Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Есекжем. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет15/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

19. Есекжем. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Есекжем –терінің дәріге, тамаққа және басқа заттектерге аллергиялық серпіні. Есекжем бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Есекжем көтеріңкі, қызыл, қышитын, түрлі пішінді және өлшемді, шеттері айқын және ортасы солғын келетін күлдіреумен көрінеді.
Есекжем пайда болып, өздігінше жойылуы мүмкін. Бір орыннан келесіге көшуі мүмкін. Өлшемі 1-10 см немесе одан үлкен болуы мүмкін. Дақтары бірігіп, терінің ауқымды ісінген және қызарған бөліктерін құрауы мүмкін. Ісіну бетте пайда болса, әсіресе, көз бен еріннің аумағында, тамырлық ісіну туралы айтылады. Сонымен қатар, тамырлық ісіну қол ұшында, аяқ ұшында, тамақ (көмей) аумағында байқалуы мүмкін. Есекжем өз алдына қауіпсіз, бірақ тамырлық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді. Себебі. Есекжем дәріге, тамаққа (балық, жаңғақ, жұмыртқа, сүт, т.б.), жануарлардың түгіне, өсімдік тозаңына, инфекцияға (мононуклеоз), жәндік шағуына серпін ретінде көрінуі мүмкін. Басқа мүмкін себептері – өсімдікпен, ингаляцияда қолданылатын құралдармен жанасу, күйзеліс, макияж және ыстық-суықтың, күннің әсері. Есекжем көңіл-күй күйзелісінің, тершеңдіктің, аутоиммундық аурудың немесе лейкемияның салдарынан дамуы мүмкін. Көбінесе, себебін анықтау қиын. Диагностика әдетте қиынға түспейді, себебі, есекжемнің аллергиялық тегі айқын болады, алайда, кейде аллергияға арнайы тестілер қажет – тері тестілері немесе қан талдауы. Емдеу. Көбінесе, арнайы емдеу қажет болмайды себебі, симптомдары өздігінше тез жойылуы мүмкін. Аллергияға қарсы құралдар - антигистаминдік препараттар – тавегил, супрастинді пайдалану аса тиімді. Қышыну мен ісінуді азайту үшін терінің зақымданған жеріне салқын компрессті қою ұсынылады (шағын мата, салқын суға малынған). Терінің үлкен аумағы зақымданса, салқын ванналарды ұсынуға болады. Ыстық ванна мен душ қабылдауға болмайды. Сондай-ақ, қысатын киім киюге болмайды. Жоғарыда айтылғандай, аллергиялық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді. Анафилаксия көмейдің ісінуін туындатып, тыныс алудың едәуір қиындауына – тұншығуға апаруы мүмкін. Анафилаксияға күмән болса, шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру қажет. Алдын алу. аллергияны туындататын дәрілерден, өнімдер мен заттектерден алшақ болу қажет. Ыстық ванна қабылдаудан, қысатын киім киюден алшақ болуға тырысу қажет, себебі, олар есекжемнің симптомдарының қайталануына ықпал етуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет