60. Тырысқақ. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Тырысқақ – аса қауіпті, карантиндік, конвенциялық, нәжіс-ауыз механизмімен
таралатын, антропонозды ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ ауруы көбіне гастроэнтерит
түрде өтеді, сондықтан организмнің су мен электролиттерді сұйық нәжіс пен құсық
арқылы жоғалтуымен, токсикозбен, асқазан-ішектің зақымдалуымен сипатталады.
Инфекция көзі: науқас адам және вибрион тасымалдаушы Беріліс механизмі: - нәжіс-ауыз
механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы.
Жасырын кезең: бірнеші сағат-5 тәулік.Гиповолемиялық экзотоксикалық түрі. 5-10% классикалық түрде өтеді. Ауру жедел түрде, ауырсынусыз, сұйық іш өтуімен басталады.
Нәжісі сулы, күріш қайнатпасы тәрізді. Диарея тәулігіне 3-10 рет Құсу (жүрек айнусыз) диареядан 12-24 сағаттан кейін басталады, күріш қайнатпасына ұқсайды. Сұйықтықпен тұздарды жоғалту әсерінен тырысу қол, аяқ, шайнау, тізе бұлшық еттерінде болады.
Дене қызуы көбіне қалыпты.
Ауыр түрі іш өту жиіленеді, қан қысымы төмендейді,„кір жуғыштың қолы“ симптомы.
Диурез төмендейді, олигурия, анурия.Гиповолемиялық шок: цианоз, бет жиектерінің үшкірленуі, көздің ішке кіруі,қайғылы бет бейнесі- (Гиппократ маскасы). Дауысы әлсіз, баяу, афонияға ауысады. Аурудың өршуі кезеңінде науқастың дене қызуы 35-34-33 градусқа төмендейді, тері эластикалық қасиетін жоғалтады. Жүрек тондары естілмейді, қан қысымы
анықталмайды, ентігу минутына 60 дейін. Бұлшық еттердің тырысуынан тыныс алуы
қиындайды. Анурия болады. Терминалды кезеңде науқас естен танып комадан өліп кетеді.
: Негізгі клиникалық белгілері: жиі іш өту, нәжісі «күріш қайнатпасы» Құсу жүрек айнусыз,
ауыр түрде интоксикация, эксикоз белгілері, көп су жоғалтудан тырысулар,«Гиппократ маскасы» Лабораторлық диагностика: нәжіс, құсық, өтті бактериологиялық әдіспен
зерттеу.
Асқынулары:
Дегидратациялық шок,
Екіншілік микрофлораның қосылуы
Лабораторлық диагностика.
Бактериологиялық зерттеу үшін нәжісті, құсықты, өтті антибиотикпен емдеуге дейін алу
қажет.
Экспресс әдіс: ИФА.
Серологиялық әдіс: ПЦР.
Емделуі
Науқасты ауруханаға жатқызу міндетті түрде.
1. Патогенетикалық терапия – регидратация- жоғалғал сұйықтың орнын толтыру. Біріншілік регидратиция ауруханаға дейін жүргізілуі тиіс. Жеңіл түрінде ауыз арқылы регидрон, цитраглюкосолин ерітінділері қолданылады. Көктамырға физиологиялық ерітінді, Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Көлемі 200-300 мл/кг/тәулігіне. Ауыр түрінде Филлипстің №1 ерітіндісі, хлосоль, трисоль ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 37 С дейін жылытылған ағынды түрде енгізіледі. Науқастың жағдайы жақсарып, қан қысымы орнына келсе Филлипстің №2 ерітіндісі немесе дисоль көктамырға енгізіледі.
2. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн. Тамыр ішіне 1-3 күн - цефтриоксон, цефтизоксим,
цефалотин, цефазолин,амикацин, нетилмицин, доксициклин, ципрофлоксацин, офлоксацин.
Бұлшық етке – сизомицин, мономицин. Ауыз арқылы – пефлоксацин, ципрофлоксацин,
офлоксацин, норфлоксацин, доксициклин, левомицетин, цефалексин.
Науқасты ауруханадан шығару: науқас толық сауыққанда және бактериологиялық зерттеу нәтижесі 3 рет теріс болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |