51. Қабырғалардың, төс сүйегінің, бұғананың сынуы. Саралау диагностикасын жүргізу. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
52.Құрсақ қуысының және сонда орналасқан мүшелердің жарақаттарында жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
53.Электрлік жарақаттар. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Электр жарақаты
Электр тоғымен жарақаттану- тоқ өтетін сымдарды ұстағанда, тигенде немесе адам мен электр көзі арасындағы ауаның ионизациялануынәтижесіндепайдаболатынэлектрлікдоғаарқылы болады. Тоқтың дене арқылы өту жолын «токтың тарамдары» деп атайды. Егер тоқтың жолында маңызды ағзалар болса (жүрек, ми), организм қызметінің бұзылу қауіптері жоғарылайды. Ең ауыр
зақымданулар тоқ бір қолдан немесе екі қолдан аяққа, бастан қолдарға немесе аяқтарға өткенде болады. Электр тоғы жоғары электр өткізгіш қасиеті бар ( қан, жұлын сұйықтығы, бұлшықет) тіндермен өтеді, Ал құрғақ тері, сүйектер, майлы тіндердің электр
өткізгіштігі төмен. Сонымен қатар, ылғал киімдер де зақымдануды күшейтеді. Тоқ соғудың клиникасы 2-ге бөлінеді: жалпы электр жарақаты және жергілікті электрлік күйіктер, ал кейде біріккен түрлері де кездеседі. Жалпы бұзылыстарда ең маңыздысы жүрек-
қан-тамыр, тыныс алу, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары болып табылады. Бұл бұзылыстардың ауырлық дәрежесі әртүрлі. Ол қысқа мерзімді және ізсіз өту дәрежесінен, өлімге ұшырауға дейін барады. Көбінесе жүрек фибрилляциясы, жыпылықтау аритмиясы, тәжартерияларының спазмы сияқты жүрек қызметінің бұзылыстары дамиды. Тыныс бұлшықеттері мен көмейдің спазмы асфиксияға ұшыратады. Кейбір бұлшықет топтарының
тартылулары мен жалпы тоникалық тырысулары болады. Естен танулар (қысқа уақытты, ұзаққа созылған және терең), цианоз, гипотония, кейде тамыр спазмдарының салдарынан артериялык қан қысымының көтерілуі. Жүрек-қан тамыр мен тыныс алу қызметтерінің тежелуінен, науқас өлген тәрізді кейіпте болады. Бұл жағдай уақыттылы реанимациялықшаралардан кейін қайтады. Кейде есін жоғалтқан жарақаттанушы тоғы бар өткізгіштен кете алмай қалады, кейде биіктіктерден құлап әр түрлі механикалық
жарақаттар алады. Электр тоғының зақымдаушы әсері электр энергиясының жылуға
ауысқанында болады. Олтіннің күйіп қалуына немесе өліміне алып келеді. Жоғарғы кернеудегі тоқтар тін қабаттарының жарылуына, аяқ-қолдардың жұлынып кетуін туғызуы мүмкін. Ал бұлшык еттерінің тартылып,тырысуларынан сүйектердің тартылған және
компрессионды сынықтары болуы мүмкін. Электркүйіктер әрқашанда терең болады (III б-IY деңгей). Тіндер токтың шыққан және кірген жерінде зақымданады. Ал кейде
жанасатын дене бетінде немесе ошақтың аймағында зақымданады. Тоқ өткізгішпен контактқа байланысты, күйіктердің түрлері мен көлемі әр-түрлі болады. Кішкене некроз ошақтарына бастап, бүкіл аяқ-қолдыңүйітіліп(IҮдеңгей)қалуынадейінбарады.Зақымдалған
тіндер құрғақ қабықпен жабылады. Қасындағы зақымдалмаған теріге қарағанда ойылып тұрады. Қан тамырларының тромбозы мен спазмына байланысты тіндердің екіншілік өлімі болуы мүмкін. Өлген тіндердің түсуі зақымның тереңдігіне қарай,кейде ұзақ уақытка дейін созылады. Кейде іріңді асқынулар (флегмона, остеомиелит) да болады. Ал ірі қан тамырлары зақымданған жерлерден іріңді-демаркациялық қабынулар мен эрозивті қан
кетулер болуы мүмкін ( 3-4 аптадан кейін). Электрлік күйіктер киімнің өртенуінен, электр доғаларының жарықщаларынан болады. Көбінесе дененің ашық жерлері
зақымданады. Ал киім жанғанда терең күйіктер алады.
Жедел жәрдем шаралары.
Ең бірінші зақымданушыны электр жүйесінен босату керек. Кейде зақымданушы тырысулардың салдарынан электр сымдарынан қолын ала алмай қалады. Сондықтан тез арада күрекпен балтамен немесе басқа ағаштан жасалған сабы бар құралдармен электр
жүйесінен ажыратқан жөн. Немесе зақымданушының киімінің бос жерінен тарту керек. Ал көмек беруші өзі электржарақат алмау үшін: қолын құрғақ матамен орап, аяғын жерге тигізбей тақтайға немесе рәзіңкеге, тоқ өткізбейтін затқа шығып тұруы керек.
Алғашқы медициналық көмекті электр жүйесінен босата салысымен бастау қажет. Оны жатқызып, тар киімдерінен босатады. Өлім тәрізді күйде болса, реанимациялық шараларды
ӨЖЖ мен жүрекке тікелей массаж жасауды бастау қажет. 10% аммиакты иіскетіп, 1-2 мл кордиаминді енгіземіз. Тыныстың бұзылуы мен үлкен қанайналымының іркілісі
(«көк» асфиксия) әсерінен болған цианозда - санның үлкен теріасты көктамырын кесіп 200-400 мл қан ағызамыз. Ал «ақ»тасфиксияда, жүректің тоқтап қалуынан немесе коллапстан, жүрек фибрилляцияларында да реанимациялық шаралар жүргізіледі. Ол шаралар жүрек қызметі мен тыныс алу өзіндік қалпына келгенше жүргізіледі. Күйік алған жерге асептикалық таңғыштар таңамыз, ауырсыздандыратын дәрілер енгіземіз. Кең көлемді электкүйіктердің әсерінен дамыған шокта- инфузиялық терапия жүргізіледі.тЗақымданушыны зеңбілге жатқызып тасымалдайды, өйткені коронароспазм мен жүректің тоқтап қалу қаупінің болуы мүмкін. Және оның жүрек қызметін кардиомонитор арқылы бақылап, ЭКГ-ға түсіріп отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |