Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы


"Кірістер" 6-бөлімінің шоттары



бет7/13
Дата01.11.2022
өлшемі46.19 Kb.
#463830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Типтік шоттрар жоспары.kaz

9. "Кірістер" 6-бөлімінің шоттары
47. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.
6 "Кірістер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 - "Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс";
6100 - "Қаржыландырудан алынатын кірістер";
6200 - "Басқа да кірістер";
6300 - "Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер";
6400 - "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі".
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" тобының шоттарына жабылады.

48. 6000 "Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс" кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.


Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 - "Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс", онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 - "Сатылған өнімді қайтару", онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 - "Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер", онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.

49. 6100 "Қаржыландырудан түсетін кіріс" кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.


Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 - "Сыйақылар бойынша кірістер", онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;
6120 - "Дивидендтер бойынша кірістер", онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 - "Қаржылық жалдау бойынша кірістер", онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 - "Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер", онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6150 - "Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
6160 - "Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер", онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

50. 6200 - "Басқа да кірістер" кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.


Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 - "Активтердің шығуынан алынатын кірістер", онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 - "Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер", онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 - "Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер", онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 - "Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер", онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6250 - "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер", онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
6260 - "Операциялық жалдаудан түсетін кірістер", онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6270 - "Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6280 - "Өзге кірістер", онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі:
шарттардың талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық айыптарынан алынатын кіріс;
түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;
келтірілген шығындарды өтеу;
қолданыстағы заңнамада белгіленген талап қою мерзімі өткен кредиторлық берешекті есептен шығарудан түсетін кіріс;
қалпына келтірілген бағалау міндеттемелерінің сомасы;
қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлық табыстар;
сақтандыру жағдайлары;
өзге кірістер.

51. 6300 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер" кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған.


6310 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер", онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.

52. 6400 "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі" кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін есепке алуға арналған.


Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6410 - "Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;
6420 - "Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардың пайда үлесі ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет