125
Несие келісім шартына сәйкес,
банк онда келісілген соманы
кәсіпорынның есеп айырысу шотына жібереді де, несиені пайдалан-
ғаны үшін пайызды ұстап қалады.
Банк несиелерінің есебі № 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз»,
№4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыз» пассивті баланстық шоттарында
жүргізіледі. Кредиттік сальдо кәсіпорынның жабылмаған несиесі
бойынша қарыздың сомасын, дебет бойынша айналым, яғни есепті
кезеңдегі несиелер бойынша қарызды
жабу есебінен төленген
сомалар, кредит бойынша есепті кезеңде жаңадан алынған несиелер
бейнеленеді.
Несиені пайдаланғаны үшін пайыз құрылтай құжаттарындағы
сомасы белгіленген меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуші-
лігін толтыру үшін алынған жағдайда
ғана заңдармен бекітілген
мөлшерлеме шегінде кәсіпорын өнімнің өзіндік құнына енгізеді.
Одан артық мөлшердегі несиелер бойынша төлемдер пайданың есе-
бінен жіберіледі. Бұл жағдай есепті өткізуден тыс шығындар, яғни
негізгі емес қызметтен болған залалдар ретінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: