Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Геморрагиялық инсульттер, клиникасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет20/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

27. Геморрагиялық инсульттер, клиникасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Инсульт (лат. insultus — соққы, қыспа талу, инсульт) — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады ( тромбоз).Ми инсультына ұшырау қауіп-қатер факт
1) Қан қысымының – ҚҚ артуы (50%);
2) Қант диабеті (8%);
3) Жүрек кеселдері (7-33%);
4) Темекі тарту, шылымқорлық,
5) Алкогольді шектен тыс тұтыну(29,6%);
6) Психоэмоционалдық зорығу (76%);
7) Гипокинезия (36%);
8) Семіздік (23%).
Геморрагиялық инсультқантамырлардың жарылуы, аневризманың жарылуы
немесе вазомоторлы бұзылыстар нәтижесінде дамиды (қантамырлар дистониясы).Геморрагиялы Құйылған қан миды басып, оны ісіндіреді және мидың бір
бөлігі өледі. Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды.
Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл
түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді - соққының
алғашқы белгісі осындай. Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері
бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады.Міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру, әрі аурудың белгілері жайлы
нақты, толық мәлімет беру керек, сол кезде арнайы неврологиялық бригаданы жібереді. Дәрігерлер келместен бұрын науқасқа дәрігер келгенге дейінгі
көмек көрсетілуі тиіс
-Ең алдымен, науқасты басы мен иығы көтеріліңкі болатындай етіп
(бұрышы 30 градусты құрауы тиіс) жатқызу керек. Науқас үйде ауырып
қалса, басы мен иығына жастық қойыңыз. Егер ұстама көшеде орын алса,
бүктелген кеудешені пайдалануға болады. Науқасты басқа орынға
ауыстырмаңыз (мәселен төсекке жатқызу), бұл қауіпті
-Науқасты қажетті таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Ол үшін белдік пен
көйлектің жағасын ағытыңыз немесе қалың киімін шешіңіз. Ғимаратта
болсаңыз, терезе мен желкөзді (форточка) ашыңыз.
-Бөлмеден артық адамдар шығып, ішінде көмектесе алатындар ғана қалуы
тиіс.
-Лоқсу кезінде науқастың басын абайлап шетке бұрыңыз. Тұншығып
қалмас үшін ауыз қуысын құсықтан тазалаңыз. Егер көп мөлшерде
сілекей ағатын болса, басын ақырын ғана шетке бұрыңыз.
Алғашқы көмек кезінде миға қан құйылуы анықталып, жедел іс-шаралар
орындалады. Бұны көбіне "жедел жәрдем" дәрігерлері атқарады. Инсульт
себептерінің бірі қан тасу болғандықтан, қан қысымын төмендету миды
оттегімен қамтамасыз ететін антиоксидантты, ноотропты дәрілер беру,
құрысу белгілерін тежеу, науқас естен танған жағдайда, ауыз қуысын тазалап,
оттегімен демалдыру, ауруханаға жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет