10 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағи-
дасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары. Құқықтық
мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық-
тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне
құқық бұзушы-
лықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен
мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мəнін қарастыруда оның негізгі екі
жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы – адам
мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден,
тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан кө-
рінеді;
2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен бай-
ланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін
құқықтық шектеу
режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да
жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны
заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық
конституциялық тəртіптерді сақтай
отырып қабылданған заң
атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі
жəне тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары
деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы жəне
тарапынан құқық субъек-
тілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
Достарыңызбен бөлісу: