Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет41/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

57. Жаралар. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Жаралар
Жаралар терінің және шырышты қабаттардың бүтіндігінің
бұзылуымен, шеттерінің ажырауымен және жанында жатқан қан-
тамырлардың зақымдалуы нәтижесінде қан ағуымен сипатталатын
механикалық зақымданулар. Жаралар ауру сезімімен және дененің
зақымдалған бөлігінің қызметінің бұзылуымен жүреді.
Жаралар мынаған байланысты жіктеледі:
жарақаттың механизміне байланысты: кесілген, тесілген,
жаншылған, тістеген, оқпен атылған және т.б
дененің шектелген аймағына байланысты:ішке енген және
ішке енбеген;
жара өзегінің түріне байланысты: жанасқан, өткен, тұйық.
Клиникалық көрінісі жараның түріне, орналасуына және
тереңдігіне байланысты.
Бірақ, барлық жағдайларда оның өзіне тән құрылымы болады:
шетінің ашылуы, қан ағуы, ауыру сезімі, қызметінің шектелуі.
Жараны бағалау кезінде міндетті түрде қан ағу сипатын
(капиллярлы, венозды, артериалды, аралас) анықтау керек,
сонымен қатар ішкі ағзалардың зақымдануларын жоққа шығару
қажет.
Емдік - тәсілдік шаралар. Ауруханаға дейінгі сатыда қан
ағуды тоқтату және жараның іріңдеуінің алдын -алу қажет. Қан
тоқтату әдісін зақымдалған қан-тамырдың түріне байланысты
таңдайды. Жарадағы қан кетуді тоқтату көбіне капиллярлы қан
ағу кезінде іске асырылады. Басында жараны 3% сутегі асқын
тотығымен немесе 0,1% калий перманганаты ертініділерімен
жуып, стерильденген дәке арқылы қан ағып тұрған жерді 5-7 минут
басып тұрады. Артериалды қан ағуды тоқтату үшін ірі артерияны
қолмен басып немесе жгут салу арқылы тоқтатады.
Көбіне жалпы ұйқы артериясын, иық және сан артерияларын
басады.
Жгут салу әдісі. Ол көбінесе үлкен бұлшықеттік аймақта (иық,
сан) орналасу керек, оның астына жаялық, орамал немесе мұрын
орамал салу керек. Аяқ-қолды сәл көтереді және алдын ала
созылған жгутпен тінді 2-3 рет айналдырып орайды. Жгуттың
ұшын байлайды немесе ішекке іледі. Жгутты салу ұзақтығы 2
сағаттан аспау керек. Осы мақсатпен салынған жгуттың астына
кім және қашан салынғаны туралы қағазға жазып салып қоямыз.
Күн суық кезде жгут салынған аяқ-колды жылылап орап қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет