12. Жіті өлім. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Жіті өлім – кенеттен өлім.қиналусыз өлім Адам ешқандай себепсіз тұрған жерінен алғашқы белгілері байқалғанда 1 сағ ішінде өліп кетуі.бұл еш себепсіз өліп кететіндер көбінесе анамнезінде жүрек аурулары бар адамдар. Одан бөлек жастар спортпен шұғылданатын 20%, әртүрлі жағдайларда 50 %,30% - ұйықтап жатқанда өліп кетеді.1 жасқа дейінгі балаларда көбінесе тынысының мүлдем тоқтап қалуы кезінде,жүрек қызметі бұзылғанда болады. Биологиялық өлім диагнозы тек «виталдық үштік» бұзылыстары толық болғанда ғана қойылады. Биологиялық өлімнің негізгі белгісі болып ми өлімі есептеледі, оны ЭЭГ арқылы гиперанықтайды. Сондай-ақ, биологиялық өлім көрсеткішіне мыналар кіреді: организмнің сыртқы орта қоздырғышына ешбір рефлексі болмауы, тыныс тоқтауы, көз қарашығындағы рефлекстер болмауы, «мысық көзі» феномені жіне т. б.
в))Клиникалық өлім кезеңі замануи реанимациялық ем кешендері арқылы қайтымды процесс болып табылады. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады, ал суық жағдайда 30 минутқа дейін созылады, тыныс алу, жүрек қағу тоқтайды, себебі оттегі жетіспейді. Клиникалық өлімнің ұзақтығы өлім түріне, адам жасына, дене температурасына жәнеде басқа көптеген факторларңа байланысты.
13. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы. Ойық жара ауруының асқынулары. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Ойықжара ауруы — бұл кезде адамның асқазанының және/немесе ұлтабарының (қақпадан кейін келетін аш ішектің бастапқы бөлігі) қабырғасында терең ақаулар мен ойық жаралар пайда болады
Себептері Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жара ауруының дамуының басты себебі - Helicobacter pylori (H.pylori) бактериясы. Асқазанның ойық жарасынан зардап шегетін адамдардың көпшілігінде бұл бактериялар асқазан-ішек жолдарында өмір сүреді. Дегенмен, асқазанында H.pylori. бактериясы табылған адамдардың барлығында ойық жара ауруы дами бермейді. Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жара ауруының пайда болуының және дамуының қаупін арттыратын факторларды әсер етуге болатын және әсер етуге болмайтын түрге бөлуге болады: Әсер етуге болатын факторларға жататындар: · Жүйкелік-психикалық факторлар (күйзелістер). Асқазанда тұз қышқылының өндірілуі, сондай-ақ, оның қимылдау қабілеті жүйке жүйесінің жағдайымен өзара байланыста. Ойық жара ауруына шалдыққан науқастардың 50-60 пайызында невроздар мен депрессиялар байқалады. · Алкогольді шамадан артық тұтыну · Ацетилсалицил қышқылын (аспиринді), ибупрофенді, напроксенді, немесе басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды (НПВП) ұдайы қабылдау. Аспиринді немесе басқа НПВП кейде қабылдау қауіпсіз. · Темекі шегу Әсер етуге болмайтын факторларға жататындар: Тұқым қуалау Науқастың жынысы мен жасы
Симптомдары Кіші ойықжаралар қандай да бір симптомдарды туындатпайды. Ал кейбір ойықжаралар күрделі қан кетуін туындатады. Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жара ауруына келесілер тән: · Іштің жоғарғы бөлігінде (эпигастральдық аумақ) күйдіретін, сыздайтын, ұстама тәрізді ауырсыну. Әдетте, асқазанның ойық жарасында ауырсыну тамақ ішкеннен кейін 30-60 минут өткенде пайда болады, ал ұлтабардың ойықжарасында ауырсыну аш қарынға пайда болады - “аштық ауырсыну ”, тамақ ішкеннен кейін басылып, 2-3 сағат өткеннен кейін қайта пайда болады, сондай-ақ, түнгі ауырсынулар. · Жүрек айнуы және құсу. Құсқаннан кейін жеңілдеу сезімі пайда болады, ауырсыну азаяды немесе жойылады. · Қыжыл (күйдіру сезімі, өңештің бойымен таралатын) · Қан аралас немесе тым қошқыл нәжіс · Салмақ жоғалту · Жиі іш қатуы
Диагностика Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жарасын анықтау ойық жараның өлшемі мен орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ, хеликобактериозды (Helicobacter pylori қоздырғышын), асқазанның қышқылдығын анықтауға негізделеді. Арнайы диагностика әдісі - фиброгастродуоденоскопия (ФГДС). Әдіс асқазан қабырғасының немесе ұлтабардың беткері қабатын (сілемей қабығы) өңеш арқылы асқазанға енгізілетін зондпен қарау.
Емдеу Ойық жара ауруын емдеудің негізгі бөліктері: · хеликобактер инфекциясын жоюға бағытталған емдеу, · асқазанның қышқылдығын азайтуға және ойық жараға өң бітіруді ынталандыруға бағытталған емдеу, · емдәм ұстану. Ойық жара ауруын емдеу оның ауырлық дәрежесіне байланысты және консервативті (науқастың ауру тәртібін оңтайландыру, емдәмдік ұсыныстарды қадағалау, антибиотиктерді және сөлденуге қарсы препараттарды қолдану) немесе хирургиялық (аурудың асқынған түрлерінде) жолдары болады. Ойық жара ауруын дәрілермен емдеуге асқазанның тұз қышқылының бөлінуін азайтатын препараттар кіреді. Егер ойық жара Helicobacter рylor жұқпаланудан болса, дәрігер қосымша түрде антибактериалдық препараттарды кемінде, 7 күнге тағайындайды
.
Достарыңызбен бөлісу: |