Буканова асель кайратовна



бет19/31
Дата29.02.2024
өлшемі7.27 Mb.
#493319
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp

Студентке бейіндік оқыту – бұл еркін білім беруге және оқуға ынталандыруды, білім алушының жеке басын дамытуды, білім алушыға ізгілікпен қарауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған жүйе. Ол білім алушыдан өзінің білім беру траекториясын құруда, оқу қарқынын, білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралдары мен тәсілдерін таңдауда белсенді және жауапты қатысушы болуды талап етеді [125, 126].
Метапәндік оқыту – білім алушыларға үлкен көлемдегі оқу пәндерін жалпыланған әдістер, тәсілдер, амалдар негізінде үйрену барысында ақпаратты өңдеу мен ұсыну жолдарын үйрету, сонымен қатар білім алушылар мен оқытушылардың әрекетін ұйымдастыру формаларын меңгертуді білдіреді. Оқушылардың нақты пәндік білімдері мен жеке пәндер шеңберіндегі дағдыларынан басқа, оқи білу білігі, жаңа әлеуметтік тәжірибені танымды және белсенді меңгеру арқылы тұлға ретінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру қабілетін де кілттік құзіреттілік ретінде санауға болады. Әрбір адамның өмірлік әрекетінің әмбебап әдісі ретінде метаәрекет метабілімдер мен метақабілеттерді меңгеру деңгейімен, яғни тұлғаның даму деңгейімен анықталады [127].
Мәселелік оқыту – оқытушы ұйымдастырған оқытудың мәселелік мазмұнымен белсенді өзара әрекеттесу тәсілі, оның барысында ол ғылыми білімнің объективті қарама-қайшылықтарына және оларды шешу әдістеріне қосылады. Ойлауға, білімді шығармашылықпен меңгеруге үйренеді. Мәселелік оқыту схемасы процедуралар тізбегі ретінде ұсынылған, оның ішінде: оқытушының оқу-проблемалық тапсырмасын қоюы, білім алушыларға проблемалық жағдай туғызуы; пайда болған мәселені білу, қабылдау және шешу, оның барысында олар жаңа білім алудың жалпылама жолдарын меңгереді; есептердің нақты жүйесін шешу үшін осы әдістерді қолдану [128].
Жобалық оқыту – дидактикалық жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін, ал Жоба әдісі жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, білімді интеграциялауды ғана емес, сонымен қатар жаңартылған білімді қолдануды, жаңа білім алуды қамтамасыз ететін педагогикалық технология ретінде қарастырылуы мүмкін. Оқыту міндеттерін кешенді шешу үшін әртүрлі әдістер қолданылады, соның ішінде шығармашылық жобаларды орындау, олардың мақсаты білім алушыларды идеяны әзірлеуден бастап оны жүзеге асыруға дейінгі трансформациялық қызмет процесіне қосу болып табылады [129].
Айта кету керек, білім беру ішінара қашықтықтан жүргізілетініне қарамастан, бұл модель дәстүрлі білім беру жүйесіне ұқсайды және трансляциялық сипатта болады: алдымен теория, концепциялар мен модельдер зерттеледі, содан кейін оларды практикалық қолдану. Шартты түрде «ілгері» деп аталатын төңкерілген оқытудың келесі моделі де екі кезеңнен тұрады – сыныпта және сыныптан тыс, олар – тапсырмалар деңгейін бірте-бірте күрделендіріп, іс-әрекетті кеңейтуді көздейді. Алдын ала дайындық барысында білім алушылар берілген тақырып бойынша ақпаратты өз бетінше іздейді, мақалалар оқиды, бейнероликтер көреді, шағын топтарда немесе жеке аудиторияға ұсынатын рефераттарды, пікірталасқа немесе дөңгелек үстелге сұрақтар дайындайды. Олар оқытушы мен басқа білім алушылардың жұмыс нәтижелерімен алдын ала танысып, сабаққа жақсы дайындалу мүмкіндігіне ие болу үшін, жұмыс нәтижелерін бірлескен электронды платформаға орналастырады. Осылайша әр білім алушының өзіндік жұмысы бақыланады.
«Төңкерілген сынып» технологиясы білімді жаңғырту және оны нақты белгіленген академиялық жағдайда қолдануға негізделген дәстүрлі бағалау процесін айтарлықтай өзгертеді. Технологияның әртүрлі үлгілері білім алушылардың алдында тұрған міндеттерге байланысты білімін бақылауға арналған формалардың кеңірек арсеналын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпаратты оқытушы бермей, оны білім алушылардың өздері табуы қажет болған жағдайда ақпаратты іздеуде қолданылатын тәсілдер, сонымен қатар ақпараттың сапасы да бағаланады.
Төңкерілген оқыту білім алушылардың деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың көлемі мен күрделілігін біртіндеп арттыруға және ақпараттық технологияның арқасында сыныптан тыс жұмыстың әрбір кезеңінде бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың меңгеруі тиіс ақпараттың еселеп көбейетінін ескерсек, төңкерілген оқыту мақсатқа жетудің тиімді әдісіне айналады, өйткені саныптағы уақыт тең болған кезде білім алушы сапалы өзіндік жұмысын жасау барысында, әлдеқайда көп теориялық ақпарат пен практикалық дағдыларды алады. Осы ретте білім алушы оқу материалын бірнеше рет қайталап немесе қайта оқи алады, өзіне ыңғайлы қарқынмен, ыңғайлы жерде жұмыс істей алады, оқытушыға сұрақ құрастырып, жібере алады.
«Төңкерілген сынып» оқыту моделінің тиімділігін ескере отырып, біз өз жұмысымызда оны пайдалануды жөн көрдік. Осы модель негізінде «Төңкерілген оқулық» жасап, оны білім алушыларға пайдалануға ұсындық.
Төңкерілген оқулық негізінде жасалған электрондық оқу құралы Tilda ортасында жасалған. Бұл орта арнайы бағдарламалау тілдерін меңгермей, мазмұнға бағытталған жобаларды жасауға және жариялауға, оның ішінде: веб-сайттар, интерактивті мақалалар, оқу курстарын, фото альбомдар, портфолиолар және т.б. құруға мүмкіндік береді. Орта – үнемі дамып келе жатқан және веб-дамудың жаңа құралдарын енгізетін маңызды функционалдылық пен мүмкіндіктері бар платформа.
Аталған оқу құралын көрсетілген сілтеме арқылы көруге болады: http://history-of-informatics.tilda.ws. Онымен төменде көрсетілген суреттер арқылы таныстырып өтейік.
Төмендегі 5-суретте оқулықтың бастапқы беті көрсетілген.



Сурет 5 – Электрондық оқулықтың бастапқы беті


Жоғарыда 5-суретте көрсетілгендей, бастапқы бет «Тақырыптар», «Әдебиеттер», «Пайдаланушыға нұсқаулық» қосымшаларынан тұрады. Әр қосымшаға жеке-жеке тоқталып өтейік. «Тақырыптар» қосымшасы төмендегi 6-суретте көрсетілген.





Сурет 6 – «Тақырыптар» қосымшасы


Мұнда «Информатика тарихы» курсы бойынша қамтылған тақырыптар шеңберінде дәрістер материалы берілген. Әр тақырыпқа дәрістердің бейне роликтерін 7, 8 суретте берілген.





Сурет 7 –Тақырып бойынша 1 дәріс қосымшасы





Сурет 8 –Тақырып бойынша 8 дәріс қосымшасы


Тақырып бойынша дәріс бейне жазбасымен қатар, дәріс сабағына арнайы қарастырылатын сұрақтар берілген. Әр дәріске қатысты семинар сабағының тапсырмалары бөлек «Тапсырмалар» қосымшасында берілген. Оны төмендегі 9-суретте көрсеттік.



Сурет 9 – Тапсырмалар қосымшасы


9-суретте көрсетілгендей тапсырмалар 3 деңгейде жасалған, яғни білім алушы өз қалауымен, алатын бағаға қарай, кез келген деңгейдегі тапсырманы орындауға таңдау жасауына болады. Осы қосымшада орындалған тапсырманы жүктеуге арнайы батырма қарастырылған, яғни білім алушы орындаған тапсырмасын бірден жүктеуіне болады. Тапсырмалар деңгей бойынша 10-суретте көрсетілген.





Сурет 10 – Деңгей бойынша тапсырмалар


Электрондық оқыту құралында қолданылатын цифрлық білім беру технологиялар сілтемесі арқылы өтіп, практикалық тапсырламаларды жасауға болады (11-сурет). Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар (Қосымша Ә)-де берілген.



Сурет 11 – Уақыт лентасы мен ментальды карталар


Тақырып бойынша «Уақыт лентасы» қосымшасына тоқталып өтейік. «Уақыт лентасы», «Ментальды карталар» дәріс сабағын пысықтауға арналған құрал. Білім алушының ментальды ойлауын дамытуға ментальды карталардың орнын ерекше атап өтуге болады [130]. Ол 12-суретте көрсетілген.





Сурет 12 – Уақыт лентасы


Жоғарыда көрсетілген уақыт лентасы time graphics-те жасалған. Уақыт лентасы, менталды карталар теориялық материал негізінде құрылған. Олардың көмегімен өтілген тақырып бойынша алынған білімдерін қорытындылауға және хронологиялық түрде еске сақтауға үлкен септігін тигізеді.


Келесі кезекте, басты беттегі «Әдебиеттер» қосымшасы төменде 13-суретте көрсетілген.



Сурет 13 – «Әдебиеттер» қосымшасы


«Әдебиеттер» қосымшасында «Информатика тарихы» курсына пайдаланылған әдебиеттер берілген. Әдебиеттер кезең бойынша 3-ке бөлінген, яғни 1986-2006, 2006-2016, 2016-2021. Тізімі QR арқылы ашылады.


Бастапқы бетте «Пайдаланушыға нұсқаулық» қосымшасы туралы айтып өтейік. Бұл қосымшада білім алушыларға арнайы электронды оқу құралы жайлы, қандай қосымшалардан тұратыны, тапсырмаларды орындау, әдебиеттер тізімін пайдалану жайында жазылған. Төмендегі 14-суретте берілген.

Сурет 14 – Пайдаланушыға нұсқаулық қосымшасы


Қорыта келе, әзірленген электронды оқу құралы жоғарыда айтылып өткендей «Төңкерілген сынып» негізінде жасалған. Эксперимент барысында оқу құралы эксперименталды топқа беріліп, осы негізде оқытылды. Білім алушылар әр дәріске дейін бейне дәріспен танысып, дәріске арналған сұрақтарын дайындап, тақырыпқа байланысты жаңа ақпарат іздеп, өзіндік жұмыстар жасады.


Қазір ЖОО-да оқыту процесінің электрондық оқыту құралдары, оқу орнының ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқару ісі мен сабақтан тыс өткізетін жұмыстарын біртұтас ақпараттық білім ортасына біріктіруге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл зерттеулердің негізгі принципі жоғары кәсіби білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың теориясын, әдістемесін және практикасын толық есепке алу болып табылады. ЖОО-ның ақпараттық білім беру ортасы алдыңғы қатардағы цифрлық білім беру технологиялар негізінде құрастырылу қажет. Ал, өз кезегінде бұл құралдар педагог мамандарды дайындау мәселесіне елеулі әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет