Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010



бет3/20
Дата16.06.2016
өлшемі2.5 Mb.
#138477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

4-параграф. Термиялық өңдеу
172. Термиялық өңдеуге дайын бұйымдар немесе есепте қабылданған материал құрылымының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін олардың бөлшектері тартылады.

173. Термиялық өңдеудің екі түрі болады:

1) қалыптағышты, жіберетін қалыптағышты, суаруды, жіберіп суаруды, қалыптау температурасына дейін қыздыратын көп сатылы термо өңдеуді қамтитын негізгі;

2) жіберу түріндегі қосымша.

174. Негізгі және қосымша термо өңдеу түрлері мен оның режимдері (қыздыру температурасы, ұстап тұрған кезіндегі температура, ұстап тұру ұзақтығы, салқындату жылдамдығы немесе шарттары, салқындату ортасының түрі және басқалары) талаптарды сақтай отырып, құрылымдық құжаттамада қабылданады.

175. Бұйым негізгі термо өңдеуге мынадай жағдайларда тартылады:

1) егер жартылай дайын өнімдерге (табақ, құбыр және басқалары) төзімділігін тексеру есептерінде қабылданған материалдың қасиетін қамтамасыз ететін режимдер бойынша термо өңдеу жүргізілмесе;

2) егер бұйымды дайындаудың технологиялық үдерісі жартылай дайын өнім материалының қасиеттері мен құрылымының өзгеруіне әкелсе;

3) электрлік шлак әдісімен дәнекерлегеннен кейін;

4) МСТ бұйымға немесе дәнекерлеуге негізгі термиялық өңдеу қарастырылатын барлық өзге де жағдайларда немесе құрылымдық құжаттама талаптары бойынша.

176. Мынадай жағдайларда бұйымды қосымша термиялық өңдеу жүргізіледі:

1) қабырға қалыңдығы түбінің ең кішкентай ішкі қисық радиусынан 10 % артық болғанда қыздырмай немесе 700°C төмен қыздырып өткізілетін көміртекті болаттан жасалған түптер мен жиектерді жаншып үгіткеннен және штамптағаннан кейін;

2) мынадай:

ию радиусынан тыс қабырға қалыңдығы 36 мм болғанда немесе ию радиусы құбырдың үш еселік сыртқы диаметрінен кем болып, көлденең ию қимасының сүйірлігі 5 % астам болса, 10-36 мм қалыңдықта көміртекті болаттан және 15 ГС маркалы болаттан жасалған;

дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес қоспалы болаттан жасалған құбырларды қыздырмай игеннен кейін;

3) мынадай:

қабырға қалыңдығы 36 мм астам болғанда көміртекті және марганцовкалы болаттан жасалған;

дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес қоспалы болаттан жасалған қазандықтың бөлшектері мен жинау бірліктерін дәнекерлегеннен кейін;

4) дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес штуцерлерді, сондай-ақ қысыммен жұмыс істемейтін бөлшектерді барабандарға, корпустарға, түптерге, коллекторларға және құбырларға қосқаннан кейін;

5) бұйымға немесе дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада қосымша термиялық өңдеу қарастырылатын барлық өзге де жағдайларда.

177. Әр түрлі маркалы болаттан дәнекерленетін элементтер үшін термиялық өңдеу қажеттілігі мен оның режимі дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес белгіленеді.

178. Жиектердің көлденең дәнекерлеу жіктерін, коллекторларды, құбыр жолдарын және қазандықтарды жылыту қабаттарының құбырларын, штуцерлерді қосатын дәнекерлеу жіктерін, тірек элементтерін, бекіткіштерді және басқа да бөлшектерді барабандарға, коллекторларға, құбыр жолдары мен қыздыру қабатының құбырларына жіберуді жылжымалы қыздыру құрылғыларымен жергілікті қыздыру арқылы жүргізуге болады. Көлденең (шығырлы) дәнекерлеу жіктерін термо өңдеу кезінде жіктің шегінен екі жағынан тұтас периметрі бойынша шығырдың ені 50 мм кем емес біркелкі қыздыру қамтамасыз етіледі, бірақ дәнекерлеу жігін қыздыратын учаскенің ортасына орналастыра отырып, қабырғаның үш еселі қалыңдығынан кем болмайды.

179. Шығырды термо өңдеу кезінде қыздырылатын шығырдың жанында орналасқан жиектер мен құбыр жолдарының учаскелері температураның ұзындық бойымен бір қалыптық өзгеруін қамтамасыз ету үшін оқшаулағышпен жабылады.

180. Термиялық өңдеу жүргізу кезінде бұйым пешке тұтастай салынады. Технология бұйымның ұзындығы бойымен құрылымы мен механикалық қасиетінің біркелкілігін олардың мәнін құрылымдық құжаттамада белгіленген мәннен тыс шығармай қамтамасыз еткен жағдайда бөлек-бөлек термо өңдеуге болады, бұл алдын ала жүргізілетін сынақтармен және технология және материалдар бойынша аттестатталған ұйымның қорытындысымен расталады.

181. Қосымша термо өңдеу (иілген құбырларды, жиектер мен құбырлардың көлденең дәнекерлеу қосқыштарын жіберу немесе аустенизациялау) бұйымның тиісті учаскелерін жергілікті қыздыру арқылы жүзеге асырылады.

182. Жиектер мен құбырлардың көлденең дәнекерлеу қосқыштарын жергілікті қосымша термиялық өңдеу кезінде дәнекерлеу жігі мен оған екі жағынан жанасатын негізгі металл учаскелерін тұтас периметрі бойынша біркелкі қыздыру жүзеге асырылады. Негізгі металдың қыздырылатын учаскелерінің ең кішкентай ені бұйымды дайындауға арналған техникалық шарттарда немесе дәнекерлеу және термиялық өңдеу жөніндегі технологиялық регламентте анықталады.

183. Термиялық өңдеу бұйым металын бірдей қыздыру, жылумен еркін түрде кеңейту және пластикалық өзгерістердің болмауы қамтамасыз етілетіндей етіп жүргізіледі.

184. 300°С жоғары температурада қабырға қалыңдығы 20 мм астам бұйымды термо өңдеу кезінде қыздыру, ұстау және салқындату режимі өздігінен жазатын аспаптармен тіркеледі.



5-параграф. Бақылау
185. Дайындаушы, монтаждау немесе жөндеу ұйымы ақаулықтарды анықтауға, оның жоғарғы сапасына және пайдаланудағы сенімділігіне кепілдік беретін өз өнімін бақылау түрі мен көлемін пайдалануға міндетті. Бұл ретте бақылау көлемі Талапқа сәйкес келеді.

186. Негізгі бақылау түрлері:

1) көзбен және өлшеп бақылау;

2) дәнекерлеу қосындыларын бұзбай бақылау әдісімен бақылау;

3) дәнекерлеу қосындылары мен негізгі металды механикалық сынау (қажет болған жағдайда);

4) дәнекерлеу қосындыларын металл графикалық зерттеу;

5) дәнекерлеу қосындыларын кристалл аралық коррозияға, стило көшірме жасауға қарсы төзімділікке сынау;

6) гидравликалық сынау болып табылады.

187. Бақылау әдістері мен көлемін таңдау Талапқа, бұйымға және дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі және қазандықты құрастыру кезінде әзірленетін сызбаларда көрсетіледі. Дәнекерлеу қосындыларын іріктеп бақылау кезінде (қыздыру қабатының құбырларынан басқа) бақылау сызбасының көшірмесі қазандықтың паспортына қоса беріледі.

188. Бұйым мен құрастыру бірліктерін бақылау бұйымды 450°С астам қыздырумен, термиялық өңдеумен, металдың түрін өзгертумен және орнатумен байланысты барлық технологиялық операцияларды аяқтағаннан кейін орындалады. Бақылау көлемі, түрі мен реті, оның ішінде нақты өлшемдері құрылымдық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.

189. Әрбір бақылау түрі бойынша нәтижелер және осы бұйым үшін қарастырылған барлық әдістермен жүргізілген бақылау орындары (оның ішінде операциялық) есептік құжаттамада (журналдарда, формулярларда, хаттамаларда және басқаларында) жазылады.

190. Кез келген бақылау түрінде бұйымда Талапта (2-қосымша) және бұйым мен дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген шекті нормалардан тыс шығатын ішкі және қабаттық ақаулар анықталмаса, бұйым жарамды болып танылады.

191. Осы Талапта қарастырылған сынақ көлемі мен дәнекерлеу жіктерінің мөлшері, өндірістік дәнекерлеу қосындыларын бақылау көлемі, оның ішінде бұзылмайтын әдістермен жаппай дайындаған жағдайда, оның ішінде бұйымды бір типті дәнекерлеу қосқыштарымен монтаждау және жөндеу кезінде технологиялық үдеріс өзгермеген, дәнекерлеушілерді кемінде 6 ай ішінде бақылау нәтижелерімен куәландырған жоғарғы жұмыс сапасы мен жекеленген түрлерінде мамандандыруда қысқаруы мүмкін.

192. Бір типті дәнекерлеу қосқыштары деп босатылатын бөлшектердің болат маркасы бойынша, қосу құрылымы бойынша, пайдаланылатын дәнекерлеу материалдарының маркасы мен сұрып бойынша, дәнекерлеу тәсілі, күйі және режимі бойынша, қыздыру режимі мен термо өңдеу бойынша ең үлкен және ең кішкентай қалыңдық пен дәнекерленетін бөлшектердің сыртқы диаметрінен 2 аспайтын (бастапқы қалыңдығы мен диаметрі бойынша) қатынаспен біркелкі дәнекерлеу қосқыштары түсіндіріледі.

193. Жайпақ бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары, сыртқы диаметрі 500 мм астам бөлшектер үшін қабырға қалыңдығы бойынша қатынасы реттеледі.

194. Бір типті бұрыштық және таңбалау қосқыштарында қалыңдық пен сыртқы диаметрдің көрсетілген қатынасы дәнекерлеу бөлшектері мен негізгі бөлшектердің қалыңдықтарына ғана (құрастыру бірліктеріне) жатады, ал негізгі бөлшектердің диаметрінің қатынасы ескерілмейді.

195. Құрылымдық класы бір химиялық құрамы, механикалық және физикалық қасиеттері бойынша жақын, әр түрлі маркалы болаттардан жасалған бір типті дәнекерлеу қосқыштарын бір топқа біріктіруге болады.

6-параграф. Көзбен және өлшеп бақылау
196. Көзбен және өлшеп бақылауға Талаппен, құрылымдық құжаттамамен жол берілмейтін сыртқы ақауларды, оның ішінде:

1) өлшемдері мен геометриялық пішіні бойынша ауытқушылықтарды;

2) негізгі металл мен дәнекерлеу қосқыштарының (майысу, қабаттарының арасының ашылуы, қабыршақтану, қалқымалар, тіліктердің, күйіктердің және басқаларының пайда болуы) қабаттарында сызаттар мен басқа да ақауларды;

3) дәнекерленетін бөлшектердің жиектерінің, сынықтардың және ауытқушылықтардың (мысалы, перпендикуляр емес) ығысуын анықтау мақсатында әрбір бұйым және барлық оның дәнекерлеу қосқыштары жатады.

197. Көзбен бақылау алдында бұйым мен дәнекерлеу қосылыстары тексеруге дайындалады және лас пен шлактан тазартылады.

198. Дәнекерлеу қосқыштарын көзбен және өлшеп бақылау тұтас ұзындығы бойымен ішкі және сыртқы жағынан жүргізіледі.

199. Көзбен және өлшеп бақылау үшін дәнекерлеу қосқыштарының ішкі қабатына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда бақылау тек сыртқы жағынан жүргізіледі.

200. Дайын бұйымдардың геометриялық өлшемдері бойынша қол жеткізу осы Талаппен белгіленгеннен аспайтын және құрылымдық құжаттамада және сызбаларда көрсетілгеннен аспайды.

201. Бақылау өлшемдерінің әдістемесі мен мөлшері және тексерілетін учаскелердің орналасу орны құрылымдық құжаттамада анықталады.

202. Дәнекерлеу табақтарынан немесе құймаларынан дайындалған цилиндрлік, конустық немесе сфералық элементтерінде мынадай ауытқушылықтарға жол беріледі:

1) диаметрі бойынша-бастапқы сыртқы немесе ішкі диаметрінен ±1 % аспайды;

2) көлденең қиманың сүйірлігі бойынша-1 % аспайды, сүйірлігі төмендегі формула бойынша есептеледі:




мұндағы -бір қимада өлшенетін ең жоғарғы және ең төменгі сыртқы немесе ішкі диаметрлер;

3) тік сызықты түзетін-ұзындығы 5 м кез келген учаскеде жиектің цилиндрлік бөліктің тұтас ұзындығымен 0,3 % аспайды;

4) жергілікті орнату нүктесі қабырға қалыңдығы шекті мәнінен тыс шығарады;

5) майысу тереңдігі мен басқа да жергілікті пішіннің ауытқушылығы бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген мәннен аспауы қажет, құрылымдық құжаттама болмаған жағдайда төзімділікке арналған есеппен негізделеді.

203. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ аспайтын, осы баппен реттелетін қазандықтар үшін көлденең қима сүйірлігін элементтің төзімділігіне арналған есеппен расталған жағдайда 1,5 % дейін арттыруға болады.

204. Дөңес түптердегі болатын өлшемдердің ауытқушылықтары:

1) шаблонмен бақыланатын дөңес бөліктердің белгілі пішінінен ауытқу бойынша ішкі диаметр 500 мм астам болғанда түптің ішкі диаметрінен 1,25 % аспайды және ішкі диаметр 500 мм және одан кем болғанда-5 мм аспайды;

2) штамптау кезінде сорғышпен жүзеге асырылатын қабырғаны нақтылау бойынша егер ең үлкен нақтылау шегі төзімділікке арналған есеппен қарастырылмаса, қабырғаның бастапқы қалыңдығынан 10 % аспайды;

3) сыртқы немесе ішкі диаметр бойынша: цилиндрлік ернеудің бір қимасындағы өлшемдер бойынша ең жоғарғы және ең төменгі мәндер арасындағы айырмашылық бойынша бастапқы диаметрдің ± 1 %;

4) түптің цилиндрлік ернеуінің көлденең қимасының сүйірлігі бойынша 1 % аспайды.

205. Құбырлардан дайындалатын бөлшектердің диаметрі мен көлденең қималы сүйірлігі бойынша ауытқушылықтар бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген мәндерден аспайды.

Барлық өндірістік операциялар аяқталғаннан кейін көлденең бұйымдардың иілуі 1 м ұзындықта 6 мм және бұйымның ұзындығы бойымен 30 мм аспайды.

206. Құбырлардың иілген учаскелерінің қабырғасының қалыңдығын бақылау ультрадыбыстық қалыңдық өлшегіштің көмегімен немесе бірдей өлшемдермен иілген учаскелердің партиясынан іріктелген тәртіпте жүргізілетін кесіктен кейін жүргізіледі. Құбырлардың иілген учаскелерінде қабырға қалыңдығын бақылау әдістемесі, тәртібі және көлемі құрылымдық құжаттамамен анықталады.

207. Қабырғаларының бастапқы қалыңдығы бірдей жабдық пен құбырлардың элементтерінің жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) жиектерін жіктің сыртқы жағынан ығыстыру (сәйкеспеуі) 2-кестеде көрсетілген мәндерден аспайды.

2-кесте


Дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) қабырғаларының бастапқы қалыңдығы Sn, мм

Жапсарлас қосындылардағы жиектердің ең жоғарғы шекті ығысуы (сәйкеспеуі), мм

бойлық, меридиан, хорда және шеңбер элементтерінде, сондай-ақ түптерді дәнекерлеу кезінде шығырлы элементтерде

көлденең шығыр

құбыр және конус элементтерінде

табақ пен құймадан жасалған цилиндрлік элементтерде

0-5

0,2 Sn

0,20 Sn

0,25 Sn

>5-10

0,10 Sn + 0,5

0,10 Sn + 0,5

0,25 Sn

>10-25

0,10 Sn + 0,5

0,10 Sn + 0,5

0,10 Sn + 1,5

>25-50

3(0,04 Sn + 2,0)1

0,06 Sn + 1,5

0,06 Sn + 2,5

50-100


0,04 Sn +1,0

(0,02 Sn + 3,0)*



0,03 Sn + 3,0

0,04 Sn + 3,5

100 астам

0,01 Sn + 4,0,

бірақ 0,6 аспайды



0,015 Sn + 4,5,

бірақ 7,5 аспайды



0,025 Sn + 5,0,

бірақ 10,0 аспайды


Екі жағынан электрлік доғамен дәнекерлеп, сондай-ақ электрлік шлакпен дәнекерлеп орындалатын жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында көрсетілген жиектердің ығысуын жіктің сыртынан да ішінен де арттыруға болмайды.

208. Жиектерді біржақты бөлетін жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында жіктің ішкі жағынан (жіктің түбі жағынан) элементтердің (бөлшектердің) жиектерін ығыстыру дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламентте және жұмыс сызбаларында белгіленген нормалардан аспайды.

209. 246 және 247-тармақтарда көрсетілген талаптар қабырғаларының нақты қабырғалары осы Талаптың 62-64-тармақтарына сәйкес жіктің қабатын көлбеу орналастыру есебінен біреуінен екіншісіне бір қалыпты көшіруді қамтамасыз еткен жағдайда әр түрлі элементтердің қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.

210. 246, 247-тармақтарда көрсетілген нормалардың шегінде дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) жиектерін ығыстыру кезінде жіктің қабаты бірінен екінші жиекке бір қалыпты өтуді қамтамасыз етеді.

7-параграф. Бұзбайтын әдістермен бақылау
211. Дәнекерлеу қосқыштарының ішкі ақауларын анықтау үшін бұзбай тереңдетіп бақылау қолданылады: радиографикалық және ультрадыбыстық немесе оларға тең келетін бақылау түрлері; дәнекерлеу қосқыштары қабатының ақауларын анықтау үшін-магнитті-ұнтақты немесе түрлі түсті дефектоскопия немесе олармен тең келетін бақылау әдістері.

212. Бұзылмайтын бақылау әдістерінің қандай да бір түрін немесе олардың үйлесімін қолдану осы Талапқа, құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

213. Перлит және мартенситті-феррит класты болаттардан жасалған бұйымдардың міндетті ультрадыбыстық бақылауына мыналар жатады:

1) қабырға қалыңдығы 30 мм және одан астам барабандардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) қабырға қалыңдығы 15 мм және одан астам коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) ультрадыбыстық бақылау тиісті техникалық шарттардың, дәнекерлеу қосқыштарын дәнекерлеу және бақылау жөніндегі технологиялық регламенттердің талаптары қарастырылған басқа да дәнекерлеу қосқыштары.

214. Перлит және мартенситті-феррит класты болаттардан жасалған бұйымдардың ультрадыбыстық және радиографикалық бақылауына мыналар жатады:

1) қабырға қалыңдығы 30 мм кем барабандардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) қабырға қалыңдығы 15 мм кем коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм және одан астам құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

4) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм кем құбыр өткізгіштерде доғалық немесе газбен дәнекерлеумен жасалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары;

жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам қазандықтар үшін-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 20 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) төмен қазандықтар үшін-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 10 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

5) жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) және одан астам қыздыру қабаты құбырларында доғалық немесе газбен дәнекерлеумен орындалған барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен, ал жіктің бақылау бөлігіне қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

6) жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) төмен қыздыру қабаты құбырларында доғалық немесе газбен дәнекерлеумен орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың (бу қыздырғыштың, экономайзердің) бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 5 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

7) қабырға қалыңдығына қарамастан, ішкі диаметрі 100 мм және одан астам барабандар мен коллекторлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

8) құйылған элементтердің, құйылған бөлшектері бар құбырлардың жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары, сондай-ақ осы тармақта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары (оның ішінде бұрыштық және таңба)-бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген талаптар бойынша.

Осы тармақта тізбектелген дәнекерлеу қосқыштары үшін бақылау әдісін (ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиография) таңдау металдың физикалық қасиеттерінің ерекшелігін, игерілуін және нақты бұйымдарда дәнекерлеу қосқыштарының осы түрі үшін бақылау әдістерін жетілдіруді ескере отырып, күрделі ақауларды толықтай және біршама дәлірек айқындауды қамтамасыз ету мүмкіндігі негізінде жүргізіледі.

215. 252-тармаққа сәйкес ультрадыбыстық бақылауға тартылатын барабандар мен коллекторлардың жапсарлас бойлық және көлденең дәнекерлеу қосқыштарының барлық түйісу орындары міндетті радиографикалық бақылауға жатады.

216. Аустенит кластық болаттан жасалған бұйымдарда, сондай-ақ аустенит кластық болаттан жасалған элементтердің перлит немесе мартенситті-феррит класының болаттарынан жасалған элементтермен түйісу орындарында мыналар міндетті радиографикалық бақылауға жатады:

1) барабандар мен коллекторлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) жапсарлас байланыстырушы дәнекермен орындалғаннан басқа, құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) қыздыру қабатының құбырларында доғалық дәнекерлеумен орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың (бу қыздырғыштың, экономайзердің) бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 10 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

4) құйылған элементтердің, құйылған бөлшектері бар құбырлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

5) ішкі диаметрі 100 мм және одан астам (қабырға қалыңдығына қарамастан) штуцерлері бар барабандар мен коллекторлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

6) осы бапта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары (оның ішінде бұрыштық және таңба)-бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген талаптар бойынша.

217. Жөндеу-дәнекерлеуге тартылған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылауға алынады. Металды жөндеу арқылы дәнекерлеу жұмыстары негізгі металдағы дәнекердің термиялық әсер ету аймағын қоса алғанда, дәнекердің барлық учаскесі бойымен радиографиялық немесе ультрадыбыстық бақылауға алынады. Қабырғаларды тұтас ұзындығы бойымен қайнату кезінде бақылау үшін ішкі жағынан қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайдан басқа, екі жағынан бірдей бақыланады.

218. Жапсарлас дәнекерлеу жігін ультрадыбыстық бақылауды тегіс түптерді дәнекерлеу, арматура жіктері мен жапсарлас қосқыштарды қосқыштың тек бір жағынан бақылау үшін жеткілікті басқа да жіктерден басқа, дәнекерлеу жігінің екі жағынан орындау қажет.

219. Ішкі қысыммен жұмыс істемейтін қосылған бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштарын бақылау әдісі мен көлемі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.

8-параграф. Дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу
220. Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары олардың бұйымға арналған құрылымдық құжаттаманың механикалық сипаттамаларына сәйкестігін тексеру және дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау мақсатымен механикалық сыналады.

221. Сынақтың негізгі түрі созылуына, иілуіне және майыстырылуы мен соққы тұтқырлығына сынау болып табылады.

222. Созылуына сынау көлденең дәнекерлеу қосқыштары үшін аталған қосқыштар бұзбайтын әдіспен бақыланған жағдайда міндеті болып табылмайды.

223. Соққы тұтқырлығына сынау қабырғаның есептік температурасы 450°С жоғары болмаған кезде 8 МПа (80 кгс/см2) төмен қысыммен жұмыс істейтін бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін, қабырға қалыңдығы 12 мм кем бөлшектердің барлық дәнекерлеу қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.

224. Ықтимал ішкі ақауларды (сызаттарды, дәнекерленбеген орындарды, шлак және металл емес қосындыларды және басқаларын) анықтау мақсатымен жапсарлас және бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарына металлографикалық зерттеу жүргізіледі.

225. Металлографикалық зерттеу:

1) бұзбайтын әдіспен тұтас бақыланған жағдайда перлит кластық болаттан жасалған бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін;

2) қыздыру қабаты құбырларының дәнекерлеу қосқыштары және бақылау үлгілерін сынау арқылы машинаны баптау сапасын ай сайын тексеру кезінде автоматтандырылған жұмыс циклімен қазандық құбырларын байланыстырып жапсарлас дәнекерлеу үшін арнайы машиналарда байланыстырушы дәнекермен орындалған құбыр өткізгіштер үшін міндетті болып табылмайды.

226. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық қасиеттерін тексеру, металлографикалық зерттеу бақыланатын дәнекерлеу қосқыштарынан кесіп алынатын үлгілерде жүргізіледі. Бақылау қосқыштары ретінде бұйымнан кесіп алынатын өндірістік қосқыштары пайдаланылуы мүмкін.

227. Бақылайтын дәнекерлеу қосқыштары:

1) жиектердің, дөңес және жайпақ түптер мен торлардың бойлық және көлденең жапсарлас жіктерін бақылау үшін-қыспақ дәнекерленетін жайпақ пластиналарды жапсарлас қосу;

2) коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің көлденең жіктерін бақылау үшін-құбырлардың екі тіліктерінің (шығырлы сынама) көлденең жапсарлас қосу;

3) штуцерлердің дәнекерін жиектерге және түптерге қосуды бақылау үшін-құбырды тегіс қаңылтырмен бұрыштап және таңбалап қосу немесе құбыр өткізгіште штуцерлерді дәнекерлеуді бақылау үшін, сондай-ақ үш көзді қосқыштар үшін-құбырларды негізгі құбырлармен қосу ретінде орындалады.

228. Бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес және өндірістік қосқыштар үшін қолданылатын технологиялық үдерістерді толығымен сақтай отырып дайындалады.

229. Бақылау қосқыштарын термиялық өңдеу бұйыммен бірге, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда-бөлек, өндірістік қосқыштар үшін белгіленген режимдерді пайдалана отырып жүргізіледі.

230. Егер бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары бірнеше рет термо өңдеуге тартылатын болса, онда бақылау қосқышы да сондай мөлшерде сол режимде термо өңдеуден өтеді.

231. Егер өндірістік қосқыш бірнеше рет жоғары дәрежеде өткізуге тартылған болса, онда бақылау қосқышы өндірістік қосқыштың барлық жоғары дәрежеде өткізуі кезінде жиынтық уақыттың кемінде 80 % ұстау ұзақтығымен бір рет жіберуге болады.

232. Бақылау қосқыштарының өлшемдері қайта өткізілетін сынақтарды қоса алғанда, қажетті сынақтарды өткізу үшін олардан үлгілерді алу мүмкіндігін қарастырады. Егер бұл талап қанағаттандырылмаса, онда бақылау қосқыштарының саны артады.

233. Термиялық өңдеуді (егер ол қарастырылған болса) қоса алғанда, бақылау қосқыштарын дайындау аяқталған кезде дәнекерлеу қосқышы өндірістік дәнекерлеу қосқыштары үшін қарастырылған дәл сол бақылау әдістерімен және дәл сол көлемде тексеріледі. Қанағаттандырылмайтын нәтижелер болған кезде екі еселенген мөлшерде үлгілерді қайта сынауға болады.

234. Егер қайта бұзбай бақылау кезінде қанағаттандырылмайтын нәтижелер алынатын болса, осы сынақ түрінің жалпы бағасы қанағаттандырылмаған болып саналады. Бұл жағдайда материалдың сапасы, жабдық және дәнекерлеушінің біліктілігі қосымша тексеруге тартылады.

235. Егер бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада бақылау қосқыштарын көбейтілген саны қарастырылмаса (бақылау қосқыштарының қатарына дәнекерлеушіні аттестаттау кезінде орындалатын қосқыштарды есептеуге болады), өндірістік жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын бақылау үшін әр дәнекерлеуші 6 ай ішінде орындаған барлық бір типті өндірістік қосқыштарға (оның ішінде әр түрлі объектілер үшін) кемінде бір жапсарлас бақылау қосқышы қарастырылады. Дәнекерлеушінің жұмысында 3 айдан артық үзілістен кейін жаңа бақылайтын дәнекерлеу қосқышын орындауға болады және оны белгіленген көлемдерде тексеруге болады.

236. Байланыстырушы дәнекермен орындалған құбырлардың көлденең қосқыштарын бақылау кезінде әр ауысымда автоматтандырылған жұмыс циклі бар әрбір дәнекерлеу машинасына жасалған барлық бірдей өндірістік қосқыштар үшін кемінде екі бақылау қосқышы сыналады.

237. Кемінде 100 мм шартты өту жолымен және қабырға қалыңдығы 12 мм кем болғанда және бақылау үлгілерінің экспресс сынағы арқылы машинаны баптау ауысым сайын тексере отырып, автоматтандырылған жұмыс циклі бар қазандық құбырларының байланыстырып дәнекерлеу үшін арнайы машиналарда жасалған құбырлардың көлденең қосқыштарын бақылау үшін кесілген бөліктерді бірдей дайындау кезінде бір өлшемді және тұрақты режимде бір маркалы болаттан жасалған құбырларды дәнекерлеген жағдайда үш тәуліктен аспайтын тәулік ішінде дайындалған өнім үшін кемінде екі бақылайтын дәнекерлеу қосқыштарын сынауға болады. Бұл ретте бақылау қосқыштары ретінде өндірістік қосқыштарын пайдалануға болады.

238. Әрбір бақыланатын дәнекерлеу қосқышынан кесіп алынатын үлгілердің ең аз саны:

1) созылуына сынау үшін екі үлгі;

2) статикалық иілгішіне сынау үшін екі үлгі;

3) соққы тұтқырлығына сынау үшін үш үлгі;

4) көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде металлографикалық зерттеу және қаттылығын анықтау үшін бір үлгі (шлиф) және егер құрылымдық құжаттамада қарастырылған болса, қоспасы жоғары болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде кемінде екі үлгі;

5) құрылымдық құжаттамада қарастырылған түрлері үшін екі үлгіден (кристалл аралық коррозия және басқалары).

239. Сыртқы диаметрі 108 мм аспайтын құбырлардың бақылау қосқыштарын статикалық иілуіне сынауды майысуына сынаумен ауыстыруға болады. Созылуына сынау құрылымдық құжаттамада көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

240. Бақыланатын бұрыштық және таңбалау қосқыштары үшін ішкі ақауларды, сызаттарды, дәнекерленген жерлерді (күрделі шлак, металл қоспаларды, бүлінген жерлерді және басқаларын) анықтау мақсатымен металлографикалық зерттеу үшін тек шлифтер ғана кесіледі.

241. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық сипаттамасы құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалардан төмен болмайды.

242. Қандай да бір механикалық сынақ түрі бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алған жағдайда қанағаттанарлықсыз нәтиже берген дәл сол механикалық сынақ түрі бойынша, дәл сол бақыланатын дәнекерлеу қосқыштарынан алынған үлгілердің екі есе мөлшерінде қайта сынауға болады. Көрсетілген дәнекерлеу қосқыштарынан үлгілерді кесіп алу мүмкін болмаған жағдайда қайта механикалық сынақтар (екі есе көлемде) бақыланатын бұйымнан кесіп алынған өндірістік дәнекерлеу қосқыштарында дәл сол дәнекерлеуші жүргізеді.

243. Егер қайта сынақ кезінде үлгілердің біреуінде белгіленген нормаларды қанағаттандырмайтын көрсеткіш алынған болса, осы сынақ түрінің жалпы бағасы қанағаттанарлықсыз деп саналады.

244. Сынақ кезінде әрбір бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары үшін механикалық қасиеттердің көрсеткіштері жекеленген үлгілерді сынау нәтижесінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.

245. Жалпы нәтижені егер кез келген сынақ түрі бойынша үлгілердің біреуі белгіленген нормалардан өзгеше 10 % артық төмендейтін, ал соққы тұтқырлығы бойынша 10 Дж/см2 (1 кгс м/см2) артық нәтиже берген болса, қанағаттанарлықсыз деп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет