Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамыздағы №615 «Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп берулері туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі172.13 Kb.
#13676
Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамыздағы № 615 «Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп берулері туралы» Жарлығына сәйкес, Бозанбай ауылы округінің әкімі ретінде 2013 жылы атқарған жұмыстарымның қорытындысы бойынша есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер.

Жүйелі түрде жұмыс істеп, ауыл округінің әлеуетін, экономикасын көтеру мақсатында, 2013 жылы Біз округтің 4 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын бекіттік.



Төрт жылдық бағдарламаның негізгі мақсаты: ауыл шаруашылық саласын дамыту, округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша несие алуға қолдау көрсету, елді-мекендердің санитарлық тазалығын жақсарту, көгалдандыру, инновациалық жобалар жасап іске асыру, құқық бұзушылықты, қылмысты азайту, кіші және орта бизнесті дамыту.

Бозанбай ауылдық округі аудан ішіндегі көлемі жағынан, елді мекендердің саны мен ара-қашықтықтары жағынан үлкен әкімшіліктің бірі болып саналады, төрт елді мекеннен тұрады, әкімшілік орталығы – Бозанбай ауылы.






Елді мекен атауы

Аула саны

Халық саны

1

Бозанбай

514

2017

2

Алғабас

103

448

3

Ақжартас

11

51

4

Қызылсу

10

39




Барлығы:

638

2555

Жалпы жер көлемі-96000 га. Орталығы Бозанбай ауылы. Облыс орталығынан 60 км қашықтықта, аудан орталығынан 55 км қашықтықта орналасқан. 2555 халқы бар. Оның 352 зейнеткерлер, 814 өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Слайд №3





  1. ғы проблемалық үш сұрақ көтерілді:




  • Қаңғыбас иттер туралы мәселе жүйелі түрде шешілуде, КГП Ұлан мал дәрігерлері арқылы 57 қаңғыбас иттер атылды, бұл мәселе тұрақты бақылауда ;

  • Отау ТВ жөндеу туралы мәселе ақпан айында шешілді, Қазақтелеком қызметкері арқылы жөнделді.

  • Тегін дәрі беру туралы мәселе де өз шешімін тапты. Конкурстық процедуралар өткен соң тізім бойынша ақпан айында тегін дәрілер таратылды.

Жұмыcпен қамту көрсеткіштері:



Жаңа жұмыс орны

Жұмыспен қамтылды

Жұмыссыздыққа тіркелді

Жұмыссыздар үлесі

2012ж 2013ж

2012ж 2013ж

2012ж 2013ж

2012ж 2013ж

саны саны

саны саны

саны саны

% %

75 134

75 150

44 28

6 4

2013 жылы Бозанбай ауылдық округі бойынша 150 адам жұмыспен қамтылды. 134 жұмыс орны ашылып, 4 жұмыссыз тұлға «шаштараз», «аспаз», «есепші» мамандықтары бойынша оқуларын аяқтады. «Есепші» мамандығын бітірген Садыкова Алида Өскемен қаласында қылмыстық-атқару инспекция департаментіне жұмысқа орналасты. 2 адам «Жастар іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасына жіберілді. Бозанбай ауылдық округі бойынша 127 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қатысты. Төленген қаржы соммасы 6195,6 мың теңгені құрайды.



2014 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 28 адамды құрайды.

Слайд № 4


Бюджет

2013 жылы Республикалық бюджеттен 105 млн 855 мың тенге бөлініп, 100 % игерілді.

Аудандық бюджеттен 231432,92 тенге бөлініп, толығымен игерілді.

Барлығы 2013 жылы бөлінген қаражат 337 млн. 287 мың 92 тенге. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 144,2 пайызды құрайды.


Слайд № 5



Салалар

2012 жыл (млн.тг)

2013 жыл

(млн.тг)

%

1

Округ әкімшілігін ұстау үшін

8 784,30

8 633,40

99,0

2

Ауылдық округті дамыту үшін

36460,00

127 782,00

3,5 есе

3

Білім саласына

( 2 мектепті ұстауға)



110850,00

118 610,50

107,0

4

Мәдениет саласына

6058,90

6 483,00

107,0

5

Денсаулық сақтау саласына

49754,6

53 237,42

103,0

7

Әлеуметтік салаға оның ішінде:

19821,40

20 217,79

102,0

8

Қоғамдық қауіпсіздікке

2192,3

2 323,81

106,0




Барлық шығын:

233921,5

337 287,92

144,2


«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы туралы
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша Ұлан ауданының тірек ауылы ретінде абаттандыруға 20 млн теңге, Бозанбай ауылын қалпына келтіруге 8 млн. 217 мың теңге, стадионды абаттандыруға 69 млн. 493 мың теңге, Чапаев, Солнечный көшелерін жарықтандыруға 6 млн 921 мың 600 теңге бөлінді. Әр сала бойынша бөлінген қаражат туралы мәлімет слайдта көрсетілген. Слайды № 6,7,8,9,10,11
Округ бойынша жергілікті салық төлеушілер саны 569 адам.

2013 жылғы жедел мәлімет бойынша меншік салық түсімдері 25182,7 млн. теңге құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 140,6 пайызды құрады.

Слайд № 12

Облыс әкімінің қолдауымен 2012 жылы 20 стационарлық орны бар аурухана үшін бұрыңғы әкімшілік ғимаратының орнын қалпына келтіруге 80 млн.теңге бөлініп, 2012 жылғы 26 қыркүйекте салтанатты түрде ашылса, 2013 жылы Бозанбай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме үшін бұрыңғы аурухананың ғимаратын қалпына келтіруге 466 млн 779 мың теңге бөлініп, қазан айында 80 орындық мекеме ашылды. Бүгінгі күні әлеуметтік мекемеде 91 жұмыс орны ашылған.



Ауыл шаруашылық саласы
Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылық болып есептеледі.

Округтің жер көлемі 96000 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 81 954 га, оның ішінде шабындық 12 734 га, жайылым 69920 га құрайды.

Егістік жерлерден алынған ауылшаруашылық өнімдері туралы мәлімет слайдта көрсетілген.

Слайд № 13




Дәнді –дақылдардың атауы

Егістік алқабы, га

Жиналған алқап, га

Жалпы өнім, ц

Бидай

379,3

379,3

4096,4

Жаздық бидай

379,3

379,3

4096,4

бидай

379,3

379,3

4096,4

Техникалық дақылдар

162,7

162,7

36

күнбағыс

162,7

162,7

36

картоп

55

55

9900

көкөніс

3,7

3,7

1263

Мал азығы

1843,7

1843,7

14740

Көпжылдық шөптер

1543,7

1543,7

12340

Бір жылдық шөптер

300

300

2400

Мал шаруашылық саласы

Округтың басты бағыты мал шаруашылығы. Барлық мал бастары әкімшіліктегі шаруашылық кітабында тіркелген. Барлығы 638 аула бар, оның ішінде мал ұстайтыны 504 аула. 2012 жылмен салыстырғанда мал басы төмендегідей өсті:



слайд № 14




ІҚМ

Оның ішінде

сиырлар

Қой,ешкі

жылқы

2012 жыл

5874

2536

14578

2395

2013 жыл

6408

2958

15913

2549

көрсеткіш

109,1%

116,6%

109,1%

106,4%

Мал басын 1 адамға шаққанда : ІҚМ – 3,9 бастан, жылқы – 1,3 бастан, қой мен ешкі – 8,7 бастан келеді. Сонымен қатар округ бойынша өткен жылмен салыстығанда ет, сүт, жұмыртқадан да көрсеткіштеріміз жоғары:







Ет (ц)

Сүт (ц)

Жүн (ц)

Жұмыртқа (дана)

2012 жыл

527,0

64169

32,9

111000

2013 жыл

532,3

6438,2

32,9

113000

Көрсеткіш

101,0%

100,3%

100%

101,8%



Округ бойынша қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді
Мал сою пункті және мал сою алаңы бар. Мал басын бірдейлендіріп, 2013 жылы компьютерлік дерек қорға жоспар бойынша мал басы 100 пайызға енгізілді.

слайд № 15 -16





Мал түрлері

Идентифика-цияға жататындары

Сырғаланды

Қайталанып сырғаланды

Базаға енгізілгендер

1

ІКМ

1466

2275

2275

2275

2

Ұсақ мал

7177

8411

8411

8411

3

Барлығы

8643

10686

10686

10686

2013 жылы 10 шаруа қожалықтарының басшылары 23 млн. 225 мың теңге субсидия алды. Слайд № 17


Шағын және орта бизнесті дамыту
Бүгінгі күні әкімшілік аумағында шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істеуде, олар - 13 дүкен, 1 наубайхана, 1 кафе, 4 жауапкершілігі шектеулі серіптестіктер, 170 шаруа қожалықтары тіркелген. Округ аумағындағы дүкендердегі күнделікті азық-түлік бағаларын тежеп ұстау жөнінде дүкен иелерімен меморандум жасалып, әкімшілік тарапынан 1 маман бекітіліп, бағаларды күнделікті бақылауда ұстап отыр.

Бүгінгі күнде «Жайлау» ауыл шаруашылығын дамыту қорынан 100 бас саулық қойлар алуға 2 азаматтан өтініш түсіп. Осы күні екі азаматтың құжаттары арнайы комиссиядан қаралып, олар қой алатын болды.

2014 жылда Бозанбай ауылында жиһаз жасау цехы ашылуы және аптека, шаштараз ашылуы жоспарлануда.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау
Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Елді – мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатында көктемгі, күзгі тазалық айлықтары өткізілді. Осы айлықтар ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар тас жолдар бойындағы су ағатын құбырларын іші – сыртын тазалады, жолдың жиектерін шашылған қоқыстар мен өсіп кеткен ошағандардан тазартты. Жоспарға сәйкес әр аптаның бейсенбісінде «Тазалық күні» өткізіліп тұрды. Барлығы 185 тонна қоқыс шығарылды.

Шаруа қожалықтарының демеушілік көмегімен Бозанбай ауылының орталық көшелеріне қашалар орнатылды.

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы бойынша ауылдық округ әкімінің құзыретіндегі әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 387 – бабына сәйкес 25 адамға жазбаша түрде ескерту жасалды.

Округте қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, мемлекеттік актісі жасалған.


Білім беру
Округ аумағында 2 орта мектеп орналасқан. Оқушылар саны- 358, шағын орталықта – 15 бала. Мұғалімдер саны - 51. Салыстырмалы кестені келесі слайдтарда көре аласыздар.

Слайд № 18-19



Сонымен қатар «Айголек» 115 орындық бала бақша жұмыс істейді. Слайд № 20

Шағын орталық



Мектептердің атауы

Балалар саны

%
















2012 ж

2013 ж




1

К.Аханов орта мектебі

25

15

60


Мектептер



Мектептер атаулары

Оқушылар саны

2012 ж

2013 ж

%

1

Бозанбай орта мектебі

346

319

92

2

К.Аханов орта мектебі










БҰТ (ЕНТ)

1

Бозанбай орта мектебі

68,8

71,2

103

«Айголек» балабақшасы



Атауы

Балалар саны

%







2012 ж

2013 ж




1

«Айголек» балабақшасы

85

115

135,3

Қоғамдық тәртіп

Округ аумағында 1 полиция тірегі орналасқан, онда компьютер, телефон байланысы бар. Учаскелік полиция қызметкері автокөлікпен және бюджет есебінен тұрғын үймен қамтылған.

Округ аумағында 2013 жылы – 26 қылмыс тіркелді. Олардың 18-ы мал ұрлығы, оның ішінде -12 ұрлық ашылды, - 6 ұрлық ашылған жоқ.

Сонымен қатар 2013 жылы - 47 адам профилактикалық есепте тұр.

Әкім аппараты округ аумағындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық құрылымдармен, учаскелік полиция инспекторларымен мектеп ұжымдары және ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

2013 жылы округ бойынша 1 кәсіби емес медиатор және әр ауылда қоғамдық кеңес мүшелері сайланып өз жұмыстарын атқаруда.

Жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс орын алған жоқ. Алдағы уақытта округ аумағында қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіледі.

Округтің учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе отырып, тізім және кезекшілік кестесі жасалды, оның ішінде: әкімшілік мамандары, мұғалімдер, ауыл тұрғындары кіріп, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмыс істеуі ұйымдастырылды.



Мәдениет, спорт саласы
Округ аумағында 1 Мәдениет үйі, 1 ауылдық кітапхана, 1 мектеп кітапханасы бар. 2013 жылы Мәдениет үйін жөндеуге 10,0 млн.тенге бөлінді.

Слайд № 21

Ауылдық кітапханада оқитындар саны 490 адам. Бозанбай ауылында пошта бөлімшесі талапқа сай жабдықталған, бөлімшеде екі пошта қызметкерлері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді, газет - журналдар оқырмандарға уақытында жеткізіліп тұрады.

Мерекелік мәдени, спорттық шараларға мектептер ұжымы белсене қатысады. Мемлекеттік мереке күндерінде көпшілікке арналған мәдени, спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл сайын қарттар күнінде барлық ауылдарда қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетіледі.

Мектептерде спортқа деген балалардың қызығушылығы артуда, қазақша күрес, бокс, футбол, шахмат, дойбы ойындары жақсы жолға қойылған. Хоккей қорабы да бар. Округ спортшылары аудан бойынша өткізілетін спорттық жарыстарға белсенді қатысады.

Округ аумағында 2013 жылы стадион және волейбол алаңы ашылды.




Әлеуметтік сала
Округ аумағындағы 638 аулада 2555 адам тұрады. Олардың еңбекке қабілетті, экономикалық белсенділері – 1512, зейнеткерлері - 352, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері - 101 , мүгедек балалар саны – 11, көп балалы аналар саны-138, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 45, «Күміс алқа» иегерлері - 50, 18 жасқа дейінгі көп балалы аналар саны – 45, жалғыз тұратын зейнеткерлер – 45, жетім балалар -4, қамқордағы бала - 4, Ауған соғысына қатысқан- 3 адам, тыл ардагерлері – 42 адам. Округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олардың қысқа дайындықтары толықтай қамтылған, ақылы қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыздар отындарын жарып, көмірлерін кіргізіп берді.

2013 жылы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы» алушылар – 35 отбасы 1686876 теңге көлемінде, «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек» алушылар – 15 отбасы, 1547067 теңге көлемінде жәрдемақылар алды. 2012 жылмен салыстырғанда 25 және 9 отбасыға азайды. Толық мәлімет слайдта көрсетілген. Слайд № 22



Бозанбай ауылдық округінің 2014 жылға жоспарлары




Атаулары

Қаржыландыру көзі

Сумма мың.тенге

Жоспарлау жылы

Тапсырыс беруші

1

Жылқы шаруашылығын дамыту және қымыз өндіру

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша

18 млн.тенге

2014 ж.

Айтказин В.М.

2

Екі балаларға алаңшаларын салу


«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша

8 млн.тенге

2014 ж.

Әкімшілік

4

Демалыс орнын салу

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша

18 млн. тенге

2014 ж.

ЖК Аменова Мадина

5

Бозанбай ауылын көгалдандыру және көркейту

Жергілікті бюджет

4,5 млн.тенге

2014 ж.

Әкімшілік


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет