әкімінің аппаратымен аталған халықаралық жоғары дәрежедегі спорттық доданы жастар арасында насихаттау мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді;
«Здравствуй, Белая Азиада», «Салауатты өмірге деген көзқарас» спорттық эстафета ұйымдастырылады
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ауданның мекемелерінде, кәсіпорындарында спорттық әр түрінен жарыстар өтті; қалалық аудандарының денсаулық сақтауының ұйымдарының командалары арасында боулинг турнирі, аудандық , жоғарғы оқу орнының арасында кіші теннистен жарыс өтті, футболдан аудандық турнирге аудан әкімінің командасы қатысты, салық комитеті, АҚ«Тәртіп», АҚ «Тазалық», ЖШС «Стамп сервис», Бостандық ауданы бойынша УСЭН командалары қатысты.
11. Коммуналды шаруашылық
Ауданда 1597 көппәтерлі тұрғын үйлер 41 жалпы білім беру мекемелері (28 бюджеттік, 13 жеке),34 мектепке дейінгі мекемелер (27 бюджеттік, 7 жеке), 23 денсаулық сақтау мекемелері бар (оның 19 бюджеттік).Бұл тұрғын үйлерге, ауданда МКК «Алматы жылу Холдингі» коммуналдық кәсіпорыны қызмет етеді.
ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:
Бағдарлама бойынша аудан аумағындағы жобаға кіретін 55 тұрғын үйлердің көрсеткіштері, кондоминиум нысандарын тіркеуге керек техникалық кұжатты дайындауға есептеулер және тіркелген кондоминиум нысандары бойынша көрсеткіштерді Алматы қаласының Тұрғын үй басқармасына берілді. Қазіргі уақытта Тимирязев-Байзақов- Ғабдуллин- Әуезов көшелерінің шаршысындағы 55 тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
2011 жылы күзгі-қысқы мезгілде жылыту жүйелеріне тұрғын қорымен дайындық жұмыстары жүргізілді:
-
797 үйде жылыту жүйесіне алдын ала дайындық шаралары жүргізілді.
-
-28700 шаршы метр шатырға
-
256 подъездге
-
2100 п.м. инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «№80 Бөбек бақшасының» су және кәріз құбырларына 15 850 000 теңге көлемінде, «№85 Бөбек бақшасының» шатырына 36 600 000 теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
12. Құрылыс.
2011жылы ауданда жалпы көлемі 27384 мың шаршы метрлік 106 пәтер пайдалануға берілді.
Бостандық ауданында Навои көшесі 308 мекен жайда №2 бала бақшаның ескі ғимараты бұзылып жаңадан салу құрылыс жұмыстары басталды.
13. Абаттандыру және санитарлық жағдай
Ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, күтіп баптау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды «Алматы Горсвет» акционерлік қоғамы жүзеге асырды. 2011 жылы 175 738 530 теңге сомасына жалпы ұзындығы 275,5 км. 8 558 жарық нүктелерін күтіп баптау және 7 520 000 теңге сомасына жарықтандыру барысын автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2011 жылы көше тазалау бойынша жұмыстарды «Алматы тазалық» қазыналық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырды, онда жалпы сомасы 378 138 000 теңгеге ұзындығы 165,2 км жол бетін тазалау. Жалпы сомасы 32 227 000 теңгеге ұзындығы 107,9 км жаяусоқпақтарды механикалық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді.
2011 жылы қалалық және аудандық іс-шараларды өткізу барысында жалпы сомасы 4 013 000 теңгеге 250 биодәретхана орнатылды, 11 770 000 теңгеге 3 250 қаңғыбас жануар ұсталып, 50 өліксе алынды.
472 303 999 теңгеге жалпы ауданы 304,26 га болатын саябақтарды, шағын бақтарды, жол бөлетін жолақтарды, көпшілік пайдаланатын орындарды және Ү.Алматы мен Есентай өзендері жағалауын, жол-көлік айрықтары күту және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Stamp Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы сомасы 35 310 000 теңге ұзындығы 113 км. арық жүйелерін тазалады.
2011 жылы 7 362 000 теңгеге Әл-Фараби даңғылы бойындағы қоршауларды қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жыл барысында 161 996 000 теңгеге 1 225 апаты және қураған ағаштарды кесу және 14 505 ағашты сантитарлық қырқу бойынша жұмыстар жүргізілді, және де 4 575 960 теңгеге 10 600 дана жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді.
2011 жылы келесідей жұмыстар жүргізілді:
-
5 719 000 теңгеге арық өткелдерін тазалау;
-
3 603 00 теңгеге арық жүйелерін ағымдағы жөндеу;
-
11 541 000 теңгеге Есентай өзенінің жағасындағы тіреуіш қабырғаларын ағымдағы жөндеу;
-
26 758 000 теңгеге Есентай өзеніндегі күрілдеуік сарқырамаларын тазалау;
-
76 621 000 теңгеге 11 (он бір) ішкі аула аумағын көріктендіру;
-
56 430 000 теңгеге «Ремизовка» және «Сухой лог» бейіттерінің қоршауына күрделі жөндеу;
-
8 200 000 теңгеге №10 орта мектебінің алдындағы, Желтоқсан көшесіндегі, Бостандық ауданы әкмі аппаратының алдындағы, «Олемиалықтар» гүл бақтарына қөріктендіру, онда сәнді қоршаулар, орындықтар, қокыс жәшіктері орнатылды.
Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Бостандық ауданында 2011 жылы жалпы сомасы 922 705 000 теңгеге ағашты-бұта және гүлді жасылдандыру, Үлкен Алматы өзенінің жағалауын және су бұрқақты қайта құру, ішкі аула аумақтарын көріктендіруге жоба сметалық құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізді, сонымен қатар бірінші жарты жылдықта қатты тұрмыстық қалдықты бөліп жинауға арналған 80 тереңдетілген контейнерлер алаңы салынды.
Ауданда жалпы аумағы 151 га болатын құрылыс жұмыстары жүрмей тұрған 19 құрылыс алаңдары бар, соның ішіндегі 70 га аумаққа тегістеу жұмыстары жүргізілді, 3 га футбол алаңдары орнатылды, 2 га жалпы сомасы 14 000 000 теңгеге екі инвестициялық жоба салынды, оның ішіне авто тұрақ және волейбол алаңы бар жасанды жағажай кіреді.
2011 жылы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауданда 859 090 435 теңгеге ұзындығы 22,7 км. болатын 36 көшеге орташа жөнтеу, 331 476 175 теңгеге ұзындығы 3,7 км. болатын 2 көшені күрделі жөндеуден өткізді.
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласын көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша маусымдық (көктемгі) іс шараларды өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында ауданда орналасқан оқу орындары, ұйымдар және мекемелер бекітілген және іргелес аумақты тазалауға шықты:
жалпы пайдаланудағы орындар күнделікті тазаланды;
-
қоғам пайдаланатын жайларда күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілді;
-
жалпы сомасы 1 231 000 теңгеге 930 көшет отырғызылды, 1 915 000 теңгеге қоғамдық пайдаланыстағы аялдамаларды бояу үшін 2 000 кг. лакты бояулар, ағаш және апатты жағдайдағы тұрғын ғимараттардың қасбетін ақтау үшін 15 000 кг. әк, жалпы пайдаланыстағы орындарды тазалау және сенбілік өткізуге құрал-саймандар сатып алынды.
Жалпы қалалық және аудандық сенбіліктер өткізу кезінде 3 800 м³ бұта және 9 850 м³ қоқыс шығарылды.
Ауданда көлемі 1,1 м³ 924 контейнер және көлемі 3 м³ 400 контейнер орналасқан 271 контейнерлер алаңы, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықты бөліп жинауға арналған 80 тереңдетілген контейнерлер алаңы бар. Күнделікті қоқыс шығару орташа есеппен 8 500 м³ қатты тұрмыстық қалдықтарды құрайды.
14. Құқық тәртібі және заңдылықты нығайту
Аудан әкімінің 323 өкімдері мен 4 шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі тексерілді және келісілді.
2010-2011 оқу жылына арналған аудан әкімі аппаратының басшы қызметкерлеріне, мамандарына және аудандық құрылымдық бөлім басшыларына оқу тақырыптық жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес 12 оқу семинары өтті.
12 айдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24 отырысы өткізіліп, онда 45 құжат қаралды. Оның ішінде: 30 құжат кәмелетке толмағандарға, ал 15 құжат ата-аналарға қатысты болып танылады.
Комиссияның 3 жасөспірімге қатысты ұсынысы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып, ол аталған сот қаулысымен Алматы қаласындағы «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында» ары қарай білім алып, тәрбиелену үшін мерзімі ұзартылды.
Комиссия отырысында жеке істерді қараумен қатар, комиссия жоспарында көрсетілген сұрақтар, оның ішінде жасөспірімдерді оқумен, жұмыспен қамту және бос уақыттарын тиімді өткізу мәселелері, құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын-алу мәселелері де қаралады. Аудандық білім беру бөлімі, Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің және оқу мекемелерінің басшыларының есептері тыңдалады.
Комиссияның 22 кәмелетке толмағандарға қатысты жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы қаулылары қабылданды. Ата-ана құқығынан айыру үшін 2 ата-анаға қатысты талап арыздар сотқа жіберілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрдайым бақылауында және бұл бағыттар бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша ауданда қылмыс саны көбейген: 2011 жылы 5267 қылмыс, 2010 жылы – 2701 қылмыс жасалып, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 95,0 % өскен.
Қылмысты ашудың жалпы статистикалық пайызы 36,1 %, 2010 жылы – 46,9 %, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 10,8 % төмен.
Келесі қылмыс түрлері төмендеді:
- адам өлтіру – 5,3% (2010ж.-19, 2011ж.-18)
- қорқытып алушылық – 2 есеге (2010ж. – 10, 2011ж. - 5);
- бұзақылық – 16,7 % (2010ж. – 132, 2011ж. - 110).
Аудандағы қылмыстылықтың алдын алу шараларын күшейту және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен ұйымдастырылған кешенді тәжірибелі жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында 4740 полиция қызметкерлерінің (2010ж. - 4070) қатысуымен қылмыстың алдын алу бойынша 405 іс-шара өткізілді (2010ж. - 241).
Достарыңызбен бөлісу: |