«бта online» жүйесінде банктік қызмет көрсету шарты қ. 20 жылғы



бет1/3
Дата04.03.2016
өлшемі244.5 Kb.
#40540
  1   2   3
«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету

ШАРТЫ

________________________ қ. 20___жылғы «___» __________________


«БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы, әрі қарай "Банк" деп аталады, 20__ж. «__» _______, № ________ Жарғының / Сенімхаттың негізінде әрекет етуші _______________________________танытуында, бір жағынан, және

_______________________________________, әрі қарай "Клиент" деп аталады, ________________________________ негізінде әрекет етуші, екінші жағынан, әрі қарай бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер жөнінде осы Шартты жасады:


ОСЫ ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР:

«БТА Online» жүйесінақты уақыт режимінде Интернет ғаламторы арқылы Банк клиенттерінің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйесі.

«БТА Online» жүйесін қолданушы (Қолданушы) – «БТА Online» жүйесінде есепке алу жазбасы берілетін, осы Шартқа №2 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша «БТА Online» жүйесінде Қолданушыны тіркеуге/өзгертуге өтініште (бұдан әрі – Тіркеуге өтініш) Клиент көрсеткен, Клиенттің уәкілетті қызметкері, жеке тұлға.

Кілтті тасымалдаушы – электронды сандық қолтаңбаны тану және Кілттік тасымалдаушыны Қабылдау-беру туралы акт бойынша Клиентке уақытша пайдалануға Банкпен берілетін және «БТА Online» жүйесінде сәйкестендіру үшін Клиентпен қолданылатын е-Token.

Оқу құралы - Клиентке Кілттік тасымалдаушыдан мәліметті оқуға мүмкіндік беретін құрал.

Қауіпсіздік рәсімі –:

- Аутентификацияның белгілі бір құралдарын пайдаланумен Электронды құжаттың Клиентпен / Қолданушымен берілгенін анықтау;

- Электронды құжаттың мазмұнындағы қателерді және/немесе өзгерістерді анықтау мақсатында Клиентті идентификациялау үшін, Электрондық құжаттарды құру, беру және тексеру үшін арналған «БТА Online» жүйесінің бағдарламалық-техникалық шаралары.

Аутентификация – Банкпен белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін пайдалану арқылы Электронды құжаттың түпнұсқалылығы мен құрылу дұрыстығын бекіту.

Электронды құжат – Банкке электронды жолмен берілетін және Электронды сандық қолтаңбасы бар, Банкте ашылған банктік шот бойынша операциялар жүргізу туралы Клиенттің алыстан берген тапсырмасы.

Электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) - криптографикалық қорғаныс құралдарымен құрылған және Электронды құжаттың дұрыстығын, оның Клиентке тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электронды сандық белгілер жиыны.

Құпия кілт – электронды сандық қолтаңбаның жабық кілті - Клиентке/Қолданушыға белгілі және Электронды сандық қолтаңба құралдарын пайдаланумен Электронды сандық қолтаңбаны құрастыруға арналған электронды сандық белгілердің кезектілігі.

Жария кілт - электронды сандық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және Электронды құжатта Электронды сандық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауға арналған электронды сандық белгілердің кезектілігі.

Операциялық күн – Банкпен клиенттердің ақшаны аудару туралы нұсқаулары мен мұндай нұсқауларды тоқтата тұру немесе кейін қайтарып алу туралы тапсырмаларын қабылдау және олардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асырумен байланысты хабарламаларды оларға беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңі.


  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ


1.1. Банк операцияны жасау сәтіндегі қолданыстағы Банк тарифтері бойынша ақылы негізде жүзеге асырылатын, Клиентке «БТА Банкі» АҚ-да барлық өзінің банктік шоттарына алыстан басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «БТА Online» жүйесінде Клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

1.2. «БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету шегінде Банк Клиентке мүмкіндік береді:



  • қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға;

  • өздерінің банктік шоттарынан ақша аударымдарын жасауға;

  • шетелдік валютаны сатып алу және сатуды жүзеге асыруға;

  • өз банктік шоттарының жағдайын бақылауға, кез келген уақыт кезеңі үшін жүргізілген операциялар бойынша көшірмелер алуға;

  • анықтамалық және басқа ақпаратты алуға.

1.3. Клиент «БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету құқығына осы Шартты жасасқан соң, Кілттік тасымалдаушыны алған соң және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын электронды сандық қолтаңбаны тану және Кілттік тасымалдаушыны Қабылдау-беру туралы актіге қол қойған соң ие болады.

1.4. Егер Банк тексеру кезінде Электронды сандық қолтаңба дұрыс деп танылса және Электронды құжатты қабылдау сәтіне Банк Клиенттің Кілтті тасымалдаушыны немесе банктік шоттарға қолжетімділікті шектеу туралы өтінішін бекітпесе, Клиент және Банк Электронды құжаттардан туындайтын барлық міндеттемелерді толық көлемде өздеріне алуға міндеттенеді.


2. ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

2.1. Клиенттің «БТА Online» жүйесінде операциялар жүргізу туралы нұсқаулары Клиенттің Электронды сандық қолтаңбасымен бекітілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген қағаз бетіндегі құжаттарға теңестірілетін Электронды құжат түрінде электронды жолмен беріледі.

2.2. Клиенттен Электронды құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоса алғанда Банкпен тәулік бойы жүргізіледі.

2.3. Банктің операциялық күні және Электрондық құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін есептемегенде әрбір жұмыс күнінде Астана уақытымен сағат 09.00 басталады. Банктің операциялық күні және Электрондық құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін есептемегенде әрбір жұмыс күнінде Астана уақытымен сағат 17.00 аяқталады. Банктің ағымдағы Операциялық күніндегі Валюталау күнімен Клиенттің Операциялық күні жабылғанға дейін жіберілген электронды төлем құжаттары Банкпен сол күні орындалады. Операциялық күн жабылғаннан кейін жіберілген Электрондық құжаттарда Валюталау күні келесі Операциялық күннен артық немесе сол күнге тең мерзімде көрсетіледі. Басқа жағдайда Клиенттің Электрондық құжатынан Банк бас тарта алады.

2.4. Электронды төлем құжаттары Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес және Клиенттің Электронды сандық қолтаңбасы болған жағдайда ресімделеді.

2.5. Оның банктік шоттарына санкцияланбаған кіруге күдік туындағанда Банк тез арада Клиенттің Электронды сандық қолтаңбасы бар Электронды төлем құжаттарын қабылдауды мән-жайды анықтағанға дейін тоқтата тұрады және онымен хабарласады. Санкцияланбаған кіру қаупі болып есептеледі:



  • зақымдалған Электронды құжаттардың пайда болуы;

  • құпия сөзді жариялау;

  • Клиенттің (оның) банктік шотынан (тарынан) ақша аудару қарқындылығының өзгеруі;

  • санкцияланбаған кіру қаупіне күдік тудыратын өзге жағдайлар.

2.6. «БТА Online» жүйесінде жұмыс істеудің міндетті шарты Клиенттің Интернетке қолжетімділігі болып табылады. Интернетке қосылу Клиенттің өзімен қамтамасыз етіледі. Клиент пайдаланатын бағдарламалық қамтамасыз ету келесі талаптарға жауап беруі қажет:

  • Операциялық жүйе:

  • Windows */ Android немесе ұялы тұғырнамалар (смартфоны және планшеттер) үшін iOS;

  • Internet Explorer нұсқасы - 8.0-ден төмен емес/ ұялы тұғырнамалар (смартфоны және планшеттер) үшін «БТА-ONLINE» мобильді сервистер» БҚ.

2.7. Клиент Банк пен Клиент арасында құжаттарды беруде қолданылатын мәліметті және Электронды сандық қолтаңбаны шифрлеуді мойындайды.

2.8. Есептесу операцияларын жүзеге асыруда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Шартты басшылыққа алады.



3. ШАРТ БОЙЫНША ТӨЛЕМ

3.1. Клиент төлейді:

3.1.1. ай сайын - «БТА Online» жүйесінде операциялық қызмет көрсету үшін абоненттік төлемді;

3.1.2. қажеттілік туындағанда – қосымша қызметтер құнын (кадрлық ауыстырылымдар кезінде қайта оқу курсы, Шарттың 4.1.т. көрсетілген мерзімдерде Шартты бұзу жағдайында Кілтті тасымалдаушыны жоғалтумен, ұрлаумен, зақымдаумен, қайтармаумен байланысты Кілтті тасымалдаушының құнын Клиенттің өтеуі және т.б.).

3.2. Осы Шарттың 3.1.тармағында көрсетілген қызметтер үшін төлем операцияны жасау сәтінде қолданыстағы Банк тарифтеріне сәйкес алынады.

3.3. Төлем тиісті операцияны жасау сәтіне «БТА Банкі» АҚ-да Клиенттің № ____________ банктік шотын тікелей дебеттеу жолымен жүргізіледі (осы ереже Клиенттің осы Шарттың шарттары бойынша төлеуге жататын барлық сома шегінде Банкпен мұндай тікелей дебеттеуді жүзеге асыруға келісімі ретінде, ал осы Шарт Клиенттің осы Шарт бойынша міндеттемелер аяқталғанға дейін әрекет ететін, мұндай келісімін растайтын құжат ретінде қаралады).



4. КІЛТТІК ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ КІРУ ҚҰПИЯ СӨЗІ

4.1. Кілттік тасымалдаушы(лар) және Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзі(дері) Банкпен осы Шарттың жарамдылық кезеңіне уақытша пайдалануға тегін беріледі. Осы Шартты бұзған жағдайда осы Шарттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Клиент Кілттік тасымалдаушыны қайтару (қабылдау-беру) актісінің негізінде Банктен алынған Кілттік тасымалдаушыны(ларды) қайтарады, не болмаса Клиент осы Шарттың 3.1.2.т. сәйкес Кілттік тасымалдаушының құнын өтейді.

4.2. Кілттік тасымалдаушы(лар) және Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзі(дері) мөрленген конвертте тікелей Клиентке беріледі. Конвертті ашқан соң және одан Кілттік тасымалдаушыны(ларды) және Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзі(дері) бар жазба белгіні(лерді) алғаннан кейін Клиент қысқа мерзімдерде Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзін(дерін) ауыстырып, кіру құпия сөзі(дері) бар жазба белгіні(лерді) жоюға міндеттенеді.

Клиент Кілттік тасымалдаушыны(ларды) өзге тұлғаларға беруге және Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзін(дерін) хабарлауға құқығы жоқ. Мұндай жағдайлар туындағанда Банк Клиентке келтірілуі мүмкін шығындар үшін жауап бермейді.

4.3. Кілттік тасымалдаушы(лар) және есепке алу жазбалары бар материалдар пакетін беру осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Электронды сандық қолтаңбаны тану және Кілттік тасымалдаушыны Қабылдау-беру туралы актіге» Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қол қоюымен жүзеге асырылады. «Электронды сандық қолтаңбаны тану және Кілттік тасымалдаушыны Қабылдау-беру туралы актіге» Тараптардың қолдары қойылмаса, осы Шарттың заңды күші болмайды.

4.4. Кілттік тасымалдаушыда(ларда) Клиенттің жеке кілттері (құпия және жария) мен Банктің жария кілті бар файлдар болады. Кілттік тасымалдаушыда(ларда) көрсетілген мәлімет құпия болып табылады.

4.5. Клиенттің Кілттік тасымалдаушысына(ларына) кіру Клиентпен өз бетінше өзгертілуі мүмкін құпия сөзімен қорғалған.

4.6.  Кілттік тасымалдаушыда(ларда) сақталатын мәліметті өзгерту рұқсат етілмейді.

4.7. Клиентті идентификациялау үшін Банктің қауіпсіздік рәсімімен Кілттік тасымалдаушы(лар) оқу құралында тексеріледі: Клиентке Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзін(дерін) енгізу ұсынылады. Кілттік тасымалдаушының(лардың) Клиентке тиістілігін тексерудің және ұсынылған Кілттік тасымалдаушыға(ларға) құпия сөзді (дерді) енгізудің дұрыстығының оңды нәтижесінде Клиентке «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге қолжетімділік ашылады.

4.8. Электронды құжатты алған соң Банк Клиентке тез арада Электронды құжатты Банктің қабылдауына рұқсат немесе бас тарту туралы хабарлайтын операция кодын хабарлайды.

4.9. Кілттік тасымалдаушыны(ларға) жоғалту / зақымдау жағдайларында Банк жаңа Кілттік тасымалдаушыны(ларды) жасайды және Банк бекіткен тариф бойынша Клиент оны төлеген соң __ (______) жұмыс күні ішінде оны Клиентке береді. Кілттік тасымалдаушыны(ларды) және оған(оларға) кіру құпия сөзін(дерін) қалпына келтіру – мүмкін емес.



  1. БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Банктің құқықтары:

5.1.1. «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету тарифтерін біржақты тәртіпте өзгерту.

5.1.2. Клиенттің банктік шотынан тікелей дебеттеу және/немесе Клиенттің кез келген (Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс кез келген банктерде (жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған) банктік шоттарына төмендегі төлем құжаттарын ұсыну:


  • «БТА Online» жүйесінде ұсынылатын қызметтерді төлеу шотына;

  • Клиенттің банктік шоттарына қате аударылған;

  • Клиенттің Банк алдында кез келген берешегі туындаған жағдайда;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда.

Мұнда осы ереже Клиенттің осы Шарттың шарттары бойынша төлеуге жататын барлық сома шегінде Банкпен мұндай тікелей дебеттеуді жүзеге асыруға келісімі ретінде, ал осы Шарт Клиенттің осы Шарт бойынша міндеттемелер аяқталғанға дейін әрекет ететін, мұндай келісімін растайтын құжат ретінде қаралады (Клиент осымен Банктің осы тармақшада көрсетілген құқықтарын растау және жүзеге асыру үшін Банкке осы Шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну жеткілікті екеніне өз келісімін білдіреді).

5.1.3. Егер Клиенттің нұсқауының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмесе, Клиентпен жасалатын операция деректемелері толық көрсетілмеген, Клиенттің электронды сандық қолтаңбасы болмаған жағдайда, сондай-ақ Клиенттің белгілі бір операция жүргізілуі тиіс банктік шотында ақшаның жеткіліксіздігі жағдайында (оның ішінде Банкке жасалатын операция үшін сыйақы төлеу үшін) Клиентке «БТА Online» жүйесінде операция жасаудан бас тарту.

5.1.4. Жарамдылық мерзімі аяқталған, зақымдалған жағдайда, Банкке жазбаша өтініш ұсынған немесе Кілттік тасымалдаушыны оның жоғалуында, ұрлануында, уәкілетті емес тұлғаның пайдалануын шектеуге Банктің Call-орталығына ауызша жүгінген жағдайда Клиенттің Кілттік тасымалдаушысын шектеу. Мұнда кілттік тасымалдаушыны шектеу Клиентті/Қолданушыны идентификациялаудың параметрлерін (қолданушының тегін, атын, әкесінің атын, қосымша мәлімет керек болғанда: Қолданушының жеке басын куәландыратын құжат нөмірі мен жарамдылық мерзімін, шектеу себептерін және/немесе өзге мәліметті) дұрыс хабарлау шартымен Клиенттен жазбаша немесе ауызша өтініш алынған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банк қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Шектеу сәті қолданушыны шектеу туралы Клиентті хабардар еткеннен кейін 5 (бес) минут өткенде туған болып есептеледі.

5.2. Банктің міндеттері:

5.2.1. «БТА Online» жүйесінде Клиентке тиісті түрде банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

5.2.2. Клиенттің сұрауы бойынша оған Клиентті идентификациялау және Электронды құжаттар құру үшін аутентификация құралдарын (Кілттік тасымалдаушы) ұсыну.

5.2.3. Оған сеніп тапсырылған ақшаның сақталуын қамтамасыз ету.

5.2.4. Клиенттің операциялары бойынша құпияны сақтау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларда ғана олар бойынша мәліметті үшінші тұлғаларға беру.

5.2.5. Клиентке оның банктік шоттары бойынша жүргізілген операциялар бойынша мәліметті беру.

5.2.6. Банкке Клиент беретін Электронды құжаттарда Электронды сандық қолтаңбаны пайдалануға мүмкіндік беретін және бірден Клиентті идентификациялайтын, есепке алу жазбалары мен Кілттік тасымалдаушыдан(лардан) (eToken құрылғысы (лары)) тұратын және Тіркеуге өтінішпен анықталған санда және қасиеттермен материалдар пакетін Клиентке беру.

5.2.7. Қызметтерді төлеген соң екі күн ішінде осы Шарттың 3.1.1.т. сәйкес Клиентті «БТА Online» жүйесінде жандандыру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет