Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Өт-тас ауруы. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет11/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

14. Өт-тас ауруы. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.
Өт тасы ауруының себептері қандай? Өт құрамына кіретін заттектердің үйлесімсіздігі өт қабындағы тастардың түзілуіне бейімдейді. Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Бұл үйлесімсіздіктің пайда болу себептері соңына дейін анықталмаған. Сондай-ақ, тастар өт қабының толық емесе немесе жеткіліксіз босатылуында пайда болуы мүмкін. Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік: Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады. Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады.
Өт тас ауруының пайда болуының қауіп факторларына жататындар: семіздік,тез салмақ жоғалту ,кейбір ішек аурулары,
Өт қабы түйілуінің ұстамасы кезінде немесе одан кейін келесі симптомдар пайда болатын адамдарға шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет: 5 сағаттан асатын уақыт бойы іштің ауырсынуы Жүрек айнуы және құсу Қызба (кейде дене температурасының сәл көтерілуі) немесе қалтырау Терінің немесе көздің аққабығының сарғыштануы (сарғаюы) Шәй түсті несеп және нәжістің ақшыл түсі Бұл симптомдар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің күрделі инфекциясының немесе қабынуының белгісі болуы мүмкін.
диагноз: УДЗ УЗИ ,КТ,МРТ,Холецистография,Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ЭРХПГ).
Дәрігер, сондай-ақ, өт түтіктерінің, өт қабының, ұйқыбезінің немесе бауырдың инфекциясы немесе қабыну белгілерін анықтау үшін қан талдауын тағайындайды.
Егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы немесе басқа симптомдары пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды. Науқас гастроэнтеролог-дәрігерге бағытталады (ас қорыту ағзаларының ауруларына маманданған). Егер адамда өт қабы түйілуінің бір көрінісі болса, ол қайталануы мүмкін. Өт тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды.
Хирургтер холецистэктомияның екі түрін орындайды:​Лапароскопиялық холецистэктомия. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде хирург іш қуысында бірнеше шағын тіліктер жасайды және жіңішке, ұшында кішкентай камерасы бар түтік – лапароскопты енгізеді. Камера іш қуысындағы ағзалардың және тіндердің үлкейтілген бейнесін бейнемониторға береді. Мониторға қарап хирург аспаптардың көмегімен мұқият түрде өт қабын бауырдан, өт түтіктерінен, басқа құрылымдардан ажыратады. Одан кейін хирург өт қабын тілік арқылы алып шығарады. Науқасқа жалпы наркоз беріледі. Холецистэктомиялардың көпшілігі лапароскопиялық жолмен өткізіледі. Көптеген лапароскопиялық холецистэктомиялар амбулаторияда өткізіледі, демек, науқас сол күні үйіне қайтады. Үйреншікті дене белсенділігіне әдетте, операциядан кейін бір аптадан кейін көшуге болады. Ашық холецистэктомия. Ашық холецистэктомия өт қабының күшті қабынуында, жұқпалануында немесе басқа операциялардан кейін тыртықтар болуында орындалады. Бұл жағдайлардың көпшілігінде ашық холецистэктомия басынан бастап жоспарланады. Дегенмен, хирург оны лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін мәселелер пайда болуында орындауы мүмкін. Бұл жағдайларда науқастың қауіпсіздігі мақсатында хирург ашық холецистэктомияға көшеді. Бұл операцияны өткізуде өт қабын алып тастау үшін хирург тігінен 10-15 см жуық тілік жасайды. Науқас жалпы анестезияда болады. Операциядан кейін қалпына келу үшін науқастар ауруханада бір аптаға жуық болады. Үйреншікті дене белсенділігіне әдетте, операциядан кейін бір айдан кейін көшуге болады.
Холестеринді өт тастарын бұзу үшін хирургиялық емес емдеудің 2 түрі бар: Тастарды еріту үшін дәрілік препараттарды қабылдау. Урсодиол (Актигалл) және Хенодиол – өт қышқылы бар дәрілік препараттар, олар өт қабындағы тастарды ерітуге қабілетті. Бұл препараттар ұсақ холестеринді тастарды ерітуде аса тиімді. Барлық тастарды осылай еріту үшін бірнеше ай немесе жыл қажет болуы мүмкін. Соққы-толқынды литотрипсия. Өт тастарын бұзу үшін арнайы аппарат - литотриптер қолданылады. Ол соққы толқындарын шығарады, бұл толқындар адамның денесі арқылы өтіп, өт тастарын ұсақ бөліктерге ұсатады. Бұл шара сирек қолданылады және урсодиолды қабылдаумен қатар тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет