Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы


"Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары



бет9/13
Дата01.11.2022
өлшемі46.19 Kb.
#463830
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Типтік шоттрар жоспары.kaz

10. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары
62. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 - "Негізгі өндіріс";
8200 - "Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары";
8300 - "Көмекші өндірістер";
8400 - "Жүкқұжат шығыстары".

63. 8100 "Негізгі өндіріс" кіші бөлімі негізгі өндірістегі шығындарды есепке алуға арналған.


8110 - "Негізгі өндіріс", онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыс, тікелей негізгі өндірісте айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған үстеме шығыстар есепке алынады.

64. 8210 - "Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар", онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар ескеріледі;


8210 "Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар", онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар есепке алынады;

65. 8300 "Көмекші өндірістер" көмекші өндіріс шығындарын есепке алуға арналған.


8310 "Көмекші өндірістер", онда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты көмекші болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.

66. 8400 "Жүкқұжат шығыстары" кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған.


8410 - "Жүкқұжат шығыстары", онда негізгі және қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке өндірілген жартылай фабрикаттар бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп шоттарының


үлгілік жоспарына қосымша
1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер
1000 Ақша қаражаттары
1010 Кассадағы ақша қаражаты
1020 Жолдағы ақша қаражаты
1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
1040 Карт-шоттардағы ақша қаражаты
1050 Жинақ шоттарындағы қаражаты
1060 Өзге ақша қаражаты
1100 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар
1120 Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1130 Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар
1140 Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар
1150 Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
1240 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260 Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270 Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв
1300 Қорлар
1310 Шикізат және материалдар
1320 Дайын өнім
1330 Тауарлар
1340 Аяқталмаған өндіріс
1350 Өзге қорлар
1360 Қорларды есептен шығару бойынша резерв
1400 Ағымдағы салықтық активтер
1410 Корпорациялық табыс салығы
1420 Қосылған құн салығы
1430 Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
1500 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1510 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1520 Сатуға арналған істен шығатын топ
1600 Өзге қысқа мерзімді активтер
1610 Берілген қысқа мерзімді аванстар
1620 Алдағы кезеңдердің шығыстары
1630 Өзге қысқа мерзімді активтер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет