Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Жүректің ишемиялық ауруы. Миокард инфаркты



бет7/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

8. Жүректің ишемиялық ауруы. Миокард инфаркты. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Миокард инфаркті
Миокард инфаркті - ЖИА -ның ең ауыр түрі, мұнда айқын және ұзаққа созылған ишемияның салдарынан жүрек бұлшықет тінінің өліеттенуі болады. Бұл тәж артерияларының атеросклерозды түйіндермен және дамып жаткан тромбтармен тарылып қалуына,
кейде спазмның салдарынан миокардтын кейбір аймақтарына қанның мүлдем келмей қалуына да байланысты. Миокард инфарктін тудыратын көптеген себептердің ішінде
бірінші орында көңіл-күй күйзелістерінің жиіленуі, ал екінші орында физикалық ауыр күш түсіру болады. Миокард инфарктінің көлеміне қарай: ірі және майда ошақты болып бөлінеді. Ошақтың орналасқан жеріне қарай: алдыңғы және артқы (төменгі) болып бөлінеді. Ал ірі ошақты өз кезегінде: трансмуральді және трансмуральді емес болып бөлінеді. Трансмуральді түрінде-некрозошағы миокардтың барлыққабатын қамтиды. Ал трансмуральді емес түрінде- некроз ошағының көлемі үлкен, бірақ миокардтың барлық қабаты қамтылмайды.
Анықтау белгілері: -төс артында ауыру сезімі (немесе оның эквиваленттері), оныңсол (кейде оң) иыққа, шынтаққа, жауырынға, мойынға, жақтың асты, құрсақ үсті аймақка берілуі;
-Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары мен АҚҚ- ның тұрақсыздануы тән;
-Нитроглицериннің әсері аз немесе тіпті болмайды;
-Кейде аурудың басқаша басталуы мүмкін: демікпелік түрі (жүрек демікпесі, өкпенің ісінуі), аритмиялық (естен тану, кенеттен өлу), цереброваскулярлы (жедел неврологиялық
симптомдар), абдоминалды (құрсақ үсті аймағында ауыру сезімі, лоқсу, құсу), аз симптомды (әлсіздік, кеудедгі түсініксіз сезімдер);
-Анамнезінде - өршітуші факторлар немесе ЖИА белгілері, ауыру сезімінің жаңадан пайда болуы немесе оның өзгеруі;
-ЭКГ өзгерістер алғашқы уақытында анықсыз немесе тіпті болмауы мүмкін. Миокард инфаркті ағымының негізгі кезеңдері
- Қасқағымды ( 30 минуттан 2 сағатқа дейін )
- Жіті (7-10 күнге дейін созылады)
- Жітілеу (30 күнге дейін)
- Тыртықтану (8 аптаға дейін)
Сонан соң жедел миокард инфаркті - инфарктан кейінгі кадиосклерозға ауысады.
Асқынулар:
• жүректің жіті жетіспеушілігі,
кардиогенді шок,
• жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары,
• жүректің жарылуы, жіті аневризмасы.
Жедел ем шаралары:
- тыныштық күйді сақтау
- нитроглицерин таблеткасын тіл астына қою немесе аэрозолін беру, оны қайталау;
- оттегі беру;
- ауру сезімін басу- 10 - 20мг (1-2 мл -1%) морфин ерітідісін, немесе 2% 1-2 мл промедолды көктамырға енгізу; қосымша 50% 2,0 анальгин к/т;
- коагуляцияға қарсы (басталған тромбозды тежеу немесе оның алдын алу үшін) - гепаринді 10 000- 15 000 Б көк тамырға енгізу, 0,25 ацетил салицил қышқылын беру;
- жүрек ырғағы мен артериялық қан қысымын бақылап отыру;
- асқынулар болса- арнайы стандартты қараңыз;
- науқастың жағдайы қалпына келген соң ауруханаға жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет