Күздік дақылдар



бет1/7
Дата03.09.2023
өлшемі1.96 Mb.
#476439
  1   2   3   4   5   6   7
Күздік бидай


Күздік дақылдар– күзде егіліп, қалыпты жетілетін бір жылдық астық тұқымдас өсімдіктер (күздік бидай, күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы, т.б.).
Өнімі келесі жылы орылады. Вегетациялық (өсіп-өну) кезеңі – 2 кезеңнен тұрады: күздік (40 – 45 тәулік), бұл кезде олардың тамыр жүйелері түзіледі, сонымен қатар жер үстіндегі вегетативтік мүшелері темп-раның төмендеуіне бейімделіп, шыныға түседі; көктемгі-жазғы (75 – 100 тәулік), бұл кезде олардың аталық-аналық мүшелері жетіле бастайды. К. д. күзгі және қысқы ылғалды, қоректік заттарды тиімді пайдаланып, жазғы ылғал тапшылығына, топырақ, ауа құрғақшылығына төзімді келеді. К. д. жаздық дақылдарға қарағанда ерте масақтанып, бұрын піседі және К. д. егістігінде арамшөп аз болады. К. д. жер жүзінде (әсіресе, күздік бидай) көп егіледі. АҚШ пен Еуропаның негізгі астық дақылы болып табылады. К. д. – Қазақстанда кеңінен таралған астық тұқымдасы, күздік бидаймен қатар күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы өсіріледі. К. д. Қазақстанда егілетін барлық егіннің 1/6 бөлігіне жуығын құрайды. К. д-ды егу мерзімі белгілі бір аймақ жағдайына, бидайдың сортына, т.б. байланысты әр түрлі болады. К. д-ды өте ерте не өте кеш егу оның қыстап шығуына қолайсыз әсер етеді. Аса ерте егілген дақыл гүлдеу жағдайы (яровизация) сатысынан ерте өтіп, қаулап өсіп шығып, қыстағы суыққа үсіп кетеді, ал кеш егілсе өсімдік толық тамырланып, түптеніп үлгермейді, тиісті қоректік заттар қорын жинай алмайды да, үсікке ұшырайды. К. д-дан көп өнім алу үшін күзде және ерте көктемде егіске тыңайтқыш шашылып, тырмаланады, қыста қар тоқтатылады. Суғармалы егіншілік аудандарда К. д. аралық дақылдар егістігінде жиі пайдаланылады. Бұл мал шаруашылығына қажетті мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.


Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі – Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығы кем болмаса да одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол топырақтан, күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі – астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланылады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді. Оның ерте жиналуына байланысты тамыз айының бас кезінде сүдігер дайындауды ерте жүргізуге мүмкіндік береді, ал мұның өзі аңыз қалдықтарының жақсы миерализациясын қамтамасыз етеді, топырақта ылғал жинауға және арамшөптер мен зиянкестерге қарсы ерекше маңызды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады.
Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы – оның вегетациялық кезеңі күзде басталады да, келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу (сүттене пісу, балауыздана және толық пісу) кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары – келесі жылы көтемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет