18. Негізгі құралдарға не жатады?
А) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар
Б) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары
С) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар),құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар
Д) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты
19. Материалдық емес активтер дегеніміз не?
А) белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі.
Б) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдар жатады.
С) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың
Д) материалдық өндіріс саласында ұзақ уақыт ағымында (бір жылдан көп) қызмет ететін материалдық активтер.
20. Материалдық емес активтерге не жатады?
А) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты
Б) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары
С) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар),құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар
Д) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар
21. Айналым құралдары қалай жіктеледі?
А) өндірістік қорлар, тауарлар Б) өндірістік,айналымдағы
С) айналымдағы, материалдық Д) есеп айырысу қаражаты, материалдық өндіріс
22. Дебиторлық қарыз дегеніміз не?
А) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдардың сомасы
Б) кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтардың сомасы
С) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға тиесілі борыштардың сомасы
Д) қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында алынатын сомасы
Достарыңызбен бөлісу: |