7. "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" 4-бөлімінің шоттары
33. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
4"Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
4000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер";
4100 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";
4200 - "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері";
4300 - "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер";
4400 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер".
34. 4000 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4010 - "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар", бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
4020 -"Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар", онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады;
4030 - "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
35. 4100 "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4110 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;
4120 - "Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4130 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4140 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
4150 - "Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
4160 - "Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар", мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;
4170 - "Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
36. 4200 "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері" кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 - "Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер", мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4220 - "Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4230 - "Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
4240 - "Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
37. 4300 "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер" кіші бөлімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есепке алуға арналған.
4310 "Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер", мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.
38. 4400 "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер" кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 - "Алынған ұзақ мерзімді аванстар", мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
4420 - "Алдағы кезеңдердің кірістері", мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;
4430 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |