«Зерде » бөлімінде биология және химия пәндерінен сұрақтарға жауап алынады.
«Ойлан тап» бөлімінде топтар кесте бойынша берілген тақырыптарға байланысты 10, 20, 30, 40 ұпайлық ұяшықтар таңдайды.
«Ұлы тұлғалар» бөлімінде берілген тұлғаның өмірі мен ашқан жаңалығы туралы сипаттама береді.
«Жорға» бөлімінде топ жетекшісі берілген уақыт аралығында сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие,тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға,сол алда.
Кәнекей сайыскерлер, осы уақытқа дейін биология және химия пәндерінен алған білімдеріңізді көрсетіп,ортаға салыңыздар.
І – кезең. «Зерде»
Бұл кезең бойынша сіздерге биология және химия пәндерінен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін топқа « 5 » ұпайдан қосылады.
Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: хлорофилл
Адамның қол сүйектері: тоқпан, кәрі жілік ,алақан
Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы қай жылы жарыққа шықты? 1996
Бүйрек үсті безінен бөлінетін гармон адреналин
Ақуыз қайда синтезделеді? рибосомада
Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.И.Вавилов
Ауа құрамында оттектің мөлшері 21%
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл йод
Туберкулез ауруын тудыратын бактерия кох таяқшасы
Арқа омыртқаларының саны: 12
РНҚ-ның құрамына кіретін көмірсу түрі: рибоза
Қан қысымын өлшейтін құрал: тонометр
Саңырауқұлақтарда не болмайды? пластид
Қан ұйымайтын ауру: гемофилия
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: нефрон
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын, - дегендей,
Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |