= 0,792 кг
Осыдан х-ті табатын болсақ:
Сонда адам тәулігіне 0,792 кг көмірқышқыл газын шығаратынын таптық.
Жауабы: С) 0,792 кг
2-МЫСАЛ.1 кг ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішіндегі ауаның массасын табыңыз.
А) 157,43 кг В) 168,48 кг С) 137,45 кг Д) 165,41 кг Е) 156,49 кг
Шешуі: Ең алдымен бөлменің көлемін табамыз. Ол үшін үш өлшемді көбейтеміз:V = 7,5• 5,4•3,2 = 129,6 м 3 тең болады. Енді осындай көлемді бөлменің ішінде қанша килограмм ауа бар екенін табу үшін келесі пропорциядан х-ті табамыз.
129,6 м3—‒ х кг
1 м3 ‒‒‒ 1,3 кг
= 168,48 кг
129,6 м3 * 1,3 кг
1 м3
Жауабы: В) 168,48кг
3-МЫСАЛ. 3 м соқа тіркелген трактордың жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол 5 сағатта қанша жер жыртатынын анықтаңыз.
А) 15 га В) 14,5 га С) 13 га Д) 14 га Е) 13,5 га
Шешуі: Суретін салып көрейік:
Трактордың неше км жол жүргенін тауып алайық:
S = V • t
S = 9•5 = 45 км
Яғни 45 км жолды 3 м соқамен жыртқан. Екеуін де бір өлшем бірлікке келтіріп, жыртылған жердін ауданын табайық:
45 км = 45000 м
S = a•b = 45000 м • 3 м = 135000 м2
10000 м2 = 1 га екенін ескеріп: 135000 м2 = 13,5 га
Жауабы: Е) 13,5 га
МАСШТАБ
Масштаб - сызба, жоспардагы аэрофото түсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық масштабы бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтын неше есе кішірейтілгенін керсетеді.
Сонда масштаб - картадағы кескін ұзындығының, жер бетіндегі (шын өмірдегі) қашықтыкқа қатынасы.
1-МЫСАЛ. Масштабы 1:500 000 болатын картада екі қаланың арасы 4,5 см болса,олардың мекендегі (шын мәніндегі) арақашықтыгын табыңыз.
А) 20,5 км В) 22,5 км С) 24,5 км Д) 23,5 км Е) 21,5 км
Шешуі: Формула бойынша:
х=4,5 • 500000
х = 2250000 см = 22500 м = 22,5 км
х = 22,5 км
Сонда екі қаланың ара қашықтығы 22,5 км.
Достарыңызбен бөлісу: |